Эксперименттік бағыт:
Білім беру процесіне оқушылардың рухани зияткерлік және шығармашылық дағдысын дамыту мен қолдауға, шығаруға бағытталған дамыту формаларын және оқыту әдістерін енгізу.
Интернет білім беру желісін қолдану арқылы оқытуды ұйымдастыру.
Дарынды балалардың ата-аналарымен олардың психо-педагогикалық құзіреттілігін арттыру мақсатында қабілетті және дарынды балаларды тәрбиелеуге көмек көрсету үшін жұмыс жасауды ұйымдастыру.
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың негізгі қағидалары:
- Жеке тұлғаның дамуына әртүрлі мүмкіндіктер беру;
- Оза және дамыта оқыту;
- Жекелей және саралай оқыту принципін қолдану;
- Кез келген жағдайды өзін еркін және қолайлы сезінуіне жағдай жасау;
- Оқушылардың бірлесе отырып жұмыс жасауына жағдай жасау;
- Оқушылардың қызығушылықтары мен бейіміне қарай қосымша курсты таңдау құқығын беру;
- Сыныптан тыс әрекеттің рөлін арттыру;
- Төзімді болу;
-Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақатастырылған жұмыстың нәтижелілігі.
Пассов әртүрлі жастағы дарынды және талантты балаларға сәйкес арнайы оқу бағдарламасының 7 принципін ұсынды.
1. Оқу бағдарламасының мазмұны ой құрылымымен білімді ықпалдастыратын маңыздырақ мәселелерді, ойлар мен тақырыптарды ұзақ, тереңірек үйретуді қарастыруы қажет.
2. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы өндірістік ойлаудың дамуын қарастыруы керек, сонымен қатар ол оқушыларға бар білімін қайта ойлау және жаңасын игеруге мүмкіндік беретін тәжірибеде қолданылу дағдысын қарастыруы тиіс.
3. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы оларға үнемі ауысып отыратын, дамып отыратын білімге және жаңа ақпараттарға қатынасу мүмкіндігін беруі керек, оларға білімді іздеп табуға талпыныс жасауға әсер етуі қажет.
4. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы сәйкес келетіндерінің еркін қолданылуын және дайын болуын қарастыруы тиіс.
5.Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы олардың ынтасын және оқу мен дамудағы еркіндігін кеңейтуі керек.
6. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы олардың санасы мен сезімін, бөтен адамдармен, табиғатпен, мәдениетпен және т.б. жағдайлармен қарым-қатынас түсінігінің дамуына ықпал етуі қажет.
7. Дарынды және талантты балаларға арналған оқу бағдарламасы алдыңғы маңызы бар принциптермен бірге бағалануы керек. Сонымен бірге балалардың күрделі ойлау процесіне, олардың шығармашылыққа икемділігіне және орындау шеберлігіне басты назар аударылады.
Дарынды балалармен жұмыс стратегиясында анықталғандай, мектеп-лицейде дарынды балалармен жұмыс 4 кезең бойынша жүргізіледі, олар:
Дайындық кезеңі
Сараптамалық
Ұйымдастырылған-әрекеттік;
Оқушы қабілетін қалыптастыру, тереңдету және дамыту кезеңі.
Достарыңызбен бөлісу: |