Сынап (критикалық) бағалау үшін табылған мәліметтердің әдістемелік сапасын бағалайтын критерилердің стандартты жинағы қолданылады, сол сияқты әртүрлі жұмыстардың(мәліметтердің) сенімділігі, нақтылығы,қолданымдылығы, тиімділігі бағаланады.

Нақтылықтың үш «киті» болып табылады:
салыстыру тобына зерттелушілерді кездейсоқ соқыр таңдау( жасырын(соқыр) рандомизация);
таңдаудың жеткілікті дәрежеде көптігі;
жасырын(соқыр) бақылау (ең тиімдісі үш жақты).
Әртүрлі жұмыстарды бағалаудың барысын иллюстрациялау үшін D.Sackett әріптестерімен ұсынған критерилердің кейбіреулері берілді:
Әртүрлі жұмыстарды бағалаудың барысын иллюстрациялау үшін D.Sackett әріптестерімен ұсынған критерилердің кейбіреулері берілді:
1.Бақылау тобы болды ма?
2. Пациенттерді топтарға бөлу кездейсоқ болды ма?
3.Диагностиканың «Алтын стандартымен» тәуелсіз салыстыру болды ма?
4. Алғашқыда бөлінген топтарында барлық науқастар зерттелінді ме?
5. Емдеуші дәрігер және пациент өзінің қай топқа жататындығын біле ме?
6.Барлық топ бірдей емделді ме? (зерттеліп жатқан препараттан бөлек)
6.Барлық топ бірдей емделді ме? (зерттеліп жатқан препараттан бөлек)
7.Зерттеудің басында топтар бірдей болды ма?
8.Әсер етуі мен кері әсері барлық топтарда бірдей анықталды ма?
9.Науқастарды бақылау ұзақ болды ма? Бақылау барысында шығын қанша болды ?
10.Кері әсер күшейген кезде ауру дамуының қауіпі жоғарылайды ма?
11. Мәліметтер басқа зерттеулермен тексерілді ме?
12.Кері әсердің патологиялық әсерін сипаттау мүмкін бе?
Науқаста анықталған ерекшеліктермен алынған мәліметтерді интеграциялау
Науқаста анықталған ерекшеліктермен алынған мәліметтерді интеграциялау
Бұл сатыда-нақты бір науқасты емдеу үшін ғылыми зерттеулердің нәтижесін қолдану және ДМ-нің негізгі ерекшеліктері берілген.
Ғылыми зерттеу нәтижелерін қолдану:
осы науқасқа байланысты толық болуы
кейбір кері көрсеткіштердің болуына байланысты бөліктік болуы
осы зерттеу тек ғылыми мақсатта ғана қолданылуы мүмкін
осы зерттеу науқасқа зиянды болуына байланысты қолдануға жарамсыз.
D Sackett әріптестерімен бірігіп жасаған шешімін кезкелген клиницист өз жұмысында қолдана алады.(2000ж.бұл әдіс McAlister мақаласында басылып шықты)
1.Пациенттің көзқарасы.Емнің нәтижесінде алған пайдасы мен залалын пациент қандай дәрежеде бағалағаны анықталады.Салыстырмалы көрсеткіш шкала бойынша 1- ауруынан толық жазылу, 0- өлім.
2.Мүмкін болатын пайданың мүмкін болатын зиянға қатынасы есептеледі.