«Даму психологиясы»
пәні бойынша магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің
ТЕСТ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
(2020 жылдан бастап қолдану үшін бекітілген)
1. Мақсаты: Қазақстан Республикасы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуды жалғастыра алу қабілетін анықтау.
2. Міндеті: Келесі білім беру бағдарламалары тобы үшін түсушінің білім деңгейін анықтау:
М066 – Психология
Шифр білім беру бағдармалар тобы
3. Тест мазмұны: Тестіге «Даму психологиясы» пәні бойынша типтік оқу жоспары негізіндегі оқу материалы келесі бөлімдер түрінде енгізілген. Тапсырмалар оқыту тілінде (қазақша) ұсынылған.
№
|
Тақырыптың мазмұны
|
Қиындық деңгейі
|
Тапсыр
малар саны
|
1
|
Даму психологиясының пәні, міндеттері және зерттеу әдістері
|
А
|
2
|
2
|
Психикалық дамудың теориялары
|
А
|
2
|
3
|
Психикалық дамудың заңдылықтары
|
А
|
2
|
4
|
Нәресте психологиясы (туылғаннан бір жасқа дейін)
|
В
|
2
|
5
|
Ерте балалық шақтағы баланың физикалық және психикалық дамуы
|
В
|
2
|
6
|
Мектепке дейінгі жастағы психикалық дамудың жалпы сипаттамасы
|
В
|
2
|
7
|
Бастауыш мектеп жасындағы баланың дамуы
|
В
|
2
|
8
|
Жас өспірімдік кезеңінің психологиялық ерекшеліктері
|
С
|
2
|
9
|
Ерте жастық шақ психологиясы
|
С
|
2
|
10
|
Ерте кемелденудің психологиялық ерекшеліктері (20-тан 40 жасқа дейін)
|
С
|
2
|
Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
|
20
|
4. Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Тест тапсырмалары мазмұнында даму психологиясының теория ғылымының негіздері, теориялары, терминологиясы сипатталады.
5. Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Бір тапсырманы орындау уақыты – 2,5 минут.
Тест орындалуының жалпы уақыты – 50 минут.
6. Тестiнiң бiр нұсқасындағы тапсырмалар саны:
Тестінің бір нұсқасында – 20 тапсырма.
Қиындық деңгейі бойынша тест тапсырмаларының бөлінуі:
жеңіл (A) – 6 тапсырма (30%);
орташа (B) – 8 тапсырма (40%);
қиын (C) – 6 тапсырма (30%).
7. Тапсырма формасы:
Тест тапсырмалары берілген жауаптар нұсқасының ішінен бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдауды қажет ететін жабық формада ұсынылған.
8. Тапсырманың орындалуын бағалау:
Үміткер тест тапсырмаларында берілген жауап ңұсқаларынан дұрыс жауаптың барлығын белгілеп, толық жауап беруі керек. Толық жауапты таңдаған жағдайда үміткер 2 балл жинайды. Жіберілген бір қате үшін 1 балл, екі немесе одан көп қате жауап үшін үміткерге 0 балл беріледі. Үміткер дұрыс емес жауапты таңдаса немесе дұрыс жауапты таңдамаса қате болып есептеледі.
9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
Жұбаназарова Н.С. Жас ерекшелік психологиясы. Оқулық. «Қазақ университеті» 2014 ж.
Бапаева М.Қ. Даму психологиясы. Оқулық -Алматы. 2014. – 440 б.
Кударова Н.А. Даму психологиясы. Әдістемелік құрал – Павлодар. 2012. – 74 б.
Сатиева Ш.С. Даму психологиясы. Оқулық –Семей. 2007. – 195 б.
Достарыңызбен бөлісу: |