Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы


Н.П.Гузик, Ж. Қараев, Г.Ғ. Еркибаевалардың деңгейлеп оқыту технологиясы



бет2/4
Дата04.03.2023
өлшемі41,73 Kb.
#171026
1   2   3   4
Байланысты:
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы

Н.П.Гузик, Ж. Қараев, Г.Ғ. Еркибаевалардың деңгейлеп оқыту технологиясы

Қазіргі ақпараттар мен технологиялар ағыны ХХI ғасырда ғылым мен білімді жаңа тұрғыда, жаңа әдісте дамыту маңызды болып отыр. Ең бастысы, білім беру жүйесін жаңа технологиялар арқылы толықтырып, байытып, дамытуымыз қажет. Білім берудің дамуы ғылымның өсуіне, елімізді техникалық прогресске жеткізеді. Сондықтан да білім беруді дамыту мәселесін басты назарда ұстағанымыз абзал. Келешек еліміздің тірегі – біздер тәрбиелеп өсіріп отырған балалар деп білеміз. Жаңа заманға лайық жаңа білім, жаңа тәрбие беру– өмір талабы.


Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапасы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі.
«Білім туралы» Заңының қабылданған білім беру жүйесінің жаңа моделі 2004 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім жүйесіне сәйкестендірілген. Осы Заңның 8-ші бабында білім беру жүйесінің басым міндеті ретінде оқытудың инновациялық технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттан дыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілеріне шығу деп атап көрсеткен. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуал дық, кәсіптік, рухани, адамгершілік, азаматтық келбеттерінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі. Ал ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген ХХІ-ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру мектептің басты міндеті болып саналады. Сондықтан мектепте жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту үрдісінде тиімді, сапалы түрде іске асуы үшін оны технологияландыру қажеттігі туындайды.
Республикамызда соңғы жылдары оқыту процесiн iзгiлендiру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында бiраз шаралар жасалды. Оларды «инновациялық процесс» немесе педагогикалық жаңалықтарды енгiзу деп жүрмiз. «Инноватика» ұғымының мәнi латынның in-nooue деген сөзiнен шыққан «жаңарту, өзгерту» деген түсiнiк. Педагогикада бұл жаңа әдiстер, тәсiлдер, құралдар, оқулықтар, бағдарламаларды пайдалануды бiлдiредi. Яғни оқыту мен тәрбиелеуге өзгерiстер енгiзу, олардың сапасын арттыру болып табылады.
Инновациялық технологияның өзіндік ерекшеліктері: қойылған мақсатқа жету мүмкіндігіне кепілдік беретін оқыту үрдісін құрастыру және оны жүзеге асыру. Оқытылатын пән мазмұны, мұғалім мен оқушының өзара байланыс іс-әрекеті, оқушының ішкі даму үрдісі негізінде анықталған нақты мақсат қана инновациялық технология құрылымын түсіну кілті бола алады. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін төмендегідей ұстанымдар жүзеге асырылуы тиіс:
1.Оқушылардың өзіндік ізденіс іс-әрекетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланатын оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдағы «оқыту әдістемесі» деп отырғанымыз: «оқушы – мұғалім» ұстанымының өзара тығыз байланысты лығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.
2.Жаңаша оқытудың негізгі түрлері – оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде басты мақсат – оқушыға деген сенім, оның ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту.
3.Жаңа технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы қажет.
Әрбір инновациялық технология жеке тұлғаны өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуға қолайлы жағдай жасауға қажетті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды. Яғни, осы мүмкіндіктер жалпы білім беру ұйымдарында, бастауыш, орта және жоғары білім сатыларында ұйымдастырылса, белгілі бір нәтижеге жетуге болады. Оқу үрдісі барысында Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтардың «Дамыта оқыту», Н.П.Гузиктің, Ж.Қараевтің, Г.Еркибаевалардың «Деңгейлеп саралау» технологиясы, М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту» технологиясы, Джордж Соростың ашық қоғам институты «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген «сын тұрғысынан ойлауды, оқу және жазу арқылы дамыту» (С.Мирсейітова) технологиясы, «Ынтымақтастықта оқыту» технологиясы, В.Беспалько, М.Кларин, И.Лернер, В.Оконь, Н.Талызина «Бағдарламалап оқыту мәселесі», Дидактикалық бірліктердің ірілендірілуі (П.Эрдниев), Іс-әрекетті бағалау (Ш.Амоношвили, И.Волков) т.б. технология лардың тәжірибелік қолданыста тиімділігін айқындайды.
Жаңа технологиялар ішінде деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы маңызды орын алады.
Осы технологияны 3 ғалым ізденіп, зерттеген. Олар: Н.П.Гузик, Ж.Қараев, Г.Ғ.Еркибаевалар.
Деңгейлеп оқыту идеясының авторы Н.П.Гузик сыныптағы оқушыларды да, соған сәйкес оқу бағдарламаларын да А, В, С – үш деңгейге бөлуді ұсынады.
«А» – бағдарламасындағы тапсырмалар базалық стандарт түрінде белгіленеді. Оларды орындай отырып оқушы пән бойынша қайталау деңгейінде нақты материалды меңгереді. Материалды алғаш меңгеру жұмыстарының бұл деңгейінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол материалдың сан рет қайталануын, мағыналық топтарды бөлу, негізгі ойды табу дағдысын, есте сақтау тәсілдерін білуді, т.с.с. талап етеді.
«В» – бағдарламасын орындамас бұрын «А» бағдарламасындағы тапсырма ларды әрбір оқушы орындауға міндетті. «В» – бағдарламасын қолдануға арналған есептерді орындау үшін қажет, ол оқушылардың оқу, ой-әрекетінің арнайы тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл бағдарламаға бірінші деңгейдегі материалды кеңейтетін, негізгі білімді дәлелдейтін, суреттейтін, нақтылайтын ұғымның қолданылуы мен жұмыс істеуін көрсететін қосымша мәліметтер енгізіледі. Бұл деңгей мәліметтер көлемін кеңейтіп, негізгі материалды терең түсінуге көмектеседі.
«С» – бағдарламасының орындалуы оқушыларды алған білімді шығарма шылықпен қолданылатын деңгейге көтереді. Бұл бағдарлама оқу жұмысы мен ой-әрекетінің тәсілдерін және деректі оқу материалын еркін игеруді көздейді. Өз білімімен мәселелер шешуде оқушыға оның логикалық ойлауын дамытатын мәліметтер беріп оны шығармашылықпен қолдану перспективасын ашады. Оқушыға өзін қосымша жұмыста көрсетуге мүмкіндік береді.
«А» – бағдарламасы оқытудың міндетті нәтижесіне сәйкес келеді.
«В» – бағдарламасы оқулықтан қосымша есептер мен жаттығулардың енгізілуін көздейді.
«С» – бағдарламасы қосымша оқу-әдістемелік әдебиеттерден алынған тапсырмалардан тұрады.
Әр пәндегі оқу бағдарламасын таңдау оқушының өзімен ойласа отырып жүргізіледі. Әрбір тақырып бойынша өткізілетін сабақтар кезектесіп келетін бес типтен құралады.
Бірінші – тақырыпты жалпы талдау сабақтары (оларды лекциялар деп атайды).
Екінші – қиыстырылған семинар сабақтарда оқушылардың өзіндік жұмысының процесінде оқу материалдарының тереңдей талдануы. Мұндай сабақтар бірнеше рет (3-5 дейін) өткізіледі.
Үшінші – қорытындылау және білімді жүйелеу сабақтары.
Төртінші – материалды пәнаралық қорытындылау сабақтары (оларды тақырыпты қорғау сабақтары деп те атайды).
Бесінші – пратикум сабақтар.
Барлық оқушы білім стандарты деңгейін толық игергеннен кейін ғана жаңа материалға ауысу жүзеге асырылады. Жалпы сыныптық, топтық және жеке жұмыстар арасындағы үйлесушілік базалық стандарт деңгейінде оқушылар біліміндегі ақаулықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Оқушылардың біліміндегі ақаулықтарды жою үшін олармен сыныптан тыс жеке жұмыстар жүргізуге тура келеді. Әр пәнді деңгейлік бағдарламаны таңдау оқушының өзіне ұсынылады. Осылайша ортақ базалық білім минимумы қамтамасыз етілуімен қатар әр жеке тұлғаның шығармашылық дамуына де кеңістік ашылады.
Білімді бақылау кезінде деңгейлеу тереңдей түсіп, әрбір оқушының жетістігі есепке алынады. Яғни білім берудің буындары; түсіндіру, бекіту, тексеру барлығы деңгейлеп жүргізілуі тиіс.
Кесте-1



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет