Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары



бет108/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын

14. Агрохимияның Қазақстанда дамуы.
Қазақстанда агрохимия Қазақ В.Р. Вильямс атындағы егіншілік ғылыми-зерттеу институты құрылғаннан кейін (1934) қалыптасып, дами бастады. Оның негізін салушы ғалымдар И.И. Синягин мен К.И.Иманғазиев болды. Олар топырақ құрамындағы фосфордың органик., минералдық қосылыстарын анықтап, шалғындағы сұр топырақ пен қызғылт қоңыр топыраққа тыңайтқыш шашу тәжірибелерін жүргізді. Тыңайтқыш қолданудың аймақтық жүйесін жасады. Сондай-ақ, Д.К. Мәденовтың жетекшілігімен Қызылорда облысында көңнің, карбамиформның, Қаратауфосфоритінен өндірілген аммофос, метафосфат, полифосфат тыңайтқыштарының тиімділігі зерттелді. Б.С. Бәсібеков тыңайтқыштардың ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімінің сапасына әсерін, С. Рамазанова күріш егісінің өнімділігін арттыруға азот тыңайтқышының тигізетін әсерін зерттеді. Р.Е. Елешевтің ғылыми жұмыстары топырақтағы жылжымалы Р2О5, фосфат потенциалы, кальций фосфаттарының әр түрлі негізді қосылыстарына арналды. Оның зерттеулері суармалы топырақтарға егілетін дақылдарға жоғары мөлшерде қолданылатын фосфор тыңайтқыштарының әсері топырақтағы фосфордың жылжымалы түрінің бастапқы шамасына тәуелді екенін анықтады. Р.Елешев өзінің көпжылдық зерттеулерін «Фосфор тыңайтқышы және өнім» атты монографиясында жинақтады. Оның бұл еңбегі әр гектар егістікке қанша мөлшерде тыңайтқыш беру керек екендігін дұрыс белгілеуде практикалық маңызы жағынан құнды нұсқаудың қатарына жатады. Сонымен қатар, ол «Агрохимия», «Тыңайтқыш қолдану жүйесі» атты жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулықтардың туындыгері.
Агрохимияның міндеті өсімдіктің қоректенуін, өсімдік пен топырақта өтетін химиялық процестерді, тыңайтқыштар мен химиялық заттардың тиімділігін зерттеу арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығын арттыру, олардың өнім сапасын жақсарту, топырақ құнарын сақтау және молайту екендігі анықталды. Агрохимия топырақ пен тыңайтқыштар арасындағы қатынасты, олардың өсімдікке тигізетін әсерін, әр аймақта ауыл шаруашылығы дақылдарына тыңайтқыштың қандай түрін, мөлшерін, қандай әдіспен қолдануға болатынын зерттейді.


15. Қазақстандағы ғылыми институттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет