Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.
2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999
3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982
4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996
6-ТАҚЫРЫП: Мәтін категориясы
Дәріс жоспары:
1.Мәтіндегі уақыт пен кеңістік категориялары
2.Мәтін категориясының бөлінісі
Мақсаты: Мәтін категориясы туралы түсінік беру.
Қысқаша мазмұны:
Мәтінді зерделегенде ең алдымен категориялары бөлініп алынады.
Категория – заттар мен объективті әлем құбылыстарының барынша ортақ және елеулі қасиеттері, белгілері, байланыстары мен қатынастары көрсетілген ұғым, мәтіннің екі жақты сипаттағы көрінісі-құрылымдалуы мүмкін форма мен мазмұн бірлігі.
Мәтін категориясы-барлық мәтінге тән белгі, онсыз еш мәтін болмайды, яғни мәтіннің типологиялық белгісі.
Өз кезегінде мәтін белгілі бір дәрежеде шендестірілген категориялар жиынтығы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Мынаны ескеру маңызды:
1) мәтін ешқашан бір мәтін категориясымен модельдендірілмейді, тек олардың жиынтығымен модельдендіріледі;
2) кез-келген мәтін категориясы функционалдық-семантикалық негізде бөлініп, мәтіннің өзінің «әмбебап мағынасын» танытады.
Олардың әрқайсысына бірыңғай идеалдық мазмұн мен тіл жүйесі деңгейлерімен қатаң байланыспаған белгілі бір лингвистикалық манифестация тән.
Мәтін категорияларын функционалдық, семантикалық және стилистикалық деп ажыратуға болады.
Мәтін лингвистикасында даулы мәселелер көп, сондықтан да мәтін категориясы туралы мәселе де бірізді емес.
Ғалымдардың көпшілігі категорияларды мазмұндық және құрылымдық деп бөлуге даусыз келіскен (В. В. Одинцов, И. Р. Гальперин, З. Я. Тураева және т.б.). Алайда оларды бөлу принциптері, саны, бірқатар категориялардың атауы бір мәнді емес.
В. В. Одинцов мәтін құрылымында екі категорияны-мазмұн мен форманы бөледі. Ол мазмұн категориясына мазмұнның өзі, тақырыпты, шығарма идеясын, форма категориясына-композицияны, тілді, бейнелеу амалын жатқызады, ал сюжет мазмұн категориясы мен форма категориясын біріктіреді.
И. Р. Гальперин мен З.Я. Тураева да мәтін категориясын мазмұн мен құрылымға бөледі. Алайда И. Р. Гальперин жекелеген категориялар әрі мазмұн, әрі құрылым категориясы (континуум, астарлы мәтінді ақпарат, т.б.) болғандықтан, олардың арасына сонша қатал жіктеу қоймайды. Ол келесі мәтін категорияларын белгілеп, сипаттаған: информативтілігі, мүшеленуі, когезия (мәтін ішіндегі байланыс), мәтін үзінділерінің автосемантиясы, континуум (кеңістік пен уақыт), ретроспекция мен проспекция, модальдылық, интеграция және тұйықтауды.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Смағұлова Г. Мәтін лингвистикасы. – Алматы, 2002 ж.
|
2.Есембеков, Т.О. Көркем мәтін теориясы - Алматы: Қазақ университеті, 2015.- 186 б.
|
3.Есембеков, Т.О. Көркем мәтін поэтикасы: оқу құралы .- Алматы: Қазақ университеті, 2012.- 228 б.
|
4.Жармакин О.Қ., Мағзұмов Қ.Б. Мәтін лингвистикасы. Оқу құралы. – Павлодар: Кереку, 2011.
|
5.Оразбаева, Э.Б. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау [Электрондық ресурс]: пәнінің лекция жинағы / Э.Б. Оразбаева.- Шымкент, 2012.
|
6.Әбдікәрім, Т.М. Қазақ тіл білімінің ғылыми зерттеу негіздері - Алматы: Эверо, 2014.- 288 б.
|
7.Әлкебаева, Д.А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы [Мәтін] / Д.А. Әлкебаева.- Алматы: Зият-Пресс, 2007.- 244 б.
|
Достарыңызбен бөлісу: |