Дарынды және талантты оқушыларды айқындау және дамытуды ұйымдастыру жолдары



бет7/9
Дата14.12.2021
өлшемі333,5 Kb.
#127350
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дарынды балаларды окыту
Пирог түрлері, 4 практикалық сабағы, 4 практикалық сабағы, Бақылау сұрақтары 8, 01.11.21.ЭССЕ, 01.11.21.ЭССЕ, жаңасы 1-2тарау мол-физ
II кезең – сараптамалық кезең

Мақсаты:

Дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтау мақсатында жүргізілген жұмыстарға сараптама жасау және жұмыс формаларын ұйымдастыру

Дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдер мен сынып жетекшілер оқушылардың қабілетін дамыту үшін жұмыстың қалыпты аспектілері, мәселелері міндетті түрде көрсетілетін, мәселенің құрылуы бойынша жұмыс жоспарын жасайды.

Түрлі жүргізілген әдістердің нәтижесінде төмендегідей қорытынды жасалынды:

№249 мектеп – лицей бойынша дарынды оқушылардың қабілеттілік деңгейінің сандық көрсеткіші

2014-2015 оқу жылында №249 мектеп-лицейде А.И.Савенковтың «Дарындылық картасы» әдістемесінің нәтижесі




Е.Е.Туниктің дарындылықты анықтау негізіндегі шығармашылық ойлауды зерттеу

Р\с

Оқушының аты - жөні

Сыныбы

Шығармашылық ойлаудың көрсеткіштері

1

Шалабай Жантөре



Көрнекі – бейнелік ойлайды, ойы жүйрік, жеңіл, өнімді, даралығы байқалады.Ойдың нақтылығы шығармашылық ойлаудың логикалығын, дұрыс шешім таба білетіндігі,түрлі идеялар тудыру және соның негізінде ерекше бір жаңа нәрсені құру тән.Өте жақсы коммуникатор,өте жоғары сезімталдығымен дараланады.

2

Мақсатұлы Нұрзат



Сөздік шығармашылық ойлауы дамыған, «Сол жақ жарты шарлы» ойлаумен және ситуацияны терең,әрі тез талдауға қабілеттілігімен сипатталады.

3

Мылтықбай Ербол



Ойы жүйрік шығармашылық ойлауда жеңілдігі, икемділігі, өнімділігі, ойының даралығын, шығармашылық ойлаудың логикалығын, бірдейлігін білдіреді. «Сол жақ жарты шарлы» ойлаумен және ситуацияны терең,әрі тез талдауға қабілетті.

4

Арманов Қажымұқан



«Оң жақ жарты шар» ойшылы, ойлауы өте бейнелі, итуитивті, эмоционалды боялған. Сөздік – шығармашылық ойлауы, көрнекі–бейнелік ойлауы дамыған. Ойының үйріктігі, икемділігі, даралығы өнімділігі,нақтылығы байқалды. Шығармашылық ойлауда логикалық, дұрыс шешім таба біледі.

Дарынды оқушымен жұмыс істейтін мұғалімдердің бейімділігіне тестілеу жүргізілді. Қорытындысында мұғалімдердің дарынды балалармен жұмыс жасау қабілеттерінің өлшемі анықталды. Дарынды және талантты оқушылармен шығармашылық жұмыс жүргізу потенциалы жоғары, осы жұмысты жүйелі жүргізетін, интеллектуалдық үрдісте қабілет белсенділігі жоғары мұғалімдер белгілі болды. Осы мұғалімдердің дарынды және талантты оқушылармен жұмыс жасау қабілетін әрі қарай дамыту мақсатында психологиялық-педагогикалық семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылды.

Психолог оқушылардың дарындылығын анықтау барысында төмендегідей параметрлер бойынша сынып жетекшісімен бірлесе отырып, зерттеу жүргізу барысында ата-аналарға дарындылықты бағалау парағы толтырылды. Нәтижесінде 0-5 ке дейінгі бағамен бағалау бойынша төмендегідей көрсеткіш көрсетілді.

Кесте-1. Оқушылардың дарындылығын бағалау картасы.

(ата-ана көзқарасымен)



Сапасы

Бағасы

1

Білімпаздық

«5» «4» «3» «2» «1» «0»

2

Туындаған мәселелерге аса сезімталдық

«5» «4» «3» «2» «1» «0»

3

Болжай жасай алу қабілеті

«5» «4» «3» «2» «1» «0»

4

Сөздік қоры

«5» «4» «3» «2» «1» «0»

5

Бағалау қабілеттілігі

«5» «4» «3» «2» «1» «0»

6

Өнертапқыштық

«5» «4» «3» «2» «1» «0»

7

Логикалық ойлау мен тұжырымдау қабілеттілігі

«5» «4» «3» «2» «1» «0»

8

Табандылық

«5» «4» «3» «2» «1» «0»

9

Перфекционизм

«5» «4» «3» «2» «1» «0»

Оқушының дарындылығын анықтау мақсатында және оларға қолдау көрсету мақсатында мектеп-лицейімізде К.Б.Мергенбайдың жетекшілігімен «Таланттылар Академиясы» атты дарынды балаларды қолдау орталығы ашылды. Бұл орталық мектеп-лицей психологтарымен, сынып жетекшілерімен, пән мұғалімдерімен және оқушылармен тығыз байланыста жұмыс атқарады .



К.Д.Ушинскийдің тұжырымына сәйкес әрбір оқушыны жан-жақты зерттеу жүргізілді. Соған сәйкес дарындылықты психодиагностикалау деңгейін анықтау бағдарламасы жасалынады.

2-кесте. Дарындылықты психодиагностикалау деңгейін анықтау бағдарламасы





Деңгей

Сипаттамасы

1

2

3

1

Анықтау деңгейі

Бала туралы алғашқы мәліметтер жинақталады. Бұл жерде мәліметтер педагог-психологтардан, педагогтардан, ата-аналар мен балалардан жинақталады.

  • Педагог-психологтарға ұсынылатын

  • Айзенк бойынша дарындылықты анықтау әдістемесі

  • “Дарындылық картасы” әдістемесі (Савенков)

  • Джонс креативтілігі сұрақнамасы

  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің диагностикасы

  • Оқу мотивін анықтау сұрақнамасы

  • Баланың профильдік қызығушылығын анықтау әдістемесі

  • Жалпы дарындылықты анықтау әдістемесі ( ата аналарға сауалнама)

  • Кім неге бейім? әдістемесі

2

Бағалау-коррекциялық кезең

Бұл кезеңде алынған алғашқы мәліметтердің нақтылауға бағытталады. Бұл жерде тренингтік әдістер пайдалану ұсынылады.

3

Өзіндік бағалау кезеңі

Балаға өзбетінше жұмыс жасау үшін тапсырмалар ұсынылады.

4

Қорытынды таңдап алу кезеңі

Бұл кезеңде баланы зерттеу барысындағы мәліметтер жинақталып, дарынды балалар іріктеледі.

Осындай көптеген әдістердің нәтижесінде оқушы өз бетімен жеке жұмыс жүргізеді, зерттейді, салыстырады, жаңа ұғымдарды ғылыми негізде меңгереді. Осының нәтижесінде оқушы ғылыми негізде сабақ айтуға, және өз ойын жаңа негізде тұжырымдауға талпынады.

Қарым-қатынас пен көшбасшылықта байланысқа түсе алу артықшылығы, талап қойғыштығы бар балалар ынталығымен, жоғары ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленеді, оларды әдетте ойын мен сабақта басты рөлге оңай таңдайды, олар өздерін қатарластары мен үлкендер арасында сенімді сезінеді. Бұл жағдайда жекелеген әдістемелер мен социометрия көмектеседі.

Көптеген балалар белгілі бір ортада  ғана емес, бірнеше салада дарындылықтың жоғары деңгейін танытып жатады. Педагог және психологтардың міндеті бұларды шығарумен ғана шектелмей, оларды іске асыруы және дамытуы қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет