001
Дара бастауышы бар сөйлемді анықтаңыз.
A)Менің айтып отырғаным – ақыл.
B)Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығында орналасқан.
C)Астанада жаңа елшілік ашылды.
D)Қазақ халқы табиғатынан шешен халық.
E)Үй іші ұзақ жым-жырт болды.
002
Анықтауышы бар сөйлемді анықтаңыз.
A)Ол кітапты көп оқиды.
B)Отан отбасынан басталады.
C)Шымкент пен Тараз оңтүстікте.
D)Түркістанға автобуспен баруға болады.
E)Таңғажайып табиғаты бар ел.
003
Толықтауышы бар сөйлемді табыңыз.
A)Ғарыш ғылымының пайдасы бар.
B)Сусыз өмір жоқ.
C)Қазақстанның көлдері ластанып жатыр.
D)Жер бетінде таза су ресурстары көп емес.
E)Табиғатты қорғауды өзіңнен баста.
004
Асты сызылған сөздің қандай сөйлем мүшесі екенін анықтаңыз.
Сарыарқа - Қазақстандағы түсті металдардың үлкен қоймасы.
A)Баяндауыш.
B)Бастауыш.
C)Пысықтауыш.
D)Анықтауыш.
E)Толықтауыш.
005
Сөйлемнен тура толықтауышты табыңыз.
Адал бала өзінің анасын ұмытпайды.
A)Анасын.
B)Ұмытпайды.
C)Адал.
D)Өзінің.
E)Бала.
006
Мезгіл пысықтауыштың сұрағын белгілеңіз.
A)Не үшін?
B)Не себепті?
C)Қайда?
D)Не мақсатпен?
E)Қашан?
007
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесін көрсетіңіз.
A)Бастауыш.
B)Анықтауыш.
C)Жалпылауыш.
D)Баяндауыш.
E)Айқындауыш.
008
Кімнің? сұрағына жауап беретін тұрлаусыз мүшені көрсетіңіз.
A)Пысықтауыш.
B)Толықтауыш.
C)Баяндауыш.
D)Бастауыш.
E)Анықтауыш.
009
Жайылма сөйлемді көрсетіңіз.
A)Қалың қар.
B)Қар қалың жауды.
C)Қар жауды.
D)Қарлы тау.
E)Қар жауып тұр.
010
Сөйлем мүшелері толық қатысқан сөйлемнің түрін анықтаңыз.
A)Жақсыз сөйлем.
B)Атаулы сөйлем.
C)Толымсыз сөйлем.
D)Жалаң сөйлем.
E)Толымды сөйлем.
011
Жалғау арқылы байланысқан тіркесті көрсетіңіз.
A)Сегізінші сынып.
B)Оқу үшін келді.
C)Қызыл кітап.
D)Үйге келсем.
E)Келе жатыр.
012
Жақты сөйлемді табыңыз.
A)Оның бүгін келуі мүмкін.
B)Менің бұл сөзге қосылғым келмеді.
C)Біздің ашық сөйлесуіміз керек.
D)Ауа райы салқындай бастады.
E)Олардың бұл араға қонғысы келмеді.
013
Жай сөйлемнің айтылу мақсатына қарай неше түрі бар екенін көрсетіңіз.
A)2.
B)3.
C)5.
D)4.
E)6.
014
Жақсыз сөйлемді табыңыз.
A)Айтқан уәдесін орындады.
B)Бұны білмеуіміз мүмкін.
C)Уәде берсең, орында.
D)Айту – менің парызым.
E)Тізім бойынша тексерілді.
015
Жақты сөйлемді көрсетіңіз.
A)Тізім бойынша тексерілді.
B)Ертерек ұйықтағысы келді.
C)Сапаны көтеруіміз керек.
D)Ойланбай сөйлеуге болмайды.
E)Бұны білмеуіміз мүмкін.
016
Атаулы сөйлемнің белгісін табыңыз.
A)Ойға қатысты мезгілдің, мекеннің аты аталатын сөйлем.
B)Тұрлаусыз мүшелер де қатысқан сөйлем.
C)Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлем.
D)Баяндауыш арқылы бастауышты табуға болатын сөйлем.
E)Ойға қатысты мүшелері толық айтылған сөйлем.
017
Себеп-салдар салаластың шылауын табыңыз.
A)не, немесе.
B)және, әрі.
C)өйткені, себебі.
D)бірде, біресе.
E)бірақ, дегенмен.
018
Салалас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.
A)Мезгіл.
B)Шартты.
C)Мақсат.
D)Мекен.
E)Қарсылықты.
019
Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем жалғаулығын анықтаңыз.
A)Себебі.
B)Немесе.
C)Әлде.
D)Және.
E)Сөйтсе.
020
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем жалғаулықтарын анықтаңыз.
A)Сөйтсе де, әйтсе де.
B)Сол үшін, себебі.
C)Жалғаулығы жоқ.
D)Әйтпесе, немесе.
E)Өйткені, себебі.
021
Сабақтас құрмалас сөйлем қандай сөйлемдерден тұратынын анықтаңыз.
A)Бұйрықты, сұраулы.
B)Бағыныңқы, басыңқы.
C)Жай, күрделі.
D)Сұраулы, лепті.
E)Лепті, хабарлы.
022
Сабақтас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.
Мұғалім айтқанда, ол жазады.
A)Қимыл-сын бағыныңқы.
B)Шартты бағыныңқы.
C)Себеп бағыныңқы.
D)Мезгіл бағыныңқы.
E)Мақсат бағыныңқы.
023
Сабақтас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз.
Мұғалім айтқан кезде, ол жаза бастады.
A)Мезгіл.
B)Шартты.
C)Қимыл-сын.
D)Қарсылықты.
E)Мақсат.
024
Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
A)Не ексең, соны орасың.
B)Сабақ ерте басталғандықтан, ерте аяқталды.
C)Күз келсе де, жаңбыр жаумады.
D)Ол көп уайымдап, үйге келді.
E)Сабақ өте ерте басталды.
025
Растау мағынасын білдіретін қыстырма сөзді көрсетіңіз.
A)Амал қанша.
B)Меніңше.
C)Шынында.
D)Біріншіден.
E)Сірә.
026
Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді сөйлемді анықтаңыз.
A)Балам-ай, теледидардың алдында, ұйықтап қалыпсың ғой.
B)Балам-ай теледидардың алдында ұйықтап, қалыпсың ғой.
C)Балам-ай, теледидардың алдында ұйықтап қалыпсың ғой.
D)Балам-ай теледидардың, алдында ұйықтап қалыпсың ғой.
E)Балам-ай теледидардың алдында ұйықтап қалыпсың ғой.
027
Қыстырма сөзден кейін қойылатын тыныс белгісін көрсетіңіз.
Шындығында ол – аса талантты әрі іскер адам.
A)Үтір және сызықша.
B)Үтір.
C)Қос нүкте.
D)Сызықша және қос нүкте.
E)Нүкте.
028
Қыстырма сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.
A)Табиғат – алтын бесік.
B)Астана – жаңа қала.
C)Шындығында, ол аса талантты әрі іскер адам.
D)Мектеп оқушылары серуенге шықты.
E)Бүгін ауа-райы салқын болып тұр.
029
Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді сөйлемді табыңыз.
A)Әй, әже-ай түске дейін демалсаңызшы!
B)Мен білсем, Мұхтар бүгін келеді.
C)Уәде бердің інім, енді орындайтын бол.
D)Бұл ғылымға қызыққан, сіңлім сен ғана емессің.
E)Спортпен айналысу – денсаулықтың кепілі, балам.
030
Қаратпа сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
A)Қазір бері қараңыздар!
B)Ой, сен қашан келдің?
C)Сірә, мен шаршаған шығармын.
D)Апа, сізге көмектесейін.
E)Шіркін, уақыт тез өтсе ғой.
031
Қаратпа сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
A)Паһ, шіркін, қандай әдемі!
B)Қане, бері қарап отыр.
C)Бағыма қарай, оңай болды.
D)Бәрекелді, құтты болсын!
E)Айна, тез жұмысыңды аяқта!
032
Қаратпа сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
A)Сөз өнерін, ән өнерін қатты құрметтеймін.
B)Ертең болатын концертке билет алдым.
C)Жас дарындар, кездесуге келіңіздер.
D)Әлбетте, өнер жарысына қатысу керек.
E)Алақай, футболдан біз жеңдік.
Достарыңызбен бөлісу: |