ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС
Дарындылықты анықтау:
Міндеттері:
Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту, оны қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау.
Балалардың кәсіби және жеке даралық қабілетін анықтай алуына психологиялық –педагогикалық көмек көрсету.
Негізгі принциптері: Баламен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату.
Болжап отырған нәтиже: Оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгерген, жеке шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыра алатын, іс-әрекетке талдау жасай алатын, жоспарлау мүмкіндігі қалаптасқан тұлға.
Дарындылық анықтамасы:
Іс-әрекеттің сәтті орындалуын қамтамасыз ететін қабілеттік істің өзара сәйкестік сапалығын айтады.
Іс-әрекеттің жағдайдағы ерекшелігі, кеңінен қамтылған адам мүмкіндігі.
Ақылдың потенциалы немесе интеллект. Оқуға, білімге жалпы танымдық мүмкіндіктер және қабілеті.
Баланың табиғаты арқылы дамыған қабілет туралы.
Таланттылық және адамгершілігінің жоғары жетістіктерге жеткізетін іс-шаралар.
Дарынды баланың сипаттамасы:
Интелектуалды сферасы.
Білімділік өрісі.
Ойлау қабілеті ерекшесі тұрақты, қызығуы мол, кейде бір іспен айналысса тоқтай аламайды, өз ойын ерте жеткізеді.
Дарындылық үш параметрмен анықталады:
- Танымдық жеке дамуы.
- Психологиялық жеке дамуы.
- Физикалық дамуы.
Дарынды оқушыларды таңдау барлығы назар аударатын ерекшеліктер:
Дарынды бала өзгеше және шапшаң ойлайды.
Дарынды оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгешелігі:өте сезімтал, ықылас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп ұсынады.
Дарынды оқушылардың физикалық тұлғадан ерекшелігі: дамудағы шапшаңдылық, ақындарша сөйлеуі, жиі-жиі ойға берілуі, қиял-күйінің басым түсуі.
Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі: адамгершілік сезімдерінің ерте дамып, жоғарғы моральдық қасиеттерге ие болуы.
Дарындылықты анықтағанда төмендегі факторларды ескеру керек:
Тұлғалық ерекшелігі.
Экспериментатордың тұлғалық ерекшелігі.
Дарынды балалармен жүргізілетін жалпы жұмыс жоспары:
1. Дарынды баланы іздеп табу және іріктеу
2. Тереңдетілген бағдарлама бойынша (жеке, топтық, жұптап) оқыту
3. Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу
4. Проблемалық оқыту әдістерін пайдалана отырып оқыту. Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақтар, ребус, шығарма жазу, өлең шығару, т.б.) өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту. Шаталовтың әдіс-тәсілін пайдалана отырып оқыту
5. Мектепішілік және аудандық пәндік олимпиадаларға, конкурс-сайыстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстыру
6. Жаңа педагогикалық технологиялар элементтерін пайдалана оқыту
Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты:
- баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;
- пәнге терең қызығушылығын арттыру;
- оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру;
- оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту;
- жалпы білім -білік дағдыларын дамыта оқыту;
- білімнің бағасын арттыру;
Ғылыми білімді практикамен теориялық негізде жүзеге асыру.
Дарынды балаларды анықтау мен олармен жұмыс ұйымдастыру
І. Дайындық жұмыстары (кімдер жұмыс істейді)
1. Мектеп әкімшілігі не бірлестік мүшелері дарынды балалармен жұмыс жасауға қабілетті, шебер мұғалімдерді анықтау.
2. Мұғалімдерді қажетті құжаттармен қамтамасыз ету, дайындықтан өткізу, пікір алмасу шараларын белгілеу.
3. Қабілетті оқушылармен жұмыс жүргізетін мұғалімдер тобына жетекшіні бекіту не тағайындау.
4. Оқушылар дарындылығын анықтау шараларын ұйымдастыру (жарыс, байқау, емтихан, олимпиада, т.с.с)
5. Дарынды оқушылармен жұмыс бұрышын жабдықтау (кабинетін)
ІІ. Оқушылар арасынан қабілетті оқушыны анықтау (кіммен жұмыс істейді?)
1. Бастауыш сынып мұғалімдерімен кеңесе отырып қабілетті (өте ерекше) оқушылар тізімін алу.
2. Пән мұғалімдерімен (сынып жетекшілерімен) қабілетті не айрықша өнері, бейімі бар оқушыларды іріктеу.
3. Жыл сайын мектепішілік жарыстарда, олимпиадаларда, т.с.с байқауларда жеңімпаз оқушыларды топтастыру (бағытына қарай)
4. Білім деңгейінің стандарттық өлшемнен ерекшелігін (игеру қабілетін) анықтау.
Дарынды оқушыларды таңдау барлығы назар аударатын ерекшеліктер:
Ø Дарынды бала өзгеше және шапшаң ойлайды.
Ø Дарынды оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгешелігі:өте сезімтал, ықылас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп ұсынады.
Ø Дарынды оқушылардың физикалық тұлғадан ерекшелігі: дамудағы шапшаңдылық, ақындарша сөйлеуі, жиі-жиі ойға берілуі, қиял-күйінің басым түсуі.
Ø Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі: адамгершілік сезімдерінің ерте дамып, жоғарғы моральдық қасиеттерге ие болуы.
Дарындылықты анықтағанда төмендегі факторларды ескеру керек:
Жас ерекшелігі
Тұлғалық ерекшелігі.
Экспериментатордың тұлғалық ерекшелігі.
Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерді іріктеудің негізгі принциптері
Ø Дарынды балаларды оқыту жүйесінде мұғалім негізгі фактор болыптабылады.
Ø Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге жоғары талаптар қойылады.
Ø Бастауыш сыныпта оқитын дарынды баламен кез келген мұғалім жұмыс істей алмайды.
Ø Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімнің өзіндік «жағымды» Мені болуы керек.
(Өзін төмен бағалайтын мұғалім дарынды шәкірт алдында қорқыныш сезімінде болады.)
Ø Табысты педагогикалық тәжірибесі болуы керек.
Ø Эмоционалдық тұрақтылық.
Ø Мақсатқа жетуге ұмтылу.
Ø Шығармашылық бастама.
Ø Мұғалімнің кәсіби компетенттілігі арнаулы теориялық дайындығының тәжірибемен тығыз ұштасуына негізделеді.
Ø Арнаулы бағдарлама құруды өзгелердің тәжірибесіне сүйену үшін арнайы бағдарламен таныс болуы керек.
Ø Өзге пәндерден қажетін ала білу.
Ø Дарынды баламен мұғалімнің ділі бір болған дұрыс.
Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімнің жеке басының қасиеттері:
Ø Мейірімді, сезімтал.
Ø Дарынды балалар психологиясы, ерекшелігін біледі, олардың қызығушылығы мен қажеттілігін сезеді.
Ø Интеллектуалды даму деңгейі жоғары.
Ø Қызығушылығы мен икемі кең.
Ø Педагогикалық мамандығынан өзге де білімі бар.
Ø Дарынды балаларды оқытумен байланысты түрлі міндеттерді орындауға әзір.
Ø Белсенді.
Ø Әзілқой (бірақ сарказм қажет емес)
Ø Өзінің көзқарасын өзгертуге, үнемі өзін жетілдіруге дайын.
Ø Өзіндік жеке әлемтану.
Ø Өмірге төзімді, дені сау.
Ø Жоғары оқу орнынан кейін дарынды балалармен жұмыс жөнінде арнайы дайындығы болып, әлі де арнайы білімді ашуға дайын болу.
Дарындылық ұстанымы
Сен « білуге міндеттісің» дегеннің орнына, « Сенің қолыңнан келеді!» ұстанымы;
Белгілі жағдайдан, белгісіздікке бетбұрыс жасау қағидасы;
Іс -әрекеттің нәтижесіне емес, сол нәтижеге жету барысындағы қуаныш!
Баланың қиялын ұштай отырып, сұрақ қоя білуге үйрету!
«Қателеспейтін адам болмайды» қағидасына үйрету!
Болашаққа бейімдеу;
Дамыта оқыту;
Жеке ғана емес, әлеуметтік ойлау қабілетін дамыту!
Дарынды балаларға арналған бағдарлама талаптары:
Ø Дарынды оқушының коммуникативтік әрекеттерінің негізгі түрлерін қалыптастыру;
Ø Өз мүмкіндіктерін сезініп, өзге адамдардан жеке ерекшеліктерін түсіне білу қабілеттерінің дамуына әсер ету;
Ø Зерттеу жұмыстарын жүргізу тәсілдерін қалыптастыру;
Ø Шығармашылық ойлау қабілеттерін арттыру;
Ø Тілдік білім жүйесін сөйлеу әрекеттерінде қолдану т.б.
-
Дарындылықтың бірден бір белгісі
- Дарынды баланың күнделікті өмірінде болып жатқан түрлі іс-әрекеттің ерекшелігін педагогикалық бақылау әдісін қолдану арқылы анықталады.
- Дарындылық тағылымы-даналықтың, ғұламалықтың, құдіреттіліктің, адамгершіліктің кәусар тамшысы, ағынды тасқыны, дария көлі, мұхиты.
“Дарынды балалар” бағдарламасының жұмыс бағыттары:
І. Дарынды балаларға арналған қосымша оқу бағдарламаларын, тест тапсырмаларын және түрлі бақылау жұмыстарының мәтіндерін дайындау.
ІІ. Диагностика жүргізу.
ІІІ. Дарынды балалардың шығармашылық потенциалын жүзеге асыруда жағдай туғызу.
ҮІ. Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Ү. Дарынды балалардың шығармашылық дамуының негізгі көзі-ынталандару іс-шараларын өткізу.
ҮІ. “Дарынды балалар” мәселесі бойынша мұғалімдермен ғылыми-әдістемелік іс-шаралар ұйымдастыру.
Тақырыбы: Дарынды балалармен жүргізілетін түзету – дамыту жұмыстары
(Психокоррекционно-развивающая работа)
Мақсаты:
Белгілі жастағы баланың психологиялық қасиеттерін коррекциялау, дамыту және жетілдіру, қабілетті толық ашуға психологиялық көмек көрсету.
Психокоррекция дегеніміз - адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін өзгерту мақсатымен оған арнайы әсер етіп, оның шытырман жағдайдағы өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын бірге іздеп табу.
Психокоррецияның мақсаты – баладағы психикалық даму заңдылықтарын түсіне отырып, үлкендермен серіктесе жүргізілетін белсенді әрекет түрі.
Психокоррекциялық мақсат үш бағытқа негізделеді:
1. әлеуметтік даму жағын ықшамдау.
2. балада жетекші іс-әрекет түрлерін дамыту.
3. жас және психологиялық жаңа білімді қалыптастыру.
Психокоррекцияның негізгі міндеттері:
Жеке бас дамуының қажетті когнитивті (ақыл-ой), эмоционалды және мінез-құлықтық өрістер бірге қарастырылады. Субъектінің мәдени және жас ерекшелігі ескеріле отырып, ішкі ресурстарды белсенділеу болып табылады.
Психокоррекциялық жұмыстарды жүргізу жағымды тәжірибе жинақтау мақсатында құрылуы және жүзеге асырылуы қажет.
Психокоррекциялық жұмыстың кезеңдері:
1. Психокоррекцияға нанамнез (ақпарат) жинақтау;
А) әңгімелесу
Б) психодиагностика
2. Психологиялық диагноз қою (жас мөлшері мен әлеуметтік мәдени ерекшелігін ескерту)
3. Ықтимал немесе шартты – қалыпты болжам қою.
4. Психокоррекцияның іс-шараларды жоспарлау (таяудағы даму аймағын ескерту)
5. Психокоррекциялық іс-шараларды жүзеге асыру.
6. Коррекциялық жұмыстың нәтижесін бағалау.
7. Мәселенің қайталанбауын алдын алу.
Дарын дегеніміз – адам бойында негізінен ана сүтімен, ата тегімен даритын құбылыс екенін өмір тәжірибелері дәлелдеп отыр. Дарын – адамның белгілі бір дүниеге психологиялық қабілеттілігі. Осы қабілетті дер кезінде анықтап. Оны одан әрі дамта білу қажет.
Мектеп психологтары сынып жетекшілерімен бірігіп, әр түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы мәселесі толық шешпейтінімен, әр баланың қабілетін, болашақ бағытын анықтауға, оның дарындылығының дамуына мүмкіндік береді.
Дарынды балаларда болатын ерекшеліктер:
1. Пәнге деген қызығушылық өте жоғары деңгейде.
2. Құбылыстар мен пәндер арасындағы байланысты қабылдай алу және сәйкес тұжырымдар жасау
3. Жақсы есте сақтау.
4. Сөздік қоры үлкен.
5. Дайын шешімді қабылдамау.
Дарынды балаларда төмендегі қабілеттерді дамыту қажет:
1. Танымдық қабілеттері:
- үлкен көлемді ақпаратқа ие болу;
- үлкен сөз қоры;
- себеп-салдық байланыстарды табу;
- қорытынды жасай алу;
- күрделі мәселелерді шешуге қатысу;
- күрделі идеяларды қолға алу;
- қарама-қайшылықты түсіне білу;
- жағдайларды талдау;
- талқылай алу;
- процестердің өзін және нәтижесін бағалай алу;
- идеяларды практикада қолдану;
- өз ойын сынай алу;
- бәрін білгісі келушілік.
2. Шығармашылық қабілеттіктері:
- тәуекелдікке бару;
- ойлау мен іс-әрекеттің жылдамдығы;
- тез ойлау;
- жаңа нәрсе ойлап таба алу;
- бай фантазия;
- күрделі заттарды қабылдай алу;
- эстетикалық құндылықтар;
- дамыған интуиция.
3. Эмоционалды ерекшеліктері:
- басқаларды сыйлау;
- басқа адамдардың ерекшеліктерін сыйлау;
- өзін-өзі талдай алу;
- сынға шыдау;
- тапсырмаларды орындауда алған бетінен қайтпастығы;
- ойлау мен іс-әрекеттерінде еркіндігі;
- әзілкештік;
- мораль проблемаларын талдай алу;
- өз күші мен қабілетіне сенімі;
- ішкі сезім.
Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдерге кеңес:
1. Баланың бейімдік жақтарына қарай сабақ жоспарын құру.
2. Ең күрделі сұрақтарға берілетін кеңестердің тақырыбын анықтау.
3. Баланы тексеру формасын таңдау (тест, сұрақтар, т.б.)
4. Балаға берілетін мәліметтер:
1. Тақырып аты.
2. негізгі сұрақтар
3. термин сөздер
4. әдебиеттер тізімі
5. бақылау түрі
6. өзін-өзі тексеруге тапсырмалар
5. Нәтижелерді талдау үшін кесте құру керек.
1. пән
2. кеңестің уақыты мен күні
3. негізгі қаралатын мәселелер
4. бағдарлама бойынша қосымша сұрақтар
5. іс жүзінде кеткен уақыт
6. бағдарламаға кірмеген қосымша сұрақтар
7. анықталмаған сұрақтар
8. уақыттан ауытқу себептері.
Ойлау процесін дамытуға арналған жаттығулар:
Танымдық процестерді түзету және дамыту тренингі:
(орта және жоғары буын оқушыларына арналған)
1.«20 сөзді есіңде сақта»
1 минутта 20 сөз оқылады да, сол сөздерді еске сақтау ұсынылады. Сөздерді бірақ рет оқу керек:
1. сүлгі
2. қоян
3. теледидар
4. шам
5. жүзім
6. шелки
7. тесік
8. шемішке
9. дәрі
10. көңіл-күй
11. фантик
12. парта
13. ұя
14. жылан
15. қияр
16. күн
17. түбір
18. сағат
19. қалып
20. шелек
Сөздерді естеріңізге түсіріп жазыңыздар, сөз ретін шатастырмауға тырысыңыздар.
Жауабыңызды тізіммен салыстырып. Тексеріңіз. Егер сөз жоқ болса немесе өз орнында тұрмаса – қате деп біліңіз. Қателерді санаңыз. Неше ұпай жинағаныңызды қараңыз.
Қате жоқ – 10 ұпай
1-2 қате жоқ – 9 ұпай
3-4 қате жоқ – 8 ұпай
5-6 - 7 ұпай
7-8 - 6 ұпай
9-10 5 ұпай
11-12 4 ұпай
13-14 3 ұпай
15-17 2 ұпай
18-20 1 ұпай
2.«Сөйлемді аяқта» ойыны.
Мақсаты: Балада ойлауды дамыту.
Нұсқау: Балалар шеңбер бойына отырады. Жүргізуші балалардың біреуіне допты лақтырып, сөйлемнің басын айтады. Допты тосып алған бала сөйлемді аяқтап, допты жүргізушіге кері лақтырады. Егер бала екі рет сөйлемді аяқтай алмаса, ойыннан шығады. Сөздердің нұсқауы:
Лимон ащы, ал қант ............
Шөп жасыл, ал аспан ............
Адамда екі аяқ, ал итте ..............
Сен ауызбен тамақтанасың, ал құлақпен .............
Қазақстанда қазақша сөйлейді, ал Америкада ................
Ағашты аралайды, ал шегені ...............
Балерина билейді, ал пианист .................
Ит үреді, ал мысық ...............
Құстар ұяда тұрады, ал адамдар .................
Кеме жүзеді, ал машина .......................
Жүннен тоқиды, ал матадан ................
Шиені жейді, ал шәйді .................
Түнде қараңғы, ал күндіз ..................
Әнші өлең айтады, ал құрылысшы ...............
3.жаттығу «Шын мен өтірік»
Мақсаты: Ойдың өзгешелігін, қиялды дамыту.
Жүргізуші: Ал енді келесі жаттығуымызға көшсек те болады, бір-бірлеріңізді танып-біліп алдыңыздар.
Қазір барлығымыз екі сөйлем айтамыз, біреуі шын, біреуі өтірік. Содан соң әр қайсысыларымыз бірінен кейін біріңіз дайындаған сөйлемдеріңізді айтасыздар. Тыңдап отырған қатысушылар осы бір сөйлейлемнің қайсысы өтірік, қайсысы шын екенін айту керек.
Сөйлеп отырған қатысушының көзіне, сөйлеу барысына мұқият қараңыздар. Мысалы: бірінші сөйлем: Мен психолог Тамара Абзиқызын бұрынан танимын, ал екінші Тамара Абиқызы ел ордасы Астанадан келді.
Талдау: Қай сөйлемді ойлау оңай болды?
Шын немесе өтірік екенін анықтаңыздар. Не нәрсеге назар аудардыңыздар? Қандай байқаулар жасалынды? Кім тапты? Кім таппады? Неге?
4 жаттығу. «Тақпақ»
Мақсаты: Шығармашылық қабілетті дамыту.
«Ақын болмауың мүмкін, ал байқап көруге міндеттісің»
Тақпақ құру.
Төмендегі жолдарды жалғастыру қажет:
Қызықты, өзгеше, әзілмен де жалғастыруға болады.
1. Келді міне, наурыз
2. Келе жатып жолда мен
3. Тышқан күннен сұрапты
Орындау уақыты 5 минут.
Талдау. Өлең жолдарын құрастыру жеңіл болды ма? Қиындығы неде болды?
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс
Үлгерімі төмен оқушыларда дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі бар.Олар таным компоненттерінің қалыптасуының әр түрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әр түрлі себептері бар екенін көрсетеді. Оқушылардың негізінен білімді меңгеру үрдісі мына компоненттерден тұрады: қабылдау, түсіну, есте сақтау,қорыту және жүйелеу.Оқу үрдісінде бұл компоненттер өте тығыз байланысты.Оқушы меңгеретін материалдың қиындығына соқтыққанда ғана өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасай алады.Осыдан кейін ол материалды толық игереді.Қабылдауы баяу оқушылар әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдармен, тарататын және көрсететін көрнекіліктермен қамтамасыз етілуі қажет. Сонда ғана өткізілген сабақтар өз мақсатына толық жетеді.Осы білімді меңгеру компоненттері баяу болғандықтан нашар оқушы шығады.Оқу жылдамдығы баяу болғандықтан және есеп мәтінін қате оқығандықтан оның мазмұнын түсінбейді, есте сақтауы да төмен. Үлгерімі төмен оқушылардың ақыл- ой параметрі және жағымды ақыл сапалары қалыптаспаған ,білім қоры аз.Нашар оқудың алдын алу үшін артта қалу мен үлгерімнің төмендеуінің себептерін анықтау керек. Нашар оқушылардың кемшіліктері төмендегідей: 1) есеп шартын оқығанда әріп ,буын немесе сөз қалдырып оқу, 2)кейбір буындарды сөздерді қайталап немесе ежіктеп оқу.Мұндай кемшілігі бар оқушыға оқулықтан арнайы тапсырмалар немесе карточкамен жұмыс беріледі. Карточкамен жұмыс оқушыны жалықтырмайды, оқуға деген ынтасын арттырып отырады.Таным әрекетінің нәтижелілігі- ақыл ой әрекетінің даму дәрежесіне байланысты.Оның негізгі компоненттерінің қалыптаспауы үлгерімнің төмен болуының басты себебі болып табылады.
Компоненттердің қайсысы үлгерімнің төмендеуіне негізгі себеп болуына байланысты артта қалу екіге бөлінеді: 1.педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалар; 2.нашар оқитын оқушылар.
Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалармен жұмыс орындау нашар оқитындармен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып табылады.
Нашар оқитын оқушылар оқу- тәрбие үрдісінде көбірек біліктілікті қажет етеді.Бірақ олардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей.
Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін қолға алу керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта зейін мен ырықты, есте сақтауды дамыту қажет.
Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстары көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді.Осы қиыншылықтардың себебі –баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің,ақыл сапаларының қалыптаспағаны, ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық аномалияларымен байланысты, сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне алмайды.
Бұндай сыртқы әсерлерге өте ерте жаста жағымсыз әлеуметтік – педагогикалық жағдайлардың ықпалынан , назардан тыс қалған балалар тез көнгіш болып келеді. Мұндай артта қалудың алдын алу үшін жұмыс балалардың ақыл – ой әрекетін белсендіруге,сөйлеу қабілетін дамытуға,практикалық тәжірибесін кеңейтуге бағытталуы керек. Мектеп балаға жалпы білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту,сөйлеу, оқыту,талдау жасауға үйрету, өз ойын дұрыс жеткізе білуге, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.Оқу еңбегінің қаруы – ой.Логикалық жеке пікірімен өзіндік талдау біртұтас.Бұл талаптар ой мен іс әрекеттің негізгі өзегі болып табылады.
Ойын балалар үшін күрделі әрекет.Балалар білімді ойын арқылы да ала алады және білімділікке үйренеді.Сондықтан математика сабағындағы ойын арқылы білімін шыңдап ой өрісін кеңейте алады.Баланың жас ерекшелігіне, зейініне сай ұйымдастырылған ойындар баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді , мінез- құлқын, ерік жігерін қалыптастырады және сабаққа деген қызығушылығын арттырады.
Деңгей бойынша сараптау ой еңбегінің дамуына байланысты саралаудың қазіргі педагогикадағы оң аспектілері мұғалімге нашар оқитын оқушыларға көмектесуге жол ашады.
Оқи алуларына сәйкес топтарға бөлу критерийлері:
1- топ. Нашар оқитын балалар. Олар баяу әрекет етеді, сыныпқа ілесе алмайды. Егер осыларды есепке алмасақ, оқуға деген қызығушылықтары төмендейді сыныптастарынан қалып қояды. Бұл оқушылар үшін өткен материалдардан тапсырмалар берілуі керек және тапсырмалардың көлемі шағын болуы тиіс.
2-топ
Бұл топтың оқушыларына материалды естеріне сақтау үшін көп рет қайталау қажет. Сырттай олардың психологиялық ерекшеліктері асықпайтындығынан, жоғары эмоционалдығынан,зейінінің төмендегінен және жинақы еместігінен байқалады.Олар үшін жинақтауға берілген тапсырмалар қиын. Бұл оқушыларға берілген жұмыс алгоритмін қолданған пайдалы. Теорияны жақсы игере отырып, олар практикада қате жіберуі мүмкін.Мұндай оқушыларға әр –әрекетті ауызша түсіндіруді талап ететін тапсырмалар ұсыну маңызды.
3-топ
Бұл топқа қозуы мен тоқтауының тепе -тең үрдісі бар оқушылар кіреді. Олардың тұрақты зейіні бар, жинақтау үрдісін жақсы игерген, үлкен сөздік қоры бар.
Сараланған тапсырмалар -бұл жаттығулар жинағы, оларды орындау негізінде балалар ережелерді жақсы түсініп, игереді, қажетті дағдыларды қалыптастырады. Сараланған тапсырмалар тақтада, кәртішкеде, слайдтарда, таблицаларда жазылуы мүмкін. Сараланған тапсырмалардың негізгі түрі міндетті тапсырмалар, дағдыны қалыптастыру үшін оқыған ережені дұрыс қолдануға ықпал етеді; олардың көлемі шектелген болуы керек және әр оқушының шамасы келетін тапсырмалар болуы тиіс.
Оқыту барынша тиімді болу үшін мұғалім әр оқушының әлсіз және күшті жақтарын, кемшілігі мен қол жеткізген табыстарын жақсы білуі қажет.
Оқу материалын қорытындылап , бір жүйеге келтіру іскерлігін қалыптастыру үшін күрделілігі әр алуан кестелер мен сызбалар түріндегі тапсырмалар беріледі.Мысалы, математикалық ұғымды әр түрлі деңгейде оқытудың «Туынды» тақырыбы бойынша үлгерімі төмен оқушыларға дайын кестені толтыруды, орташаларға кестені құруды,ал үлгерімі жақсыларға кестені құрып толтыруды тапсыруға болады.
Оқытуда түрлі жұптық, топтық жұмыс түрлерін қолданудамын. Білім сапасы төмен оқушылармен жұмыс жүргізіп, өз жұмысымда әр түрлі бақылау формаларын : тесттер, сұхбат, диференциалдық тапсырмаларды орындатамын. Өзіне сенімі жоқ, үлгерімі төмен оқушыны қолдап-қуаттау қажет. Қандай да ұнамды сапасын танып, педагог сол арқылы балада сенім оятады, ұмтылыс пен дербестік, кедергілерден сескенбеу қасиетіне баулиды.Оқушылармен жұмысты оқу тәрбие процесіне қойылған жаңа талаптарға сай құрайды. Сабақтың барлық кезеңдерін ойластырып, оқушылардың жас ерекшеліктерін және қабылдауларын ескере отырып сабақты құрастырудамын. Оқытуды жекелеу жұмысын жүргізуде әр түрлі әдістерді қолдануға болады . Деңгейлік дифференциацияны қолдану жағымды нәтиже береді. Бақылау жұмысын өткізуде түрлі формаларды қолдануға болады.
Әрбір оқушының оқып үйрену мүмкіншіліктерін анықтау негізінде олардың жеке бас ерекшеліктерін терең білу , сонымен қатар оны іс-тәжірибеде ескеру қажет.
Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстың мақсаты.
1. Пән бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту.
2. Оқушының жекелеме тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын ояту.
3. Сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары.
№
Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстар
Берілетін тапсырмалар
Орындауға берілетін жұмыс
1
Жаңа тақырыпты игерту.
1.Жаңа сабақты бекіту сұрақтарына жауап беруін қадағалау.
Жаңа сабақта өткен тақырыптағы жаңа сөздерді жаттап келу.
2
Үй тапсырмасын орындауға бейімдеу.
1.Мәтіннің соңында берілген сұрақтарға жауап жазып келу
2. Үйге берілген мәтінді оқып келуді, мазмұнын айтуды қадағалау.
Үйге берілген мәтінді оқып келу, мазмұнын айту.
3
Оқушының есте сақтау қабілетін дамыту.
1.Сөзжұмбақ жасауды және шешуді үйрету.
2.Тестпен жұмыс жасауға жаттықтыру
Сөзжұмбақ жасау
Тест құрау
4
Шығармашылық жұмыстарға баулу.
Әр тарауды қортындылағанда, қызықты тақырыпқа реферат жаздыру.
Реферат жазу
5
Сөйлеу қабілетін дамыту
1.Үй тапсырмасын сұрау
2. Ауызша сұрақтар қою
Ауызша жауаптарын
Талдау.
1. 32 және 17 сандарының көбейтіндісі санды өрнек түрінде жазыңдар.
А) 32 * 17 Б) 32: 17 С) 32 – 17 Д) 32 + 17
2. х пен 15 санының айырмасының мәнін табыңдар, х =20
А) 5 Б) 10 С) 15 Д) 20
3. 7у * 6 х коэффициенті неге тең?
А) 7 Б) 6 С) 15 Д) 1
4. 0; 2; 3; 5; 11; 13; 101; 102; 110, т. б. жұп сандардың қатарын анықта.
А) 0; 3; 5; Б) 0; 2; 11; 15; 101; С) 102; 101; 110; 0; 3; 5; Д) 2; 102; 110;
5. Сөйлемді аяқтаңдар.
« Егер......., онда сан 2 – ге бөлінеді».
А) Жұп болса Б) тақ болса С) Жұп та, тақ та емес Д) дұрыс жауап жоқ
6. Сөйлемді аяқтаңдар.
« Егер......., онда сан 9 - ға бөлінеді».
А) жұп болса Б) тақ болса С) цифрларының қосындысы 9 – ға бөлінеді
С) цифрларының қосындысы тақ болса
7. Бөлшектерді жазыңдар: алымы 3, бөлімі 7
А) Б) С) 3: 7 Д) 7: 3
8. 5 және 13 сандарының ең кіші еселігін табыңдар.
А) 45 Б) 35 С) 65 Д) 13
9. Теңдеу дегеніміз?
А) құрамында әрпі бар өрнек Б) құрамында саны бар өрнек С) құрамында әрпі де, саны да бар өрнек
10. Квадраттың ауданының формуласы.
А) S = a 2 b Б) S = ab С) S = 4a Д) S = a + b
11. Кубтың көлемін қалай анықтауға болады?
А) V = abc Б) V = a 3 С) V = a h Д) V = abh
12. Периметр дегеніміз?
А) Барлық қабырғалар көбейтіндісі Б) Барлық қабырғалар қосындысы
С) екі қабырғасының қосындысы Д) екі қабырғасының қосындысы
13. Үшбұрыш ауданы неге тең?
А) S = ab Б) S = a2 С) S = abc Д) S = (a + b) 2
14. Шеңбердің диаметрі неше радиусқа тең?
А) 1 Б) 3 С) 2 Д) 4
15. Радиус дегеніміз не?
А) Екі нүктенің ара қашықтығы Б) Центрдегі шеңбер бойындағы кез келген нүктемен қосатын кесінді.
С) Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын кесінді
16. Шеңбердің доғасы дегеніміз не?
А) екі нүктенің ара қашықтығы Б) центрді шеңбер бойындағы кез келген нүктемен қосады.
С) шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын кесінді
17. Кез келген екі нүкте арқылы жүргізуге болады.
А) нүктелерді қосу керек Б) түзу С) кесінді Д) шеңбер
18. 1 метр 1 дециметр неше см артық?
А) 90 см Б) 9 см С) 900 см Д) 9000 см
19. Отбасында 7 қыз және әр қыздың бір – бірден бауыры бар. Отбасында барлығы неше бала бар? А) 7 Б) 8 С) 9 Д) 14
20. Ең кіші натурал сан?
А) 2 Б) 3 С) 0 Д) 1
21. Ең кіші жай сан?
А) 2 Б) 4 С) 0 Д) 6
22. Ең кіші үш таңбалы сан
А) 999 Б) 100 С) 101 Д) 105
23. Нәрселерді санау үшін қолданылатын сандар.
А) тақ сан Б) жұп сан С) натурал сан Д) бөлшек сан
24. 640 саны 5 – ке бөліне ме?
А) ия Б) жоқ С) екеуі де емес
25. Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді.
А) диаметр Б) радиус С) доға Д) дұрыс жауап жоқ
Жауаптары:
1. А, 2. А, 3. С, 4. Д, 5. А, 6. С, 7. Б, 8. С, 9. А, 10. А, 11. Б, 12. Б, 13. С, 14. С, 15. Б,, 16. А, 17. Б, 18. А, 19. Б, 20. Д, 21. А, 22. Б, 23. С, 24. А, 25. А
Өрнектің мәнін тап: 146+а а=14
А) 160 В) 165 С) 164 Д) 170
Ең оңай тәсілмен есептеңдер: 17+12+3+8
А) 50 В) 55 С) 40 Д) 45
Теңдеуді шеш: 33у=132
А) 3 В) 4 С) 5 Д) 7
4. Қалдықты тап: 12:5
А) 4 В) 3 С)1 Д) 2
АВС бұрышының төбесін көрсет
А) В В) С С) О Д) А
у= 0,7х формуласы бойынша х= 5 у тің мәнін есепте
А) 3,5 В) 3 С) 3,6 Д) 35
12 санының бөлгіштерін тап
А) 1; 3; 4; 6; 12 В) 1; 2; 3; 6; 12
С) 1; 2; 4; 6; 12 Д) 1; 2; 3; 4; 6; 12
2-ге де, 5-ке де бөлінетін сандарды тап.
А) 10; 12; 15 В) 10; 11; 16
С) 12; 14; 17 Д) 20; 40; 50
3-ке де, 9-ға да бөлінетін сандарды тап:
А) 15; 21; 72 В) 81; 180; 270
С) 15; 18; 21 Д) 120; 90; 60
Қайсысы жай сан
А) 2; 3; 5; 7 В) 2; 3; 5; 8
С) 2; 3; 6; 11 Д) 5; 17; 11; 4
Қайсысы құрама сан:
А) 15; 10; 9; 2 В) 14; 16; 20; 22
С) 3; 5; 10; 14 Д) 15; 22; 5; 4
Ең үлкен ортақ бөлгішін тап 12 мен 30
А) 5 В) 4 С) 3 Д) 6
Ең кіші ортақ еселігін тап 4 пен 7
А) 28 В) 32 С) 4 Д) 42
12 3 бөлшегін бұрыс бөлшек түрінде жаз
4
А) 50 В) 53 С) 51 Д) 49
4 4 4 4
Бұрыс бөлшектің бүтін бөлігін тап:
А) В) С) Д)
қосындысын тап
А) В) С) Д)
+ қосындысын тап
А) В)С) Д)
Бөлшекті қысқарт
А) В) С) Д)
Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығар: 7х+7у
А) 7 (х+у) В) С) Д)
Бөлшектерді қосуды орында: +
А) В) С) Д)
Аралас сандарды қосуды орында +
А) В) С) Д)
Бөлшектерді азайт:
А) В) С) Д)
Амалдарды орында: +
А) 3 В) 2 С) 1 Д) 4
Көбейтуді орында: *
А) В) 1 С) Д)
25. Өрнектің мәнін тап: : **а а=2
А) В) 1 С) 1 Д)
Аралас сандардың бөліндісін есепте:
А) В) 1 С) 1 Д)
Бөлуді орында:
А) 10 В) 15 С) 13 Д) 14
Амалдарды орында:
А) 3 В) 4 С) 2 Д) 6
Ондық бөлшек түрінде жаз:
А) 0,8103 В) 1,8103 С) 8,103 Д) 81,03
Жай бөлшекті қысқарт, сонан соң ондық бөлшек түрінде жаз:
А) 1,9 В) 0,19 С) 1,09 Д) 19
Ең тиімді тәсілмен есепте (4+1,8)+2,6
А) 8,4 В) 8,3 С) 8,7 Д) 8,5
Жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазып, есепте +3,5
А) 3,7 В) 3,8 С) 4,1 Д) 3,6
Азайтуды орында: 108,7-8,819
А) 99,881 В) 998,81 С) 9,9881 Д) 0,99881
18,05*9,7 көбейтіндісін есепте
А) 17,5085 В) 175,085 С) 1,75085 Д) 1750,85
68,16:32 бөлуін орында
А) 213 В) 21,3 С) 0,213 Д) 2,13
Есептеп шығар: (4,23-2,34):21
А) 0,9 В) 0,09 С) 9 Д) 0
бөлшегін ондық бөлшек түрінде жазып көрсет
А) 6,075 В) 60,75 С) 607,5 Д) 6075
Мына сандардың арифметикалық ортасын тап: 45, 58, 76, 81
А) 68 В) 67 С) 65 Д) 63
0,1х=5,8 теңдеуін шешіңдер
А) 53 В) 56 С) 57 Д) 58
Кубтың қанша қыры бар
А) 6 В) 12 С) 8 Д) 10
№39 «Мырзашөл» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі оқу мотивациясы төмен оқушылар тізімі.
№
|
Аты-жөні
|
Сыныбы
|
Пән мұғалімі
|
Сынып жетекшісі
|
1
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
6
|
|
|
|
|
7
|
|
|
|
|
8
|
|
|
|
|
9
|
|
|
|
|
10
|
|
|
|
|
11
|
|
|
|
|
12
|
|
|
|
|
13
|
|
|
|
|
14
|
|
|
|
|
Күнтізбелік тақырыптық жоспар
№
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сағат саны
|
Мерзімі
|
Ескертулер
|
1
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
6
|
|
|
|
|
7
|
|
|
|
|
8
|
|
|
|
|
9
|
|
|
|
|
10
|
|
|
|
|
11
|
|
|
|
|
12
|
|
|
|
|
13
|
|
|
|
|
14
|
|
|
|
|
15
|
|
|
|
|
16
|
|
|
|
|
17
|
|
|
|
|
18
|
|
|
|
|
19
|
|
|
|
|
20
|
|
|
|
|
21
|
|
|
|
|
22
|
|
|
|
|
23
|
|
|
|
|
24
|
|
|
|
|
25
|
|
|
|
|
26
|
|
|
|
|
27
|
|
|
|
|
28
|
|
|
|
|
29
|
|
|
|
|
30
|
|
|
|
|
31
|
|
|
|
|
32
|
|
|
|
|
33
|
|
|
|
|
Бекітемін: Келісемін: Қаралды:
Директор: ДОІЖО: Қаулы №
------------------------ ------------------------ ------------------------
------------------------ ------------------------ -------------------------
Мотивациясы төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспары
Cыныбы:
Пән мұғалімі:
2016-2017 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |