Зерттеу жұмысымның мақсаты:
«Табиғи дарындылығы, қабілеті бар оқушыларды анықтап, шығармашылық қабілеттерін дамытып, потенциалды қабілеттерін жүзеге асыруға қолдау жасау»
Міндеттері:
1. Дарынды балалармен жұмыста педагогтарды нормативтік – құқықтық құжаттармен қамтамасыз ету;
2. Мектеп оқушылары арасынан табиғи қабілетті оқушыларды анықтау және сол оқушылардың арасынан дарынды оқушыларды шығару;
3. Мектептің білім беру ортасында дарынды және қабілетті балалардың дамуына жағдай жасау;
4. Дарынды балаларды дамыту және оларға қолдау көрсету. Білімдерін көрсету үшін әртүрлі пән олимпиадаларына, ғылыми жоба қорғау сайыстарына, интеллектуалды, шығармашылық сайыстарға қатыстыру.
5.Дарынды, қабілетті оқушылардың өзіндік ойлауларын, шығармашылықтары мен белсенділіктерін дамыту және ынтасын арттыру мақсатында оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді, инновациялық технологияларды жүйелі қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |