«Дефектология негізі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен


Тақырып:Сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған арнайы мекемелер жүйесі



бет70/113
Дата07.09.2020
өлшемі1,23 Mb.
#77603
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   113
Байланысты:
«Дефектология негізі» п ні бойынша о у- дістемелік кешен
46.10гео, 45.10гео, 767f84253bd59368c0d3f8a69b50ecc0, 767f84253bd59368c0d3f8a69b50ecc0, АД тест 2
Тақырып:Сөйлеу тілі бұзылған балаларға арналған арнайы мекемелер жүйесі

Дәрістің мазмұны:

1.Білім беру жүйесіндегі арнайы топтар

2.Денсаулықты сақтау жүйесіндегі логопедиялық көмек.

Тіл ауытқушылығы бар балаларға арналған мектеп жүйелері XX ғасырды 60 жылдарында ашыла бастады.Қазіргі кезде көмек білім беру,денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйесінде іске асады.Білім беру жүйесінде тіл ауытқуы бар балалар тобының және мектепке дейінгі мекемелер туралы типтік жағдай қалыптасқан және арнайы топтың 3 профилі анықталды.



  1. фонетико-фонематикалық жағынан дамымай қалған балаларға арналған топ;

  2. жалпы тіл кемістігі бар балаларға арналған топ;

  3. тұтықпа балаларға арналған топ.

Бұдан басқа балабақшада жалпы типтегі логопедиялық пункттер,жалпы білім беретін мектептерде оқуда қиындық көріп жүрген және тіл ауытқушылығы бар балаларға логопед пункті болады.Сонымен бірге екі бөлімнен тұратын арнайы мектептер болады.Бірінші бөлімде сөйлемнің ауыр бқзылысынан зардап шеккен балалар үшін (дизартрия,ринолалаия,алалия,афазия) арналған.Екінші бөлімшеде ауыр тұтығудан зардап шегетін балаларды емдейді.Логопедиялық көмек денсаулық сақтау жүйесінде іске асады.Поликлиника және психоневрологиялық диспансерлерде тіл бұзылысына шалдыққандарға көмек көрсететін логопедиялық кабинеттер болады.

Әлеуметтік қорғау жүйесінде балалардың тіл кемшілігін диагностикасы және түзету үрдісі жүзеге асатын арнайы үйлер болады.Психоневрологиялық балалар санаторийі түрлі неврологиялық ауруға шалдыққандарға көмектесімен бірге тіл дамуының ауытқушылығы бар балаларға да көмектеседі.Логопедиялық көмек мекемеден тәуелсіз медико-психологиялық-педагогикалық кешенді көмек шартыменжүзеге асады.Осылайша,логопедия тіл патологиясына ұшыраған әртүрлі жас ерекшеліктегі тұлғаларды зерттеу,тәрбиелеу, оқытуға бағытталған педагогика бөлімі.Жалпы, бұл балалар мектепте педагог жағынан үлкен көңіл аударуды талап етеді.Ең алдымен тіл кемістігі бар балалардың әсіресе жазу және оқу үрдісін игеруге қиын соғатын балаларды логопедке жіберу керек.Сонымен бірге жеңілдетілген оқыту режимін ұсынған жөн.Ең алдымен бала оқытушы жағынан психологиялық көтермелеуді қажетсінеді.Бұл мадақтау,ескерту барысында жұмсақ ырғақты айту т.б барысында көрінеді.

Егер балада жазу немесе оқу барысында қате көп кезіксе,бір тапсырманы бірнеше мәрте қайталап орындатудың қажеті жоқ.Бұл жағдайда бала аранайы коррекциялық әдістің көмегімен жүргізілетін арнайы логопедиялық көмекті қажет етеді.

Мұндай балалармен қарым-қатынас барысындапедагог өзінің сөйлеу сапасына көңіл аударуы тиіс.Педагогтың сөзі,сөйлеуі өте тез емес,мәні жағынан анық және қысқа,эмоционалды болу керек. Қазіргі уақытта балалардың аузші сөйлеу тілінің толық дамымауы оның оқуымен жазуындағы кемістігімен тығыз байланыс бар екендігі айқындалып отыр .

Диаграфия, дислепсия –тыгыз байланысты Н.А.Никошина, Л.Ф.Спирова, Р.И.Шуйфер балалардың жазу патологиясың түзету мәселесіне орналған жұмыстарында ауызені сөйлеу тілінің және оқуы мен жазуындағы кемістіктерін жұмылдырып жою керек екендігіне ерекше коніл аударады.Логикалық жұмыстың негізгі бағыттары:

1.Фонетикалық түйсігін жетілдіру ,қарама қарсы дыбыстарды және буымдарды ажырату жұмысын тек айтумен естіртіп қана коймай сондай-ақ оны жазу тілінде бекетіп машықтандырады.Фонетикалық түйсігін қалыптастыруды ,сондай-ақ міндетті түрде тілдің қимылдау анализаторының қатысуымен жүргізеді . Фонематикалық есту қабілетін жетілдіре отырып , дыбыстарды айтқызу жұмыстары бір мезгілде жүзеге асырылады.

2.Дыбыстарды айтқызу жұмыстары.Ең алдымен бұрмалау, алмастыру, түсіріліп қалдырылу сияқты дыбыстардың айтылуындағы барлық кемістіктерді жою қажет.

Кейде сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуы сақталған балаларда кездеседі.

3.Дыбыстарды талдауға және жинақтауға дағдылануың жетілдіру.Фонематикалық түйісігін жетілдіру жұмысы дыбыстардыталдауға дағдылануын жетілдіру жұмысына өтеді


  • а) сөйлемнен сөзді сөзден буынды буыннан дыбыстарды бөлу бундай талдау ұзын сызық сөйлемді қысқа сызықтар сөздерді, ең қысқа сызықтар буындарды , нүктелер дыбыстарды көрсететін тұтас сөйлемнің барлығын құрастырумен қоса беріледі.

  • б) жетпейтін дыбыстарды, буындарды жазып бітіру.

  • в)бір бағанаға бір буынды сөздерді, екінші бағанаға екі буынды сөздерді, жазып буындардың сандық мөлшері бойынша сөздерді іріктеу .

  • г ) берілген дыбысқа сөздер ойлап табу және оларды жазу.

Ең алдымен мұғалімнің жалпы мінез-құлқы және балаларға деген қарым-қатынасы (мимика) қайырымды және балаларда өзара бірге жұмыс істеуге деген тілектерін тудыру тиіс.Сыныпта тұтығатын бала болса, ауызша тапсырмаларды жазбашаға аударып керек емес.Егер балада үрей өте үлкен болса,сабақтан кейін сұрау қажет және педагогтың қайырымды қарым-қөатынасы баланың тілінің сапасының жақсаруына көмегін тигізеді.Қазіргі кезде тіл ақаулығы бар балалардың санының ескере келе педагогтың логопедия негізін және педагогика бөліктерін білу балаларды оқыту және тәрбиелеуде адекватты формаларын табуына көмектеседі.

1. Денсаулықты сақтау жүйесіндегі логопедиялық көмек

2. Арнайы мекемелер жүйесі

3. Логопедиялық көмектің медициналық жағы

4. Логопедиялық көмектің педагогикалық жағы

20 дәріс





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет