Дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттері


Дене тәрбиесінің жалпы әдістері



бет29/76
Дата07.02.2022
өлшемі158,67 Kb.
#84696
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   76
Байланысты:
дене шынықтыру әдістемесі

Дене тәрбиесінің жалпы әдістері
Сөзді қолдану әдісі. Қозғалысқа үйрету үрдісінде, дене қасиеттерін тәрбиелеуде сөзді қолдану әдісінсіз табысқа жету мүмкін емес. Сөзді қолдану әдісі үш топқа бөлінеді:
1. Баяндау, әңгімелесу, түсіндіру әдістері. Бұл әдістерді қолдану кезінде сөз оқушыларға білім беру мақсатында пайдаланылады.
2. Бұйрық беру, тапсырма, нұсқау беру әдістері. Бұл әдістер жаттығушылардың әрекеттерін басқаруға пайдаланылады.
3. Талдау, бағалау әдістері. Бұл әдістер жаттығушылардың әрекетін талдауға, баға беруге арналған.
Енді осы әдістердің маңызына және оларды қолдану ерекшеліктеріне тоқталайық.
Баяндау теориялық бір түсінікті айтуға, ойын кезіндегі қозғалыс әрекетін түсіндіруге, спорттық жаңалықтарды хабарлауға пайданылады. Оқушыларды жаттығуды орындау техникасымен таныстыруғатүсіндіру әдісі қолданылады. Оқушылардың білімін, бір нәрсеге құштарлығын білу, ойлау қабілетін дамыту, белсенділігін артыру үшін әңгімелеу әдісі қолданылады.
Қысқа, бұйрықты раймен белгілі бір істің, қимылдың бұлжытпай орындалуын талап ете сөйлеу түрінбұйрық беру әдісі дейміз. Бұйрық саптық (әскери) және төрешілдік (сөреден жүгіру кезіндегі бұйрықтар, төрешілердің бұйрық сөздері) болып бөлінеді. Бұйрық көп адамдар қатысатын әрекеттерді ұйымдастыруда қолданылады. Мысалы, жаттығуды орындауға берілетін бұйрықтар, жаттығушылардың саптағы әр түрлі қозғалыстарын басқаруға берілетін бұйрықтар т.б.
Сабақ алдында немесе сабақ кезінде кейбір жеке міндеттер қою тапсырма әдісінің қызметіне жатады.
Қысқаша айтылып, бұлжытпай орындауды талап ететін сөз әсерін нұсқау беру деп атаймыз. Бұл әдіс көбінесе қозғалысты үйретуде қолданылады. «Жылдамдат», «тездет», «асықпа», «еркін жүр», «тізені бүкпе», «шынтақты түсірме» т.с.с. нұсқаулармен мұғалім қимыл-қозғалысты басқарып отырады. Белгілі бір тапсырма орындалған соң (сынаманы, ойын) талдау жасалады. Талдау әдісінің көмегімен қателер, оларды түзету жолдары көрсетіледі, келешектегі оқу-дайындық әрекетінің сипаты, бағыты белгіленеді. Қимыл-әрекет орындалып болғаннан соң, оған «жақсы», «орташа», «жаман» деген ауызша баға беріледі. Сабақ аяғында оқушылардың жаттығулар техникасын, сынақ жаттығуларын орындағаны бағаланады, баға қойылады. Осы жұмыстар бағалау әдістері көмегімен орындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет