Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. Балақаев М. Томанов М. Жанпейісов Е. Манасбаев Т. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974, 264 б.
2. С.Хасанова, Ғ.Жексембаева Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1999
3. Мұсабекова Ф. Қазақ тілінің практикалық стилистикасы. Алматы, 1982
4. Е.Жұбанов Қазақтың ауызекі көркем тілі, Алматы, 1996
12-ТАҚЫРЫП: Мәтіндегі интеграция
Дәріс жоспары:
1.Мәтіннің интеграциясы мен аяқталуы
2.Мәтін интеграциясындағы деңгейлік бірліктер
3.Лексикалық деңгей бірліктері
Мақсаты: Мәтіндегі интеграция туралы түсінік
Қысқаша мазмұны:
Интеграция (лат. integratio–орнын толтыру, тұтас) – жекелеген дифференцияланған бөлшектердің тұтасқа байланыс жағдайын білдіретін жүйелер теориясының ұғымы, сол сияқты сондай жағдайға әкелетін үдеріс.
Мәтін линвистикасында интеграция – мәтіннің барлық компоненттерінің (бөлшектерінің) бір тұтастыққа бірігуі.
Интеграция мен аяқталу категориясын ғалымдардың бәрі бірдей бөле бермейді. И. Р. Гальперин интеграция категориясын да, аяқталу категориясын да бөліп, сабақтастыра сипаттайды. З. Я. Тураева интеграция категориясы, Т. В. Матвеева аяқталу категориясы туралы айтады.
Біз интеграцияның да, аяқталудың да категориясын И. В. Арнольд, И. Р. Гальперин, Т. В. Матвеева, О. И. Москальская, З. Я. Тураеваның еңбектерінде берілген зерттеулерді ескере отырып, қарастырамыз, себебі мәтінді интеграциялаудың әр кезеңі ерекше қызықты, сондықтан, біздің ойымызша, мәтінге, әсіресе көркем мәтінге одан әрі талдауды барынша кәсіби жүргізу үшін тиянақты сипатталуы тиіс.
Мәтінге қатысты интеграция – әрі үдеріс, әрі нәтиже. Жекелеген күрделі фразалық тұтастық мағыналарын, жекелеген тараулардың мазмұнын және өзгелерін бір тұтастыққа біріктіре келіп, интеграция бұл бөлімдердің қатысты автосемантиясын бейтараптандырып, оларды шығармада жинақталған ортақ ақпаратқа бағындырады.
Интеграция мәтін жүйесінің өзінде беріліп, онда даму барысына қарай туындайды. Мәтіннің бөлінбес категориясы болғандықтан, ол мазмұндық-фактуальды, ең бастысы мазмұндық-концептуалды ақпаратты сабақтастыра пайымдауды қамтамасыз етеді.
Интеграция үдерісінде ең бастысы-мәтін бөліктерінің орталыққа ұмтылушылығы. «Орталық» мазмұндық-концептуалды ақпарат. Интеграция үдерісінің өзі мазмұндық-концептуалды ақпарат үшін елеулі мәтін бөлімдерін іріктеуді керек етеді.
Интеграцияның күші оларды кейде өздерінде айтылған этикалық принциптері немесе көркем-эстетикалық функциялары бойынша тең мәнді немесе жақын жағдайға қойып, бөлімдердің өзара шарттылығын ашуда.
И. Р. Гальперин когезия мен интеграция категорияларының араларын шектейді. Бұл ұғымдар өзара шарттас, бірақ айтылу формалары мен құралдары тұрғысынан әр түрлі. Когезия – мәтінді бір контексті – вариациялық мүшелеуден басқасына өткенін анықтайтын мәтіннің жекелеген бөлімдерінің арасындағы байланыс (грамматикалық, семантикалық, лексикалық) формалары. Интеграция – мәтіннің тұтастығына жету мақсатында оның барлық бөлімдері мен компоненттерін біріктіру. Интеграцияның когезия құралдарымен жүзеге асырылуы мүмкін, дегенмен ассоциациялық және пресуппозициялық қатынастарда да құрылады. Когезия – логикалық-тілдік, интеграция – логикалық категория. Когеренттілікпен жақындасады. Когезия желілі болса, интеграция – тік және көлемді.
Көлемі шағындау мәтіндерде когезия интеграцияны толық қамтамасыз етеді. Мұндай мәтіндерде бөлімдердің байланысы мен өзара шарттылығы айқын.
Когезия тек шағын үзінділер байланысының қосалқы құралы болып, әсіресе авторлық шегінісі бар ірі үзінділер мен бөлімдерде, көркем мәтіндерде айрықша көріне қоймайды.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1.Смағұлова Г. Мәтін лингвистикасы. – Алматы, 2002 ж.
|
2.Есембеков, Т.О. Көркем мәтін теориясы - Алматы: Қазақ университеті, 2015.- 186 б.
|
3.Есембеков, Т.О. Көркем мәтін поэтикасы: оқу құралы .- Алматы: Қазақ университеті, 2012.- 228 б.
|
4.Жармакин О.Қ., Мағзұмов Қ.Б. Мәтін лингвистикасы. Оқу құралы. – Павлодар: Кереку, 2011.
|
5.Оразбаева, Э.Б. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау [Электрондық ресурс]: пәнінің лекция жинағы / Э.Б. Оразбаева.- Шымкент, 2012.
|
6.Әбдікәрім, Т.М. Қазақ тіл білімінің ғылыми зерттеу негіздері - Алматы: Эверо, 2014.- 288 б.
|
7.Әлкебаева, Д.А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы [Мәтін] / Д.А. Әлкебаева.- Алматы: Зият-Пресс, 2007.- 244 б.
|
Достарыңызбен бөлісу: |