Дебиторлық берешекті есепке алу тəртібі


Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар 1360



бет51/89
Дата14.12.2021
өлшемі297,41 Kb.
#127142
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   89
Байланысты:
memlekettik mekemede buh.esep daris kesheni (3)

7440 Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар

1360 Қорлардың құнсыздануына резерв

2

Қорлардың құнсыздануы бойынша резервті қайта қалпына есептеу

1360 Қорлардың құнсыздануына резерв

7440 Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар

Мемлекеттік мекеме қорларды өзіндік құнынан төмен ықтимал таза сату бағасына дейін есептен шығару тəжірибесін қолданған кезде төмендегі мысал- да олардың баланстағы əділ құны 71860 теңге болады:




Қорлар- дың саны

Қорлардың өзіндік құны

Ағымдағы баланстағы құны

Сату бағасы

Сату кезін дегі шығындар

Таза сату бағасы (4-5)

Есепті кезең аяғына қорлардың əділ бағасы (2-ші жəне 6-шы

бағананың ең

кішісі)


1

2

3

4

5

6

7

800

7,00

5600

7,60

0,50

7,10

5600(2*1)

2200

7,50

16500

7.80

0,50

7,30

16060 (6*1)

4000

7,25

29000

7,90

0,90

7,00

28000(6*1)

3000

7,40

22200

8.20

0,40

7,80

22200 (2*1)







73300










71860

Резерв құру 7440 «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар» шотының дебеті жəне 1360 «Қорлардың құнсыздануына арналған резерв» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.Біздің келтірілген мысалымызда оның соммасы 1440 (73300-71860) теңгені құрайды.



Егер келесі есеп жылының соңында қорларды өзіндік құннан төмен бағамен есептен шығаруды туындатқан жағдайлар əрекет етпесе немесе экономикалық жағдайлардың өзгеруінің салдарынан таза сату құнының көтерілуінің анық айғақтары болса, есептен шығару сомасы қалпына келтіріледі (бұл ретте қалпына келтіру есептен шығарудың алғашқы сомасы шегінде жүзеге асырыла- ды). Осы операция есепте 1360 «Қорлардың құнсыздануына арналған резерв» шотының дебеті жəне 7440 «Активтердің құнсыздануынан түсетін шығыстар» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
    1. Қорлардың есептен шығарылуы

Баланстан есептен шығарылатын қорлардың өзіндік құнын бағалау үшін мынадай əдістер қолданылады:



Мемлекеттік мекеме субъектінің оларды қолдану мақсаты жəне ұқсас табиғаты бар барлық қорлар үшін өзіндік құнды есептеудің бір əдісін қолданады. Өзара сипаты мен қолданылу мақсаты бойынша ерекшеленетін қорларға қатысты өзіндік құнды бағалаудың əр түрлі əдістерін қолдану ақталған болып табылады. Мемлекеттік мекеме таңдаған қорларды бағалаудың əдісі есепті кезең ішінде қолданылады. Бірыңғай есеп саясатына сəйкес əр жылға осы үш əдістің ішінен екеуін қолдану көзделген: шығындардың ерекше сəйкестігі не- месе арнайы индентификациялық жəне орташа өлшем құны əдісі.

Мысал. Есепті кезең басында қорлар бойынша ешқандай кіріспе қалдық болған жоқ. Ұйым есепті жыл ішінде мына төмендегі қорларды алды.








Қорлар саны

Қорлардың бір өлшемінің бағасы (мың теңге)


Жалпы құны

26 қаңтарда

200

20

4 000

2 наурызда

180

25

4 500

19 шілдеде

300

30

9 000

25 қарашада

260

23

8 320

жинағы

940

Х

25 820

Есепті жыл соңында қорларды түгендеу нəтижесінде ұйым қоймасында 270 өлшем бірлігіндегі босалқы қалды. Есепті кезең ішінде қорларды сатудан түскен табыс сомасы 20 650 мың теңге.



ФИФО əдісі бойынша: (мың теңге)


1. Сатудан түскен табыс

20 650

2. Есепті кезең соңындағы қорлар (260х32 теңге=8 320+(10х30= 300)

8 620

3. Сатылған қорлардың өзіндік құны

(17 200)

4. Сатудан түскен жалпы табыс

3 450

Орташа өлшемді құн:


1. Бір өлшемдегі босалқының орташа өлшенген құны (25 820 : 940)

27,47

2. Есепті кезең соңындағы қорлар (270 х 27,4 теңге)

7 416,90

3. Сатылған қорлардың өзіндік құны

(18 403,10)

4. Сатудан түскен жалпы табыс

2 246,90


Ерекше сəйкестендіру əдісі
Есепті кезең соңында жүргізілген түгендеу мəліметтері бойынша 270 бірліктегі қорлар, оның ішінде 20 өлшем екінші партиядан, 50 өлшем үшінші партиядан, 200 өлшем төртінші партиядан қоймада қалған.


1. Сатудан түскен табыс

20 650

2. Кезең соңындағы қорлар: 20 х 25 теңге = 500

50 х 30 теңге = 1 500

200 х 32 теңге = 6 400





3. Сатылған қорлардың өзіндік құны

(17 420)

4. Сатудан түскен жалпы табыс

3 230

Қорлар өзіндік құнын есептеу тəсілдерін салыстыру





ФИФО

Орташа өлшеу құны

Ерекше сəйкестендіру

1. Сатудан түскен табыс

20 650

20 650

20 650

2. Есепті кезең соңындағы қорлар

8 620

7 416,90

8 400

3. Сатылған қорлардың өзіндік құны

17 200

18 403,10

17 420

4. Сатудан түскен жалпы табыс

3 450

2 246,90

3 230

Ерекшелікті сəйкестендіру əдісі өзара алмастырушы болып табылмайтын қорлардың, сондай-ақ олар сатып алынды ма не өндірілді ме, қарамастан ар- найы жобалар үшін өндірілген жəне арналған тауарлар немесе көрсетілетін қызметтердің өзіндің құнын анықтау үшін қолданылады. Шығындардың ерекшелікті сəйкестендіруі ерекшелікті шығындар қорлардың белгілі бір бап- тарына жатады дегенді білдіреді.

Орта өлшем құнының əдісі кезең басында ұқсас баптардың орта өлшем құнынан əр баптың бағасын анықтауды жəне кезең ішінде сатып алынған не- месе өндірілген осындай баптардың бағасын анықтауды болжайды.

Орташа мəні мерзімді немесе субъекті жұмысының шарттарына байланыс- ты əр қосымша жеткізілімді алу шамасына қарай есептеле алады.

ФИФО əдісі (бірінші түсім – бірінші шығыс) бірінші сатылып алынған қорлар бірінші болып есептен шығарылатындығын, демек қорларда қалатын баптар кезең соңында кешірек алынғанын ұйғарады.

Қорларды есептен шығару 7060 «Қорлар бойынша шығыстар», 8011 «Ма- териалдар» шотының дебеті жəне Шоттар жоспарының «Қорлар» бөлімі шотының тиісті қосалқы шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі [9.3-кес- те].



9.3-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет