Құралдар мен материалдар: жол «салатын» жіптер.
Билингвалды компонент: шеңберге тұрыңдар – встаньте в круг, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Балалардың назарын спортзалға, ондағы атрибуттарға аудару.
II. Негізгі кезең. Бір-бірден сапқа тұрыңдар. Бір-бірден сапта жүру, жан-жаққа «шашырап» жүру, бір-бірден тізбекке тұру.
Заттардың көмегінсіз жасалатын жалпы дамытуға арналған жаттығуларды орындау. Жаттығулардың орындалуын көрсету.
Негізгі қимыл-қозғалыстарды ойын түрінде орындау:
Бір орында жоғарыға секіру.
Жерден бір уақытта екпінмен секіру қабілетіне назар аудару.
Екі сызықтың арасымен жүру (ені – 15 см, ұзындығы – 3 метр). Жолды жасау, қозғалыстың орындалуын көрсетіп беру.
Жаттығулардың орындалу барысын қадағалау, балаларды ынталандыру.
Ойын ұйымдастыру: «Жұбыңды тап».
Ойын шарттарын түсіндіру, жұптарды ұйымдастыруға көмектесу.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.