Дебиторлық берешекті есепке алу тəртібі


-ТАҚЫРЫП ҚОРЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ТƏРТІБІ



бет45/89
Дата14.12.2021
өлшемі297,41 Kb.
#127142
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   89
Байланысты:
memlekettik mekemede buh.esep daris kesheni (3)

9-ТАҚЫРЫП ҚОРЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ ТƏРТІБІ


Жоспар

    1. Қорларды бастапқы тану жəне олардың есебін ұйымдастыру

    2. Қорлардың бастапқы бағалануы жəне есебі.

    3. Қорлардың кейінгі есебі жəне бағалануы

    4. Қорлардың есептен шығарылуы

    5. Қорлардың қаржылық есептілікте ашылуы

    6. Қорлар бойынша жасалған операцияларды құжаттау



    1. Қорларды бастапқы тану жəне олардың есебін ұйымдастыру

Қорлар құрылыс материалдарын, оқу, ғылыми зерттеулер жəне басқа мақсаттар үшін материалдарды, дəрі-дəрмектер мен байлау құралдарын, тамақ өнімдерін, отын жəне жағу, шаруашылық материалдары мен кеңсе құралдарын, арнайы киім-кешекті жəне басқа жеке пайдаланудағы құралдарды, қосалқы бөлшектерді, аяқталмаған өндірісті, дайын өнімді, тауарларды, жолдағы қорларды қамтиды.

Қорларды есепке алу материалдардың атауы мен жауапты тұлғалар бо- йынша сандық жəне сома түрінде жүргізіледі. Қорларды есепке алудың негізгі міндеттері барлық материалдық құндылықтардың дұрыс қолданылуы мен қозғалысын бақылау жəне сақталуын қамтамасыз ету; қорлар мен шығыстардың белгіленген нормаларын сақтау, белгіленген тəртіппен сатуға жататын, қолданылмайтын материалдарды уақытылы анықтау; мемлекеттік мекемелердің қоймасындағы қалдықтар туралы нақты мəліметтерді алу болып табылады.

Бухгалтерлік қызмет жүйелі түрде қоймадағы материалдық құндылықтар- дың түсімі мен жұмсалуына бақылауды жүргізеді, сондай-ақ қоймада (қамбада) жүргізілген жазбалармен материалдарды есепке алу жөніндегі өз жазбалары- мен салыстырады.

Мемлекеттік мекеменің қорларын есепке алу үшін мынадай шоттар арналған:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет