Клиникалық зерттеу (сынақ) - бұл зерттеліп жатқан препараттардың және диагностиканың басқада әдістерінің профилактикалық сипатталуының адамдарға жүргізілетін, клиникалық, фармакологиялық және фармакодинамикалық нәтижесіндегі анықтау мен нақтылау барысына жасалған және зерттеудегі препараттардың кері әсерін анықтауда, организмнің қабылдауы мен сіңіруі байқауларында, таратылуында, метаболизм мен ағзадан препараттардың шығарылуында, қауіпсіздігі мен тиімділігін анықтау мақсатында ұйымдастырылған байқау.
Препараттарды тіркеуде және медициналық бағытта кең қолдануда, дұрыс бағыттарда тұтынуға байланысты клиникалық зерттеулер жасаудың кезеңдік сипатталуы бүкіл әлемде препараттар зерттемесінің құрамдас кезеңінен өту болып табылады.
Жаңа препараттардың тиімділігі мен қауіпсіздігі жайлы толық нақты зерттелген мәлімет алу клиникалық зерттеу барысында жүргізіледі. Осы деректер бойынша денсаулық сақтау уәкіл органы препаратты тіркеу немесе тіркеуден бас тарту жайлы шешім шығарады.
Бұл дәлелді медицинаның әрбір науқасты тексеруден өткізу мен емдеу кезеңдерін заман талабына сай жаңарған әдістемелерді қолдана отырып, халықаралық және отандық стандарттар талаптарымен орындауының негізгі қағидасы. Қазіргі кезде автоматтандырылған ақпараттандыру құралдары мен заманауи технологияларының дамуы негізінде медициналық жаңару ағыны жүруде. Кез келген отандық медициналық орталықтардың, медицина мамандарының тұрғындарға қызмет көрсету сапасын жақсартудың ең тиімді жолы медициналық тәжірибеге дәлелді медицинаны енгізуі болып табылады. Медициналық көмек көрсетудің сапасын арттырудың бұл бағыты бойынша клиникалық нұсқаулықтар мен клиникалық хаттамалардың қолданылуы негіз болары сөзсіз. Сондықтан, дәлелді медицинадағы клиникалық нұсқаулық ұғымын – білікті дәрігерге белгілі клиникалық жағдайларда медициналық көмек көрсетуде тез арада шешім қабылдауға үлкен мүмкіндік беретін жүйелі түрде даярланатын ереже. Нұсқаулықтарды даярлауда қойылатын талаптар – жинақталған деректер көздеріне сілтемелер жасалған қағидалардың дәлелді деңгейі болып табылады.
Клиникалық зерттеулердегі нұсқаулықтардың негізгі міндеттерінің қойылуы дәлелді медицинаның негізгі тұжырымдамаларының мына бағыттарымен байланысты болады:
1) Нақтылы клиникалық ахуалдағы маман-медиктердiң әрекетін сипаттайтын клиникалық ұсыныстардың өңделуi. Мамандардың клиникалық шешiмнiң қабылдануына аурудың жеке ерекшелiктерiн ескеріп арқа сүйеуi керектігі туралы ұсыныс қойылады. Үкімет ұйымдарыда ұсыныстарды құрастырушылар кәсiби дәрiгерлiк қауымдастықтар немесе сарапшылық топ жасаушылары бола алады. Клиникалық ұсыныстардың тәжiрибеге енгiзілуі мол экономикалық эффект ретінде ең алдымен қымбат бағалы аз ақпараттандырылған диагностикалық әдістер мен емдік дәрілердің клиникалық құндылыққа ие болмайтындығын айқындап береді.
2) Мамандандырылған үйретушi программа, анықтама қағаз және электрондық журналдар, кiтаптар және интернет-қорларын шығару. Бұл бағытта көптеген еңбектер жазылып, негізге алынған.
3) Клиникалық тексерілетін зерттеулердiң жүйелi түрде шолуларына деректер қорын құрастыру. Құрылатын деректер қорында ғалымдардың халықаралық бірлестіктерімен жарияланған рандомизирленген және тексерілетін зерттеулерін айқындайтын, жүйелейтiн жалпылама нәтижелерi де кездеседі. Метаанализ көмегімен ғалымдар бұл жағдайда әр түрлi зерттеулерден мәлiметтердi талдау арқылы жинақтайды.
Зерттеулердегі айғақтықтың дәрежесi оның түріне тәуелдi болады.
Сенiмдi ғылыми негізделген нәтижелердi алу үшiн зерттеудiң құрылымының дұрыс жоспарлануы және бiрдей статистикалық талдау жасалуы маңызды болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Власов В.В. Введение в доказательную медицину. – М: Медиасфера, 2001. – 392 с.
Гринхальх Т. Основы доказательной медицины. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2009. – 288 с.
Клюшин Д. А., Петунин Ю. И. Доказательная медицина. Применение статистических методов. – М.: «Диалектика», 2007. – 320 с.
Реброва О.Ю. Статистический анализ медицинских данных. Применение пакета прикладных программ Statistica. – М: Медиасфера, 2006. – 312 с.
Methodology for evidence-based medicine Abstract Article described ”methodology of evidence based medicine” and its concept and principles. It also set out a practical application in medicine.