Дебиторлық берешекті есепке алу тəртібі


Қорлардың бухгалтерлік корреспонденциялары



бет49/89
Дата14.12.2021
өлшемі297,41 Kb.
#127142
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   89
Байланысты:
memlekettik mekemede buh.esep daris kesheni (3)

Қорлардың бухгалтерлік корреспонденциялары




Операция мазмұны

Дт

Кт

1

Қорлардың жеткізушілерден түсуі

1310 Материалдар

1340 Тауарлар

3210 Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық

берешек


2

Алдын ала төленген аванс есебінен жеткізушілерге

қарызды өтеу



3210 Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді

кредиторлық берешек



1410 Берілген қысқа мерзімді аванстар

3

Басқа мемлекеттік мекемелерден қорлар

алу


1310 Материалдар

6330 Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын

кірістер


4

Демеушілік жəне қайырымдылық көмек ретінде қорларды

қабылдау


1310 Материалдар

6050 Демеушілік жəне қайырымдылық көмектен алынатын кірістер

5

Өндiрiстен қоймаға берiлген дайын бұйымдарды жəне

өнiмдердi есепке алу



1330 Дайын өнім

8010 Өндіріске жəне басқа мақсаттарға арналған шығындар

6

Жеткізушілерден құрылысқа арналған құрылыс материалдарының

түсуі


1311 Құрылыс материалдары

3210 Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек

7

Түгендеу кезінде артық

шыққан құрылыс материалдарын

есепке алу


1311 Құрылыс материалдары

6360 Өзге кірістер

8

Тапсырыс берушіге тақырып аяқталған соң қайтарылмаған арнайы жабдықтарды пайдалануы

мүмкiн баға бойынша материал ретінде есепке алу



1310 Материалдар

6360 Өзге кірістер

9

Жоспарланған өзiндiк құн бойынша жас төлге қосылған салмақты жəне төлдi есепке алу

1319 Өзге материалдар

6360 Өзге кірістер

10

Малдарды сойған кезде жоспарланған баға бойынша мал өнiмдерiн есепке алу

1310 Материалдар

2610 Жануарлар

11

Жеткізушілерден материалдар мен тамақ өнiмдерiнiң

түсуi


1310 Материалдар

1314 Тамақ өнімдері

3210 Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық

берешек


12

Дайындаудан жəне қайта өңдеуден түскен материалдарды

есепке алу



1310 Материалдар

8010 Өндіріске жəне басқа мақсаттарға арналған шығындар

Қайтарымды немесе айырбасталатын ыдыс (бөшкелер, бидондар, жəшік- тер, бөтелкелер жəне басқа ыдыс) босы да, қорлардағы да өнім берушілердің шотында көрсетілген баға бойынша ескеріледі: 1319 «Өзге материалдар» қосалқы шотының дебеті жəне 3210 «Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті.



Дайын бұйымдар мен баспа өнімі оның жасалуына жұмсалатын іс жүзіндегі шығындардың деректері бойынша анықталған іс жүзіндегі өзіндік құн бойын- ша ескеріледі. Дайын өнімнің сомасына 1330 «Дайын өнім» қосалқы шотының дебеті жəне 8010 «Өндіріске жəне басқа мақсаттарға арналған шығындар» шотының кредиті бойынша жазба жүргізіледі.

Жолдағы қорларға мемлекеттік мекемелер басқа қалалық жеткізілімдер

бойынша төлеген, бірақ айдың соңында қоймаға түспеген, сондай-ақ орталықтандырылған қамтамасыз ету жəне шаруашылық қызмет көрсету топтарының қоймасына алынған жəне мемлекеттік мекемелерге бөлінбеген қорлар жатады.

Жолдағы қорларды тану мынадай жазбамен көрсетіледі: 1350 «Жолдағы қорлар» қосалқы шотының дебеті жəне 3210 «Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті. Қорлар мемлекеттік мекемеге түскенде мынадай жазба жүргізіледі: «Қорлар» шотының тиісті қосалқы шотының дебеті жəне 1350 «Жолдағы қорлар» шотының кредиті.

Бюджеттік бағдарламалардың əкімшілері Қазақстан Республикасының бюджетті атқару жөніндегі уəкілетті органымен келісім бойынша активтерді есепке алудың жалпы тəртібіне сəйкес келетін іш киімді, төсек жабдықтарын, киім-кешекті жəне аяқ киімді ведомстволық бақылауды анықтайды.

Дəрі-дəрмектер мен байлау құралдарын есепке алу тиісті орталық пен өзге мемлекеттік органдар шығаратын жəне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісілген нұсқаулықтарға сəйкес жүргізіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет