Оқытудың ақпараттық технологиясы
- Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).
- «Ақпараттық технология» терминін академик В.М.Глушков енгізген. В.Глушковтың анықтауынша, «Ақпараттық технологиялар» ақпаратты өңдеумен байланысты процестер болып табылады. Ал, білім беруде компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың ақпараттық технологиялары ұғымы пайда болды.
Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «студенттерді ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады.
- Қашықтықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері, білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады.
Қашықтықтан оқыту
Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқытудың 2 технологиясы пайдаланады:
1 - желілік технология – Интернет арқылы оқу. Университеттің білім беру порталында студенттер электрондық курстарға тіркеледі, ондағы бар материалды дәрістер және басқа оқу қорлары бойынша оқиды. Сосын автоматты түрде тестіленеді немесе тапсырмалар орындайды. Оқытушы, тапсырманы тексеріп, пікір жазып, баға қояды.
2 - кейстік технология, студентке оқу-әдістемелік кейс, яғни семестрге барлық материалдар мен тапсырмалар беріледі, ол тапсырмаларды орындап, график бойынша оқытушыға жіберіп отырады.
Қашықтықтан оқыту
Синхронды
Асинхронды
Синхронды оқыту
Синхронды оқыту - бұл онлайн режимінде немесе қашықтықтан оқыту Синхронды оқыту арқылы оқушылар жедел хабар алмасу арқылы курстастарынан немесе мұғалімдерінен кері байланыс алады.
Асинхронды оқыту
Асинхронды оқыту онлайн-арналар арқылы нақты уақыт режимінде байланыссыз жүреді. Бірақ асинхронды оқыту басқа студенттер мен оқытушылардан кері байланыс алатын оқушылардың өзара әрекеттесу түріне мүмкіндік бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |