Дебиеті кафедрасы

-ТАҚЫРЫП: Мәтін бөлшектері, оның композициялық бөлімдері Дәріс жоспары

бет15/43
Дата20.02.2022
өлшемі0,9 Mb.
#132597
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43
Байланысты:
мәтін лингв Әдістемелік нұсқау

9-ТАҚЫРЫП: Мәтін бөлшектері, оның композициялық бөлімдері
Дәріс жоспары:
1.Мәтінді көлемдік-прагматикалық бөлшектеу
2.Бөлшектеудің түрлері
Мақсаты: Мәтін бөлшектері, оның композициялық бөлімдерін анықтау.

Қысқаша мазмұны:
Морфологиялық тұлғалар, оның ішінде сөз таптары да кей жағдайда стильдік жүк арқалай жұмсалуы мүмкін. Стильдік қызметті етістік және есімдік сияқты сөз таптары да атқара алады. Бұйрық мәніндегі етістіктер кейде стильдік мақсатта, кекесін немесемысқыл мәнінде, кейде тілек, өтініш мәнінде жұмасалады. Кейде олар әр түрлі көңіл күйді де білдіреді.
Етістіктің шақтық тұлғалары да бірқатар орындарда стильдік мәнде жұмсала алады.
Көркем шығарманың стильдік даралығын ұйымдастырып белгілеуде тілдің құрылымдық, синтаксистік құралдарының қызметі ерекше. Жазушы үшін оның сөйлемдерінің құрылысы мен көлемі, байланысу тәсілдері мен бір-біріне орналасу реттері бәрібір емес. Сондай-ақ сөйлем ішіндегі сөздердің орын тәртібі, айтылу ырғағы, керек десеңіз, тыныс белгілеріне дейін белгілі бір жүк арқалап, стильдік көркемдік қызмет атқарып тұрады».
Хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөздер автор сөзінде де, кейіпкер сөзінде де әр түрлі стильдік реңк білдіре алады. Кейіпкердің аузынан шыққан сөзінен оның ойы, көзқарасы қоса көрінеді. Кейіпкер сөзі оның дүниетанымын, пікір таласын, мінез қырларын береді. Кейіпкер тіліндегі хабарлы сөйлемдер де сол бейненің бір қырын танытады.
Хабарлы сөйлемдер тәрізді сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдер де кейіпкер тілінде әр түрлі мағыналық реңктерге ие болады. Мұндай сөйлемдер үстемеленіп жұмсалуы арқылы кейіпкерлердің сезімін, көңіл –күйін тереңдете, күшейте суреттейді.

Әр жазушының өзіне тән сөз қолдану тәсілі оның суреткерлік шеберлігіне байланысты. Көркем шығармада кейіпкер бейнесін беруде кейіпкер тілінде қолданылған қаратпа, қыстырма сөздердің де өзіндік қызметі бар. Синтаксистік стилистикада синонимдердің орны ерекше. Синтаксистік синоним болу үшін мынадай шарттардың орындалуы қажет: синтаксистік қатынас болуы қажет, құрылымдардың лексикалық құрамы бірдей болуы тиіс, мағыналық жақындық болуы тиіс. Синтаксистік құрылымдардың синонимдік қатар түзуінің тағы бір шарты – олардың арасында мағыналық, тұлғалық айырмашалақтың болуы. Бұл арада синтаксистік құрылымдар синонимдік қатарға түсу үшін мағыналық жақындықтары болуымен қатар, олардың мағыналары арасында сәл де болса айырмашылық та болуы тиіс. Синтаксистік синонимдерге тән тағы бір белгі – экспрессивтілік пен модальділік.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет