32) Жұмсақ дәрілік формаларға жататын дәрілік түрлерді атаңыз
Жұмсақ дәрілік формаларға жататын дәрілік заттар: Жақпа майлар, Суппозиторийлер, Пластырлер, Пилюли. Жұмсақ дәрілік формаларға жататын дәрілік заттар қатарынан суппозиторийлер мен пластырлерді қарастырамыз. Суппозиторийлер бөлме температурасында қатты және дене температурасында балқитын немесе еритін, дене қуыстарына енгізуге арналған дозаланған дәрілік түр. Пластырлер – дене температурасында жұмсарғаннан кейiн терiге жабысып қалатын қабiлетi бар сырт тәнге қолданылатын дәрiлік түр. Олар терiден оңай ажырап, iз қалдырмайды. Бұл бүкiл дүние жүзiнiң Фармакопеяларына кiрген өте ескi дәрiлік түрлердiң бiрi. Қазiргi кезде пластырлердiң номенклатурасы және қолданылуы өте жан-жақты.
33) Сұйық және газтәрізді дәрілік формаларға жататын дәрілік түрлерді атаңыз
Сұйық дәрілік формаларға жататын дәрілік заттар:Ерітінділер, Экстракттар, Эмульсиялар, Суспензиялар, Тұнбалар, Линиметтер, Дәрілік сироптар. Ерітінділер – кем дегенде екі құрамдас бөліктерден тұратын құрамы өзгермелі гомогенді (біртекті) жүйелер. Сұйық экстракттар – құрамында биологиялық белсенді заттары бар өсімдік шикізатынан бөлініп алынған, боялған сұйықтықтар. Тұтқыр қою экстракттар – 25%-дан аспайтын ылғалы бар созылмалы масса. Құрғақ экстракттар – құрамында ылғалдылығы 5%-дан аспайтын шашылмалы масса. Экстрагент ретінде – 70% этанол, су, май, және т.б. болады. Экстракттарды дайындау технологиясы: экстракциялау, алынған қоспаны тазарту, буландыру, кептіру, стандарттау. Экстракция деп – экстрагенттің көмегімен ерітінді немесе қатты денелерден бір немесе бірнеше компонентті бөліп алу процесін айтады.
34)Фармацевтикалық ғылымдардың заманауи саласын суреттеңіз
Фармацевтикалық ғылымдардың заманауи саласын биофармация деп атайды. Биофармация фармацевтикалық ғылымның өзіндік бағыты ретінде 60-шы жылдардың басында бағытталды. Фармацевтикалық өндіріс негізіне кең ауқымда машиналарды, аппараттарды, ағынды механизацияланған және автоматтандырылған желілерді қолдану жатады. Өндірістің ерекшелігіне белгілі бір сала шеңберінде мамандандырылуы, яғни белгілі бір өнім типтерін шығаруға өнеркәсіпті бағыттау жатады. Мысалы, ЖШС «Жаңафарм» таблеткалар мен фитошайларды шығаруға бағытталған. Өнеркәсіпті бір бағытта мамандандыру – шығарылатын өнім сапасын жетілдіруді және сол өнім бойынша ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізуге мүмкіндік береді. Фармацевтикалық өндірістердің қызметі мемлекеттің және фирмалардың келесі шаралары арқылы жүзеге асырылып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |