Дебиеті кафедрасы



бет18/43
Дата20.02.2022
өлшемі0,9 Mb.
#132597
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43
Байланысты:
мәтін лингв Әдістемелік нұсқау

11-ТАҚЫРЫП: Көркем әдебиет мәтіні


Дәріс жоспары:
1.Күрделі фразалық тұтастық және абзац
2.Көркем мәтіндегі композициялық баяндау формалары
3.Диалогты бөлшектеу
Мақсаты: Көркем әдебиет мәтіні қызметіне тоқталу.


Қысқаша мазмұны:
Көркем уақыт-сюжеттің, бейнеленген құбылыстардың өмір сүру формасы, шынайы, перцептуалды және жеке уақыттардың өзінше араласқанын сипаттайтын әлемді танудың ерекше формасы. Көркем және шынайы уақытты бейнелеудегі айырмашылық объективті шынайылық пен ирреальность (шарттылық) бейнесі үйлескен көркем шынайылық әлемінің ерекше табиғатының көрсеткіші болып табылады.
Көркем мәтіндердегі уақыт континуумының дәлдігі кеңістіктегіге қарағанда шамалы. Оқырманға келешектен өткен шақ жақын, автордың арқасында ол көркем шығармада бізге жақындай түседі (осы және келер шақ етістіктерінің араласуы).
Көркем мәтін континуумы әдетте оқиғалардың шынайы сабақтастығының бұзылуына негізделеді, яғни баяндау желісінің сақталуы міндетті емес. Баяндауда уақыт жоспарларының араласып кетуі мәтін үзінділерінің мүшеленуін анықтайды. Уақыт пен кеңістік жағынан оқиғалар байланысы неғұрлым шимай-шатпақ болса, шығарманың мазмұндық-концептуалдық ақпаратының өзін түсіну соншалықты қиынға түседі.
Мәтіндік уақыттың синхронды және диахронды аспектілері бар. Мағыналық акцент бірінші жағдайда «қашан болған» және «қаншаға созылды» ұғымдарымен, екіншісінде-уақыт қатынасындағы сабақтастық немесе реттілік ұғымдарымен (яғни мәтіндегі логикалық ұғыммен) байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет