Дебиеті кафедрасы


-ТАҚЫРЫП: Мәтіндегі байланыс құралдары. Дәріс жоспары



бет9/43
Дата20.02.2022
өлшемі0,9 Mb.
#132597
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43
Байланысты:
мәтін лингв Әдістемелік нұсқау
Практика СУ за пожилыми людми 7497197b383bc85339a3545669059b18, Сканирование июля 29, 2020 (1), Сканирование июля 29, 2020 (1), құрмалас сөйлем, жазылым, аннотация (1)
4-ТАҚЫРЫП: Мәтіндегі байланыс құралдары.


Дәріс жоспары:
1.Мәтіндегі байланыс және бөлшектеу
2.Мәтінің басты белгісі:байласымы мен тұтасымы
3.Байласымды жүзеге асырыатын тілдік амал-тәсілдер
4.Мәтіннің мағыналық тұтастығы және олардың ұйымдастырылуы. Мәтіннің түрлері.
Мақсаты: Мәтіндегі байланыс құралдармен таныстыру


Қысқаша мазмұны:
Мәтінді бөлшектеу мәтін құрайтын бөлімдердің шығарманың бірлігін, тұтастығын сақтай отырып, қалай бірігетінін, сол сияқты айтылатын уақиғалардың, фактілердің, іс-қимылдардың үзіліссіздігін, континуумын қалай қамтамасыз етілетінін көрсетеді.
Мәтінді зерделеумен айналысатын зерттеушілердің бәрі мәтіндегі байланыс құралдарын бөледі, алайда осы байланыс құралдарын әр түрлі белгілер бойынша сипаттап, жіктейді. Әр түрлі формальды байланыс ретінде когезия (лат. cohaesus, cohesion – байланысты, тіркесті) және мәтінді басқа мәтіндерден тұтастық ретінде бөліп тұратын тұтастықтың мағыналық ұйымы ретінде когеренттілікті (лат. coraerens, coherence – байланыста тұрған) бөледі.
Л. М. Лосева формальды байланыс құралдарына сипаттама береді. Ол күрделі фразалық тұтастықта байланыстың жанаспалы, аралық және тізбелі түрлерін және грамматикалық байланыс құралдарын:
а) құрмалас сөйлемнің бөліктерін біріктіру, сол сияқты дербес сөйлемдер үшін ортақ (жалғаулық, демеулік, қыстырма-модаль сөздер, етістік-бастауыштың шақ түрі, есімдікпен және оны синониммен алмастыру және т.б.);
ә) дербес сөйлемдерді біріктіру үшін ғана қолданылатын фразааралық байланыс құралдарының өзін (сөйлем шегінде өзінің семантикасын ашпайтын сөздер мен сөз тіркестері, лексикалық қайталау, екі құрамды жай сөйлем формасындағы кейбір айтылымдар, жекелеген сұраулы және лепті сөйлемдер, атаулы көріністер);
б) бір-бірінен алшақ мәтіндік байланыстың қашықтық құралдарын (мысалы, көсемшелік орам) бөледі
И. Р. Гальперин, Т. В. Матвеева, О. И. Москальская, Е. А. Реферовская құрылымдық та, мағыналық та байланыс құралдарын сипаттайды.
И. Р. Гальперин мәтіндегі байланыс түрлері мен құралдарын сипаттай келіп, когезия (яғни формальды байланыс құралдарына) терминіне басымдылық береді.
Алайда И. Р. Гальперин когезия деп континуумды қамтамасыз ететін «ерекше» байланыс түрлерін, яғни жекелеген хабарлардың, фактілердің, іс-қимылдардың т.с.с. логикалық сабақтастығын (темпоралды және/немесе мезгілдік), өзара тәуелділігін, яғни мағыналық байланыс құралдарын да түсіндіреді. И. Р. Гальперин күрделі фразалық тұтастықтағы грамматикалық байланыстың бес типін – тізбекті, параллельді, сәулелі, біріктіруші, жағдаяттық түрі туралы айтып, мәтіндегі байланыстың грамматикалық, логикалық, ассоциациялық, бейнелік, композициялық-құрылымдық, стилистикалық, ырғақ түзуші құралдарын бөледі.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:



1.Смағұлова Г. Мәтін лингвистикасы. – Алматы, 2002 ж.

2.Есембеков, Т.О. Көркем мәтін теориясы - Алматы: Қазақ университеті, 2015.- 186 б.

3.Есембеков, Т.О. Көркем мәтін поэтикасы: оқу құралы .- Алматы: Қазақ университеті, 2012.- 228 б.

4.Жармакин О.Қ., Мағзұмов Қ.Б. Мәтін лингвистикасы. Оқу құралы. – Павлодар: Кереку, 2011.

5.Оразбаева, Э.Б. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау [Электрондық ресурс]: пәнінің лекция жинағы / Э.Б. Оразбаева.- Шымкент, 2012.

6.Әбдікәрім, Т.М. Қазақ тіл білімінің ғылыми зерттеу негіздері - Алматы: Эверо, 2014.- 288 б.

7.Әлкебаева, Д.А. Қазақ тілінің прагмастилистикасы [Мәтін] / Д.А. Әлкебаева.- Алматы: Зият-Пресс, 2007.- 244 б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет