І деңгей тапсырмалары 1) Жаттап алуға лайықталған болу керек.
2) Алдыңғы сабақтағы тақырыпта меңгерген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс.
3) Тапсырмалар өмірмен байланысты болуы керек.
ІІ деңгейдегі тапсырмалар өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұл өзгертілген жағдайдағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімді түрлендіріп пайдаланылуы қажет. Студенттің ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмаларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық, үйретімділік маңызы болуы керек.Бұлар ребустар, сөз жұмбақтар.
ІІІ деңгейдегі тапсырмалар (Танымдық – іздену түріндегі тапсырма ларды орындау барысында студенттер жаңа тықырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерінен заңдылықтар шығарады, анықтамалар, жаңа сөздерді жаттау тағы басқалар жетілдіріліп, тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс).
Мұндай жұмыс анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді:
– әр түрлі әдіс-тәсілдермен шешілетін өздігінен мысалдар, есептер құрастыру, оны өздігінен шығару;
– өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу;
– жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу;
– көрнекі құралдар дайындауға берілген тапсырмалар;
– ой қорытуға арналған дағды қалыптастыратын тапсырмалар.
ІҮ деңгейдегі тапсырмалар – (шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар). Студенттердің жинаған өмір тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой-еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығаруға негізделген. Олар:
–олимпиадалық жұмыстар,
–берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, баяндамалар дайындау, демек, бұл тапсырмалар – студенттердің біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.
Г.Ғ.Еркибаеваның денгейлеп оқыту технологиясы жоғарыда айтқан ғалымдардан басқаша. Ол тапсырмаларды 3 денгейге бөліп береді, бірақ оқушыларды білім денгейге қарап 3 топқа бөледі.
Бірінші топқа «4-5» -ке оқитын оқушыларды топтастырып, оларға шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар береді.
Екінші топқа «3-4» -ке оқитын оқушыларды топтастырып, оларға іздену түріндегі тапсырмалар дайындайды.
Үшінші топқа «2-3» -ке оқитын оқушыларды топтастырып, оларға стандартқа сай тапсырмалар береді: сыныптағы барлық оқушылар орындай алуы қажет.
Ж.Қараевтың технологиясының қолдану элементтерін «Қазақ тілі» сабағында беріп отырмыз.