«Дефектология негізі» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен


Тақырып:Диагностикалық іс-әрекеттің ұйымдастырылу талаптары



бет79/113
Дата07.09.2020
өлшемі1,23 Mb.
#77603
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   113
Байланысты:
«Дефектология негізі» п ні бойынша о у- дістемелік кешен
46.10гео, 45.10гео, 767f84253bd59368c0d3f8a69b50ecc0, 767f84253bd59368c0d3f8a69b50ecc0, АД тест 2
Тақырып:Диагностикалық іс-әрекеттің ұйымдастырылу талаптары.

Дәріс мазмұны:

1. Зерттеуді ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптар.

2. Психологиялық-педагогикалық зерттеу процедураларының өзара байланысы.

Психолого-педагогикалық тексеру бірыңғай кешен, өзінің арнайы міндеттері бар 3 өзіндік бағыты бар: клиникалық, психологиялық, педагогикалық..Тексерудің соңғы мақсаты педагогикалық шарттарды анықтау және жеке тәсілдер, көмектің әдістері болып табылады.Бірінші ереже бойынша клиникалық тексерумен жүзеге асады, клиникалық анамнез бойынша дизонтогенез түріндегі алдын ала гипотезаны құрастыруға бағытталған. Детальдық анамнез клиникалық тексерудің маңызды болжау бөлігі, диагност отбасы жөнінде және туғаннан пайда болатын аномалиялық дамуы, аурулары мен жарақаттары, балабақшаға (мектепке) адаптациясы жөніндегі мәліметтер жинақталады.

Клиникалық тексеру:


  • терапевтің тексеруі мақсаты бойынша баланың соматикалық денсаулығы жөнінде мәлімет алады және осының негізінде режимін , емдеу-профилактикалық шаралар ұйымдастыруды анықтайды;

  • невропатолог тексеруі орталық жүйке жүйесінің бұзылысын және сипатын анықтайды. Мидың органикалық бұзылысы анықталған жағдайда коррекциялық педагогикалық әсер етуде медикаментозды терапия жүргізіледі;

  • невропатолог тексеруі органикалық бұзылыста нейрофизиологиялық тексерісте алынған объективті мәліметтерді толықтырады;

  • афазияда нейропсихологиялық тексеру жүргізу қажет, себебі ол жоғары психикалық функцияның жағдайы жөнінде мәлімет алуға мүмкіндік береді;

  • Педагогикалық тексеруде педагог баланың оқу дағдысының деңгейін және оқу материалын меңгеруін анықтайды.

  • Педагогикалық диагностика процесі қажет:

  • баланың даму динамикасын бағалау үшін және коррекциялық жұмыс бағытталған психикалық сипаттың жақсы нәтижесіне жету үшін;

  • «бала-педагог» диадасындағы тұлғааралық қарым-қатынас оптимальды ұйымдастырылу үшін, бала мен оқытушылардың жеке –типологиялық ерекшелігін анықтау;

  • барлық педагогқа әсер ететін педагогикалық әсер етудің нәтижесін талдау, баланың ата-анасымен кеңес жүргізуге, әрі қарайғы жұмысты жоспарлау үшін.

Психологиялық тексеру- тексерудің басты түрі, бұның міндетіне тұлға жөнінде мәлімет алу, баланың ақыл-ой дамуы мен деңгейін анықтау кіреді.

Психологиялық тексерудің нәтижелілігі психологиялық- педагогикалық міндет шешетін адекватты таңдайтын психодиагностикалық әдістерге байланысты.

Психологтың диагностикалық қызметі психологиялық модель негізінде жүзеге асады. Логопедтің диагностикалық қызметі тілдік дамудың бұзылысының пайда болуын анықтау мен талдауға оларды түзету жолдарына бағытталған.

Логопед пен психологтың баланың тексеруін ұйымдастыруда жалпы кезеңдері бар.

Диагностикалық кезеңдер:


  1. баланың өзекті проблемасына бағдарлану, зерттеудің гипотезасын қалыптастыру, диагностика құралын анықтау, тексеру процедурасын жоспарлау;

  2. маман жасаған гипотезаның сәйкестігіне диагностика өткізу

  3. объективті нәтижені талдау және интерпретациялау, бұзылысқа сай білім беру орындарында жеке білім беру маршруты негізінде коррекциялық шараның бағдарын анықтау;

Диагностикалық тексеру процедурасы анықтайтын проблемаға сәйкес жоспардан, тексерілушінің жасы мен оның өзекті мүмкіндігінен басталады.

Тексеруді дайындау алға қойған мақсатқа сай стимульдық материалмен нақты әдістерді таңдаудан басталады.Тілді тексеру логопедтің әртүрлі стандартты емес әдістермен, тесттік тапсырмалармен жүзеге асады.Баланы логопедиялық тексеруде қолданылатын стимульдық материалдар:

І. Тілдің фонетикалық жағын зерттеуге арналған материалдар:

1. Заттық суреттер , сөздегі әртүрлі жағыдайлардағы дыбыс мазмұны (басы, ортасы, соңы);

2. Тілдік материал;

ІІ. Тілдің фонематикалық жағын зерттеуге арналған материал: суреттер, дыбыстың дифференцировты қабілетін анықтауға арналған тілдік материал;

ІІІ. Тілдің лексикалық және грамматикалық жағын зерттеуге арналған материал:


  1. лексикалық тақырып бойынша заттық және сюжеттік суреттер;

  2. әрекет бейнеленген суреттер;

  3. әртүрлі сандағы заттардың суреті;

  4. біржақты заттар салынған суреттер, белгілі бір белгісі бойынша ерекшеленеді;

ІУ. Байланысқан тілдің жағдайын зерртеуге арналған материал:

  1. Сюжетті суреттер;

  2. Әртүрлі жасқа арналған сюжетті картиналар (2,3,4,5) сериясы;

У. Тілдік анализ бен синтезді зерттеуге арналған материалдар:

1. тілдік материал (сөздер, дыбыс-буындық құрылымдағы сөздер);

2. заттық және сюжетті суреттер;

УІ. Жазбаша тілдің жағдайын зерттеуге арналған материал:

1. оқуға арналған тексттер;

2. буындық таблицалар;

3. әріптер;

4. диктант пен шығарма текстері;

5. көшіруге арналған жазба және таспа түріндегі тексттер;

Диагностикалық қызметті ұйымдастыруға арналған жеке талаптар.

Тексеруді жүргізуге арналған нақты шарттар (бақылау, эксперимент, әңгімелесу, тестілеу) алынған қорытындыға әртүрлі деңгейде әсер етуі мүмкін. Бұл әсіресе психологиялық тексеруді өткізгенде маңызды.


  • Психолог есепке алатын жағдай тексерілушінің жеке тұлғасына байланысты (жынысы, жасы, мотиві, позициясы, мінезі т.б.) және тексеру жүзеге асатын сыртқы шарттарға байланысты.Әсіресе көп көңіл аудару керек денсаулығына, әртүрлі психосоматикалық, физиологиялық бұзылыстарға, дамуындағы ауытқушылықтарға. Психологқа келетін болсақ, ол керісінше диагностикалық материалға сай келетін психологиялық құралдарды қолданады.Психолог баланың жағдайын түсіну қажет.Сонымен қатар психолог тексеру өтетін сыртқы жағдайларына көңіл бөлу қажет: дыбыстық фон, ауа жағдайына, жиһаз сапасына.Диагностиканың сәтті өтуі алдын ала дайындыққа байланысты. Тексерудің алдында балаға жаңа жағдайға үйренуіне, шынайы түрде жасауына мүмкіндік беру керек.Алдын ала жасалатын шарттарға стимулдық материалды дайындау болып табылады. Жеке тексеру кезінде әсіресе тест өткізгенде материалды дайындау қажет. Ереже бойынша материалдар столға жақын тексерілушінің мазасын алмайтындай жерге қою керек. Топтық тексеру кезінде барлық тесттік бланкалар, жауап парағы, карандаштар, т.б. материалдар мұқият тексеріліп, орнымен қою қажет.Диагностиканың нақты процесімен танысу- бұл аса маңызды болып келеді. Жеке тексеру үшін және топтық тексеру кезінде әркім өзінің қызметін білу үшін алдын ала нұсқауды дайындау керек.

  • Біріншіден, стандартты процедураның маңызды емес жағы болса да тексеру қажет.Психодиагностикалық әдісті жасаушы процедураның анық және толық болуына жауапкершілік алады.

  • Екіншіден, зерттеудің стандартты емес жағын тіркеу керек.

  • Үшіншіден, қорытындыны интерпретациялауда зерттеудің шартын есепке алу қажет.

Психометрияда «өзара түсінісу» термині экспериментатордың зерттелушінің қызығушылығын шаұыруы дегенді білдіреді, онымен байланыс жасау.Психологтың дайындығы тестті өткізуіне байланысты тексерілушімен өзаратүсінісу қажет. Байланыс орнатқан жағдайда және басқа да тесттік процедурада бірыңғай шарт- салыстырмалы нәтиже алу.Жеке тексеруде өзара түсінісу топқа қарағанда толық болуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда белгілі бір қадам жасау қажет, зерттелушіден жағымды мотивация алу үшін және күйзелісін төмендету үшін. Экспериментатордың көңілді және жұмсақ манері баланың сабырлы болуына көмектеседі.

Тестілеу балаға ойын түрінде болуы керек. Ойын әдісі тестке деген қызығушылықты көтеретін тиімді әдіс.Тестілеудегі үйлесімділік. Зерттелушімен байланыс жасаудағы көптеген тәсілдер тестілеу кезіндегі үрейленушілігін төмендетеді. Экспериментатордың мінезі, тестілеу процесін жақсы ұйымдастыру мақсатқа жатады.

Жоғары деңгейдегі үрейленушілік оқуға және интеллектуалды дамуға теріс әсер етеді. Бірақ тестілеу кезінде бұл жағдай уақытша сипатта болады. Тексеруді әңгімелесуден бастау қажет, баламен байланыс жасаудың құралы проективті әдістер және ол жөнінде алғашқы бағдарланған ақпарат алуға мүмкіндік береді. Кейбір жағдайда бұл ақпарат тексреу жоспарын өзгертуі мүмкін, сондықтан өолда жеткілікті түрде дайын материалдар болған дүрыс.Зерттеу жүргізгенде барлық талапты сақтау үшін негізгі кезеңде бізді қызықтырған пән жөнінде дәл мәлімет алуға болады және жауапты кезең- зерттеу нәтижесін талдауға көшу.Талдау кезеңінде алынған мәліметтерді өңдеу.Талдау поцесінде топтау, қосымша есептеу, себепті-тексеру байланыстары бекітіледі. Дәлелдеп реттеп болған соң зерттеудің нәтижесінің соңғы процедурасы - қорытынды жазу және зертелушіге психологиялық диагнох қоюболып табылады.

29 дәріс





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет