деңгей Қазақстан Республикасы Конституциясындағы білім беру мазмұнының мәселелері


Сабақтың тиімділігін арттыру жолдары



бет9/55
Дата25.10.2022
өлшемі0,55 Mb.
#154790
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55
Байланысты:
1-де гей 1 аза стан Республикасы Конституциясында ы білім беру

17.Сабақтың тиімділігін арттыру жолдары.
Сабақтың тиімділігін арттырудың негізгі жолдары
• танымдылық, тәрбиелік және дамытушылық мақсатты қою мен шешу;
• оқу үрдісінің қолайлығы (оқушының жеке дара мүмкіндіктері мен қабілетін ескере отырып оқытудың барлық кезеңдерінде ең қолайлы нұсқасын таңдау);
• оқушылардың танымдылық қызығушылықтарын қалыптастыру мен ынталандыру;
• оқытудың ынталандыру әдістері мен тәсілдерін қолдану;
• оқушылардың өзіндік іс - әрекетін ұйымдастыру;
• жалпы және арнаулы білім, білік, дағды тұтастығын қалыптастыру;
• қарама – қарсы байланыстың шапшаңдығын ұйымдастыру;
• оқушы мен мұғалімнің қарым – қатынасының ынтымақтастығын қалыптастыру, жағымды психологиялық қолайлы ахуалды қамтамасыз ету;


18.Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларына сипаттама.






Сабаққа қойылатын талаптар 4-ке бөлінеді


1.Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:
II. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар:
III. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар:
IV. Сабақты өткізу техникасына қойылатын талаптар:


19 сұрақ.Сабақты дайындау мен өткізудегі мұғалімнің рөлі
Сабақта оқушының оқу қызметін ұйымдастыру - бұл оқушы мен мұғалімнің сырттай үйлесімді қызметі. Бағыттары: фронтальды – мұғалімнің барлық оқушылардың жеке және өздік жұмысын басқаруы, жеке – өзіндік жұмыс әр оқушының және топтың іс-әрекеті, оқушылардың топтық және жұптық қызметі. Мұғалімнің оқу кызметін фронтальды ұйымдастыруы барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық сынып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды.
Бұл тәсіл оқушылар мен ұстаз арасындағы сенімді нығайтып, ұжымдық сезімді тәрбиелейді, пікірлерді талқылауы ширайды, басқаның ойын, өзінің ой-түйіндерімен салыстырады, қателерін табуға жаттығады.

Мұғалімге қойылатын басты талап оқушылардың ішінен ең тиімді ой-тұжырымды дәл таба білуі, оны алдын-ала болжауы, оқуға тиімді жағдай туғызуы, сабақтың міндеттеріне жауап іздеуі; барлық айтқысы келген ынталы оқушыны ықыласпен тыңдауы, оны психологиялық тұрғыда қолдауы, сонымен бірге қажетті сәттерде тузетулер енгізуі, әр оқушының мүмкіндігіне жол ашу.


Жеке жұмысты ұйымдастыру сабағында әр оқушының өзіндік іс-әрекеті ескеріліп, оған арнаулы әзірліктер жасалып, оқу мүмкіндіктері алдын-ала есепке алынады: әдебиеттермен, анықтамалармен, энциклопедиямен жұмыс міндетін шешу, шығарма әзірлеу, реферат жазу. Жеке жұмысты ұйымдастыру барысында екі түрлі тапсырма орындалады; жеке және жекелендіру. Біріншісінің ерекшелігі – оқушы алдымен барлық сыныпқа берілген тапсырманы орындайды, басқа оқушымен қарым-катынасқа түспейді, бірақ жұмыс қарқыны бәріне бірдей.


Екіншісінің ерекшелігі – оқушы арнаулы тапсырманы орындауда өзінің танымдық іс-әрекетін мөлшерлейді. Мұғалімнің сабаққа дайындығы.

Мұғалімнің сабаққа дайындығы өзара байланысты екі кезеңнен тұрады: сабақтарды тақырып бойынша жоспарлау және осы жоспарлауды әрбір сабаққа сәйкес нақтыландыру, әрбір жеке сабақтың жоспарын терең ойластыру мен құрастыру.


Тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасының белгілі бір тақырыбы немесе тарауы бойынша өтілетін сабақтар мен сабақтан тыс оқу жүйесіндегі оқыту-тәрбиелік процесі білім беру, дамыту және тәрбие беру қызметтерін іске асыруының қолайлы жолдарын анықтау үшін қажет.


Бір сабақты жоспарлау – мұғалімнің тиянақты бір сабаққа дайындығы, яғни сабақты жоспарлау, тақырыптық жоспарлауды әрбір жеке сабаққа сәйкес нақтыландыру, сабақтың негізгі мазмұны мен бағыты анықталғаннан кейін сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұнын терең ойластыру мен құрастыру. Сабақ жоспары мұғалімнің жұмыс тәжірибесіне, білімдарлығына, педагогикалық шеберлігінің деңгейіне қарамастан әрбір мұғалім үшін қажет. Сабақтың жоспары, тақырыптық жоспар, бағдарлама мазмұны негізінде, мұғалімнің оқушыларды және олардың дайындық деңгейін білуінің негізінде құрастырылады. Сабақты жоспарлауда және оны өткізу технологияларын дайындауда екі өзара байланысты бөліктер бар: сабақ мақсатын, оның әрбір қадамын терең ойластыру; арнайы дәптерге сабақ жоспарын белгілі бір түрде жазып алу.


Сонымен, мұғалімнің сабаққа дайындығы дегеніміз – тек оқу материалының тиянақты талдауы, оны оқып білу кезеңдеріне сәйкес құрастыруы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың осы материалмен жұмысы кезінде пайда болуы мүмкін сұрақтары, жауаптары, пайымдаулары – оны қабылдауы, түсінуі, т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет