Дене тәрбиесі пәні мұғалімдеріне арналған әдістемелік ұсыныстар



бет82/130
Дата21.11.2023
өлшемі1,61 Mb.
#192484
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   130
Байланысты:
Смсамааассс

Жоспарлау шеберлігі мұғалімге келешек іс-әрекетті жоспарлауға, сабаққа керек дене қасиеттерін дамыту жаттығуларын таңдап, іріктей білуге, оқу-жаттықтыру үрдісін, жарыстар өткізу барысын жоспарлай білуге үйретеді.
Ұйымдастыру шеберлігі өз қызметін және оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру, алға қойған жоспарларды орындай білуі.
Коммуникативтік шеберлік – мұғалімнің оқушылармен, әріптестермен, ата-аналармен қарым-қатынасы. Қарым-қатынас шеберлігінің өзі үш топқа бөлінеді:
- өзара қарым-қатынас іскерлігі. Ол мұғалімнің адамдармен қарым-қатынас жасай білуі;
- дидактикалық іскерлік. Ол мұғалімнің оқу материалын түсінікті тілмен түсіндіруі, сол арқылы өз пәніне деген оқушылардың ықыласын ояту;
- шешендік шеберлігі дене тәрбиесі мұғаліміне білім беру қызметін іске асыруға қажет. Ол үшін мұғалім білімдарлықты және сөйлеу мәдениетін жақсы меңгеруі тиіс.
Гностикалық шеберлік мұғалімнің өз оқушыларын жан-жақты тануы, ғылыми-әдістемелік және оқу кітаптарын пайдалануы, зерттеу жүргізуі, одан алынған мағлұматтарды талдауы, өз ісінде қолдануы.
Қимыл шеберлігі. Ол мұғалімнің дене тәрбиесі жаттығулары техникасын орындауы. Жаттығу техникасын дұрыс, әдемі орындап көрсету оқушыларға қатты әсер береді. Сақтандырудың техникасы мен қолданбалы жаттығуларды көп білу дағдысы да қимыл шеберлігіне жатады.
Дене тәрбиесі мұғалімінің кәсіптік маңызды қасиеттері.
Дене тәрбиесі мұғалімінің барлық кәсіптік маңызды қасиеттерін мынандай алты топтарға бөлуге болады:
Саяси-идеялық қасиеті. Мұғалімнің дүниетануын, көзқарасын көрсетеді. Ол әрбір оқушының келешегіне жауапты қарауы, өз халқына адал қызмет етуі, өзінің ұстаздық қызметін жақсы көруі, Отанына деген патриоттық сезімі жоғары болуы керек.
Өнегелілік қасиеті. Мұғалім жан-жақты өнегелі қасиеттерге ие болуы керек. Олар: адамгершілік, адалдық, талап етушілік, табандылық, сенімділік және т.б.
Коммуникативтік қасиеті. Тәрбие жұмысында жетістікке жету үшін, әріптестермен, ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасау үшін мұғалімге тіл табысушылық, ізеттілік, тілеулестік т.б. осы сияқты көптеген қасиеттер көмектеседі.
Жігерлілік қасиеті. Оған жататындар: шыдамдылық, табандылық, өжеттік, қайсарлық, батылдық, тез шешім қабылдағыштық, өзін-өзі ұстай білу және т.б.
Ақылдылық қасиеті. Айқындық және қисынды ойлау, жорамалдау, өнертапқыштық, тапқырлық, ықылас, қою, сөз тапқыштық т.б. Бұл қасиеттер мұғалімге тәрбие жұмысында және кәсіптік қызметінде дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.
Психоқозғалыстық қасиеті. Мұғалім көрсететін көптеген жаттығулар күшті, икемділікті, жылдамдықты, ептілікті керек етеді. Жас ұлғайған сайын осы қасиеттердің бәрі жоғала бастайды, сондықтан дене тәрбиесі мұғалімі оларды өмір бойы керек деңгейде ұстап отыруы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет