Деңгей Химиялық технологияның негізгі үдерістері мен заңдылықтары



бет132/134
Дата01.03.2022
өлшемі1,38 Mb.
#133742
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   134
Байланысты:
ҚЗХЖ толықтырылғын

41. Минералды тыңайтқыштар өнеркәсібінің жағдайы
Қазақстандағы минералды тыңайтқыштар өндірісі[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қазіргі уақытта Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағының шығысындағы фосфор тыңайтқыштары өнеркәсібінің маңызды шикізат базасы болып табылады және маңызы жағынан Ресейдегі Қола түбегіндегі «Апатит» комбинатынан кейін екінші орын алады. Қоры бойынша Қаратау фосфорит бассейні Марокко, АҚШ және Тунис кен орындарымен бір қатарда тұр. Оның қоры 2,6 млрд тоннаға бағаланып отыр. Қаратау фосфориті сапасының жоғары болуы, біз үшін экономикалық жағынан тиімді. Онда 26%-ке дейін, ал кейбір кен орындарда 36%-ке дейін фосфор ангидриді болады. Егер 1979 жылы Қаратау фосфорит кендерін өндіру, негізінен, Жаңатас, Ақсай, Көкжой, Шолақтау, Түйесай кендерінің карьерлерінде жүргізсе, қазір Ақтөбе облысындағы фосфориттер екінші фосфатты шикізат базасы болып отыр. Оның жалпы қоры 1,5 млрд т-ға жетеді. Оларды ашық әдіспен өңдеуге болады. Қос суперфосфат, аммофос, т.б.сияқты концентрленген және күрделі тыңайтқыштар едәуір тиімді. Тараз суперфосфат зауытында республикамызда бірінші рет тыңайтқыштың күрделі түрі-құрамында азот(12-13 %) және фосфор(P2O5-47 %)бар тыңайтқыш алынды.
Минералдық тыңайтқыштар оларды тиімсіз пайдаланудың экологиялық зардаптары[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы қажеттілігі үшін әлемдік өндіріс жылына 125 млн. тонна минералдық тыңайтқыш түрлерін өндіреді. Минералдық тыңайтқыштардағы негізгі қоректік элементтер – азот, фосфор, калий элементтері.
Минералдық тыңайтқыштардың сіңірілу тиімділігі қоректік элементтердің арақатынасымен және есімдіктер сортының биологиялық ерекшеліқтерімен анықталады. Азот тыңайтқыштарының нитраттары есімдіктерге тез әсер ететін азот кезі болып табылады. Осыған байланысты нитраттар түріндегі азот тыңайтқыштарын біркелкі пайдаланбаған жағдайда азық түлік құрамына нитраттардың артық мөлшері жинақталып, оның сапасын нашарлатады. Нитраттарды тиімді пайдалану үшін әрбір өсімдік түрінің азотқа қажеттілігінің, оның топырақтағы қорын, климаттық факторларын ескере отырып, ЭЕМ-да дәл есептеулер жасау арқылы жүргізу керек. Алюминий тыңайтқыштарынан нитраттың топырақтарға және өсімдіктерге түсуі топырақтағы микроорганизмдер белсенділігі мен ауа райы жағдайларына байланысты.
Азот тыңайтқыштарының суда ерігіштігіне жауын-шашын мөлшері және суару нормасы біршама әсер етеді. Ылғалдылық жоғары болған жағдайда нитраттар тамырдан тыс аймақтарға таратылып, өсімдіктегі мөлшері азаяды. Құрғақ климат жағдайларында ылғалдылық аз болуынан топырақтың беткі қабаты кеуіп, нитраттардың жоғарғы қабатына көтерілуіне және өсімдіктерде оның концентрациясының көбеюіне мүмкіндік туады. Топырақ пен өсімдіктерге нитраттардың жинақталуына топырақ, климаттық жағдайлар және пайдаланылған тыңайтқыштар түрі мен мөлшері әсер етеді. Құрғақшылық кезде қоректік өсімдіктердегі нитраттар мөлшері азот алмасу процестерінің ферменттерінің активтілігі төмендейтіндіктен артады. Бұл ферменттердің активтілігі сол сияқты топырақта К, Мо, S элементтері жетіспеген жағдайда да төмендейді. Жер бетілік және жер астылық сулардың нитраттармен ластануы тазартылмаған тұрмыстық және өндірістік сулармен, табиғи органикалық заттардың минералдануы, сол сияқты азот тыңайтқыштарын шамадан тыс пайдаланған жағдайда байқалады. Отандас және шетелдік ғалымдар мен практиктердің еңбектері нәтижесінде азот тыңайтқыштарын интенсивті пайдалану ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы мен қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізетіні дәлелденді.
Ауыл шаруашылық өсімдіктері сіңірген нитраттардың белгілі мөлшері өнім түзілуге жұмсалатыны белгілі. Бірақ, кейбір экологиялық факторлар әсері күшті жағдайларда (жарық жеткіліксіз, су режимі бұзылған, т.б.) өсімдіктер топырақтан алған азоттың барлығын сіңірмей, оның артық мөлшері адам мен жануарлар үшін зиянды әсерін тигізеді. Жануарлар жемі рационындағы нитраттың артық мөлшері сүттің азаюына себеп болады. Жалпы алғанда, нитраттар барлық тамақ өнімдері мен мал жемі үшін ең қажетті қосылыстар, бірақ оның артық мөлшері адам мен жануарлар организмін улайды, организмдегі зат алмасу процестерін бұзып, оның иммунологиялық қасиеттерін төмендетеді, т.б. Адам организмі үшін әсіресе құрамында нитраттардың жоғарғы мөлшері жинақталған көкеніс, бақша дақылдары қауіпті болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет