7. Радиалды тіреушіті роликті подшипник бір қатарлы конус пішінді роликтермен радиал бағытында бір жақтама әсер ететін күштерді қабылдауға арналған.
Білік осінің қиғаш орналасуына өте сезімтал. Ось бағытында екі жақтамалы әсер ететін күштерді қабылдату үшін оларды қосақтап жинақтайды. Радиалды-тіреуші шарикті подшипниктерден айырмашылығы жүк көтерілімдігі жоғары, айналу дәлдігі және айналу жылдамдығы аз және құны төмен.
8. Тіреуіші бірқатарлы шарикті подшипник осьтік күшті бір бағытта ғана қабылдайды. Аз санды айналымдарда пайдаланылады.
4.2.5 Домалау подшипниктерінің шартты белгілері Подшипник сақиналарының бірінің бүір бетінде оның шартты белгісі және подшипникті жасаған заводтың номері таңба ретінде басылған(2- сурет).
Шартты белгілер, цифралар мен әріптерден тұрады.
Соңғы екі сан оң жағынан есептелгенде – ішкі диаметр.
Мысалы, подшипниктің ішкі диаметрі 25мм- таңбаның оң жағындағы екі сан 05 болады, егер ішкі диаметрі 100мм болса таңбаның оң жағындағы екі сан 20 болады және с.с.
Сурет-2
Үшінші сан, оң жағынан санағандағы, подшипник диаметрінің сериясын көрсетеді.
1 – айрықша жеңіл;
2 – жеңіл;
3 – орташа;
4 – ауыр;
5 –жеңіл ендіелу;
6 – орташа ендіелу т.б.
Төртінші сан подшипниктің түрін(типін) көрсетелі.
0 – радиалды шарикті бір қатарлы;
1 – сфералық радиалды шарикті екі қтарлы;
2 – радиалды қысқа цилиндрлі роликтерімен;
3 – сфералық радиалды роликтерімен;
4 – радиалды ұзартылған цилиндрлі роликтерімен немесе инеге ұқсас;
5 – радиалды өрілген роликтерімен;
6 – радиалды тіреуіші шариктерімен;
7 – конус тәрізді роликтерімен;
8 – тіреуші шарикті;
9 – тіреуші роликті;
Бесінші және алтыншы подшипниктің құрылысының өзгешеліктерін көрсетеді. Жетінші сан –подшипник енінің сериясын көрсетеді.
Сандардың алдында тұрған әріптер подшипниктердің дәлдәк класын көрсетеді.
Кейбір подшипниктерде дәлдік класы шартты белгінің сол жағында тиреден кейін цифр арқылы белгіленеді.
0 – нормаль класс;
6 – жоғарылатылған;
5 – жоғары;
4 –айрықша жоғары;
2 – өте жоғары.
Басқа жағдайларда подшипниктерде олардың бөлшектерінің материалы және өңдеу тазалығын, жұмыстағы шуылының деңгейін, радиал саңлауының мөлшерін, тағы басқа қасиеттерін көрсететін белгі, негізгі шартты белгінің оң жағында қойылып әріппен белгіленеді.
Е – подшипниктің сеператоры текстолиттен жасалған,
Р – подшипник бөлшектері қызуға бекем материалдан жасалған,
К - подшипник құрылымында ерекшеліктері бар.