1-кезең – дайындық
Мақсаты:
Мектепте дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау.
Міндеттері:
- Нормативті негізді үйрену.
- Дарынды оқушылармен жұмыс жасауды жоспарлау.
- Міндеттерді үйлестіру
- Жұмысты іске асырудың материалды-техникалық, педагогикалық шарттарын талдау.
Дарынды және талантты оқушылар біртекті топ емес, олардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие екенін есте ұстау керек. Дегенмен топ жағдайында дарынды және талантты оқушылар санатын қарастыру кезінде олардың бірқатар ортақ сипаттамаларын көруге болады. Кейбір оқушылар бірқатар салада осындай қасиеттерінің бар екендігін көрсете біледі, ал дәл осы кезде басқалары – тек бір ғана салада көрсете алады. Дарынды оқушылардың көпшілігінде осындай мінез неғұрлым көрініп тұрады әрі қарқында болуы мүмкін. Дарынды және талантты оқушыларды әрқашанда мінез-құлқы бойынша бірден табу мүмкін емес, өйткені кейде олардың айрықша қабілеттілігі айқын болмайды. Кейбір оқушылардың дарындылығы обьективтік себептердің әсерінен көрінбеуі де мүмкін, болмаса оларда әлі өз қабілеттерін көрсету мүмкіндігі болған жоқ шығар. Ал қалғандары әртүрлі себептер бойынша үлгере алмайтындардың санатына жатуы немесе өз дарындылығын әдейі жасырып жүруі де мүмкін. Енді кейбір дарынды және талантты оқушылар оқуда қиындық көруі мүмкін, бұл олардың шынайы қабілеттерінің көрінуіне кедергі болады.
Жас дарынды іздеуде балаларға ғана емес, ата-аналар мен педагогтарға бағытталған шаралар кешенін (медико-психологиялық, педагогикалық) негізгі жол деп тануға болады. Балаларды таңдаудың әртүрлі әдістерін қолдану да және алдағы уақытта олардың жетістіктерін үздіксіз қадағалау да маңызды. Дарынды балаларды шығарудың бірінші сатысында баланың ата-анадан және педагогтан келетін белгілі бір әрекеттегі жоғарғы жетістігі есепке алынады. Сонымен қатар топтық тестілеу мен әлеуметтік сұрақ-жауап парақтарының нәтижелері де қолданылуы мүмкін. Бұл балалар ортасын тереңірек дербес зерттеу үшін мүмкіндік жасайды.
Екінші сатысында оқушылардың дарындылығы мен таланттылығын анықтау үшін сауатты түрде диагностикалау жұмысы жүргізіледі. Бұл жұмысқа төмендегідей тұлғалар қатысады.
Бұл кезеңде баланың шығармашылық мүмкіндігі мен психолог маман көрсеткен психикалық ерекшеліктерін жекелеп бағалау сатысы жүргізіледі. Бірінші кезеңнің нәтижесіне байланысты бала әлеуетті мүмкіндіктердің сол немесе басқа артықтау көрінетін нұсқаларына қатысты психологиялық тесттермен тексеріледі. Бала интеллектуалды ортаның жақсырақ дамуында ой өткірлігімен, білімқұмарлығы және қиналмай оқитындығымен дараланады, тәжірибелі ептілігін көрсетеді. Мұндай жағдайда бәрінен бұрын дарынды балалардағы когнитивті және сөздік параметрлердің мағынасына бағытталған әдіс-тәсілдер қолданылады (мысалы, Векслер әдістемесі, Стайфориненің парасат шкаласы және т.б.)
Дарынды балаларды анықтау үшін психолог А.И.Савенков бойынша «Дарындылық картасы» әдістемесі жүргізіледі. Бұл әдістеме арқылы балалардың дарындылық түрлері анықталады:
Интеллектуалды
Академиялық
Шығармашылық
Әдеби
Әртістік
Музыкалық
Спорттық
Көшбасшылық
Көркем-бейнелеу
Техникалық
Дарынды балалардың ерекше қабілеттіліктері анықталып, алынған қорытындыға сәйкес жоспарлы түрде жүйелі жұмыс жүргізіледі. Сондықтан да психолог маманның жұмысы тек жалпы зияткерлік даму деңгейін анықтау ғана емес, ойлау қабілетінің басымдау жағын бағалау болып келеді (Стенфордтың жетістік тесті).
Шығармашыл және өндірісті ойлы балалар тәуелсіздігімен, өзін-өзі ұстау тәртібімен, өзіндік ойлау қабілетімен, әркелкі шешім табуымен, өнертапқыштығымен ерекшеленеді. Олардың шығуы бәрінен бұрын балалардың шығармашылыққа икемділігі (Торренс тесті) мен жекелеген мінездемесінің бағасын қарастырады (Аизенка, Личко сауалнамасы, Люшер тесті және т.б.).
Психолог дарынды балаларды психологиялық тұрақтылық пен психореттілік дағдыларын сақтай білуге үйретеді, әлеуметтік маңызы бар ортаға (жанұяда, қатарластар арасында, ұстаздар ортасында) бейімделуін қалыптастырады; олардың психо-педагогикалық дайындық деңгейін жоғарылататын бағытта мұғаліммен дербес жұмыс жасауын ұйымдастырады.
Дарынды және талантты балаларды зерттеу әдістері:
- сауалнама ұйымдастыру;
- психологиялық бақылау жасау;
- арнайы психологиялық әдістемелер жүргізу
- балалардың шығармашылық жұмысының нәтижелерін мамандар тарапынан сараптау
- психодиагностикалық зерттеу жүргізу
- психологиялық тренингтер ұйымдастыру
Достарыңызбен бөлісу: |