деңгей Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері



бет17/55
Дата25.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#154790
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55
Байланысты:
1-де гей 1 аза стан Республикасы Конституциясында ы білім беру

29. Қазіргі білім берудің мазмұны
Халыққа білім беру ісін жетілдіру – мемлекеттің білім беру саясатының өзекті мәселелерінің бірі.
Қазіргі білім беру мазмұны – жеке адамның біліктілігі мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табалатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені). Білім беру мазмұны білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленетін білім беретін оқу бағдарламаларымен айқындалады. Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдение дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі.
Білім беру мазмұны – оқыту процесінің компоненттерінің бірі. Білім беру мазмұны - жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, педагогикалық адаптацияланған білім, іскерлік, дағдылардың, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен эмоционалдық-жігерлік қатынас тәжірибесінің жиынтығы немесе жүйесі.
Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде «нені оқыту керек?» сұрағына жауап береді. Оқушыларды дамыту үшін оларға адамзат жинақтаған дер, іскерліктер мен дағдылардың жүйесін меңгерту керек.
Қазіргі білім беру мазмұнын құрайтын компоненттер төмендегідей болып табылады:
Білім беру мазмұнының компоненттері
1. Білім
2. Іскерлік
3. Дағды
Қазіргі білім беру мазмұны адамзат дамуының әрбір кезеңінде, білім берудің мақсаты мен міндеттерін қоғам талабына сай өзгертіп отырады, сәйкесінше білім беру мазмұны да қзгеріске ұшырайды.


30. Қазіргі оқытуды ұйымдастырудың формалары – Латын сөзі «форма» тысқы бейне, сырттай көрініс, қандай да нәрсенің құрылымы дегенді білдіреді. Оқуға байланысты форма екі мағынада қолданылады: 1) оқу формасы 2) оқу-ұйымдастыру формасы.
Дидактикалық категория ретінде оқу формасы оқу процесі ұйымдастыруының сыртай көрінісін білдіреді. Ол оқу процесінің мақсаттары мазмұны, әдістерімен құрал-жабдықтарына материалдық жағдайларына да байланысты болып келеді. т.б. Оқушылар санына оқу уақытымен орнына іске асыру тәртібіне орай оқу формасы әр қилы болып табылады. Қазіргі мектеп тәжирибесінде келесідей оқу формалары жүзеге асырылады. Жеке дара, Топтық, Толық сыныптық Ұжымдық, Жұптастық, Дәрісханалық, Дәрәсханадан тыс сыныптық , Сыныптан тыс, Мектептік және мектептен тыс мұндай топтастырудың классификациясы жетілген ғылыми негіздемесі әзірге болмай тұр. Дегенмен осы тұрғыдан оқу формаларының көп түрлілігін біршама ретке келтіруі мүмкін. Жеке –дара оқу формасы мұғалімнің бір оқушымен педагогикалық қатынасқа келуімен құралады. Оқудың топтық формасында оқушылар әрқилы мүдде-мақсатқа орайласқан топтарда оқиды тәрбиеленеді. Толық сыныппен жұмыс (фронталь) формасы оқуда мұғалім бір мезетте барша оқушылармен біркелкі тапсырма міндет белгілеп сынып қатысушыларының бәріне ортақ іс-әрекеттер төңірегінде бірқалыпты оқу жұмыстарын алып барады. Оқудың ұжымдық формасы. Бұл оқу түрінің фронталь оқу формасынан өзгешелігі: сынып оқушылары өздеріне тән ара қатынас қзара ықпал жасау ерекшеліктерін сақтаумен біртұтас мақсат-мүддесі ортақ біртекті жұмыс бағытында бірігіп бекіген ұжым ретінде. Жұптасып оқуда негізгі өзара байланысты оқу әрекеттері екі қатысуымен орындалады. Дәрісханалық және дәрісханадан тыс сыныптық және сыныптан тыс мектепшілік және мектептен тыс оқу жұмыстары өздерінің өткізілетін орындарымен белгіленеді.
Оқу ұйымдастыру формасы – бұл оқу процесінің жекеленген бөлігінің құрылымы дәрістің белгілі бір түрі (сабақ дәрісбаян, семинар, саяхат, факультатив дәріс, емтихан сынақ және т.б.). Оқудың ұйымдастыру формалары әрқилы негіздемелерге байланысты қаралуы мүмкін. Оқу формалары қозғалысты, қоғам, өндіріс, ғылымның даму деңгейіне тәуелді пайда болады, өрістейді, бірі бірімен ауысып отырады.
Дидактикалық мақсаттарға орай теориялық, практикалық, еңбектік, аралас сабақтар формаларын атап айтсақ болады. Жеке-дара ұйымдастырылатын: Репетиторлық, әдетте, оқушыны емтихан және сынақ тапсыруға дайындаумен байланысты. Тьюторлық пен менторлық шет елдерде кең тараған деке-дара оқыту формасы. Соңғы кездерде отбасылық оқу-тәрбие формасы – гувернерлық қайта жаңғыруда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет