Қорлардың бастапқы бағалануы жəне есебі.
Қорлар бухгалтерлік есепте:
сатып алуға, баға қосуға (үстеме бағаға),
мемлекеттік, сыртқы экономикалық, жабдықтаушы, делдал мекемелерге төленген комиссиялық сыйақыларға;
тауар биржалары қызметінің құнына, кедендік баждарға;
тасымалдауғы шығындарға;
сақтау мен жеткізуге шығындарды ескере отырып анықталатын олардың нақты құны бойынша қаржылық есептілікте көрсетіледі. Сатып алуға шығындарды анықтау кезінде сауда жеңілдіктері, төлемдердің қайтарулары мен өзге ұқсас баптар алынып тасталады. Өзге шығындар қорлардың өзіндік құнына қорларды олардың қазіргі орналасқан жері мен жағдайына жеткізуге байланысты мөлшерде ғана қосылады.
Мысалы: «Жансая-Құралай» атты мекеме ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін шетелден материалдар алды. Оның құны 310000 теңге болды. Тауар биржалары қызметінің құны 18400 теңге, кедендік баж 24500 теңге, тасымалдауғы шығындарға 12450 теңге, сақтаумен жеткізу шығындары 18540 теңге жəне алып келгеннен кейінгі қойманың жалдауына кеткен шығындар 22680 теңге құрады. Сонда материалдардың өзіндік құны 393800 теңгені (310000+18400+24500+12450+18540) құрайды.
Ауылшаруашылық мақсатындағы биологиялық активтерге жатпайтын жас төлдің төлдеуі мен қосылуын кіріске жазу жоспарланған өзіндік құн бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мекеме:
басқа мемлекеттік мекемеден алынған – тапсыратын қорлардың баланстық құнын;
қайтарусыз негізде үшінші тараптаналынған – қорлардың əділ бағасын қорлардың өзіндік құны деп таниды.
Қорларды сатып алу мынадай корреспонденциялармен көрсетіледі:
шотының дебеті жəне 3210 «Жеткізушілерге жəне мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотының кредиті (қайтарымды немесе айыр- бастау ыдысын алып тастағанда, сатып алу бағасы бойынша);
басқа мемлекеттік мекемеден түсім: 1310 «Материалдар», 1340 «Тауар- лар» шоты тиісті қосалқы шотының дебеті жəне 6330 «Өтеусіз түрде алынған активтерден алынатын кірістер» (баланстық құны бойынша) шотының кредиті;
демеушілік, қайырымдылық көмек немесе гранттар түрінде түсім: 1310
«Материалдар», 1340 «Тауарлар» шоты тиісті қосалқы шотының дебеті жəне 6050 «Демеушілік жəне қайырымдылық көмектен алынатын кірістер» (əділ құн бойынша) шотының кредиті [9.1-кесте].
9.1-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |