Құралдар мен материалдар: құрсау – 5 дана, қақпалар ені 60 см – 5 дана.
Билингвалды компонент: жүру – ходьба; жүгіру – бег, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания. ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Балаларға спортзалда жүгіріп, біраз сергуді ұсынады.
II. Негізгі кезең. Бір-бірден сапқа тұрыңдар.
Ойын «Өз орныңды тап!». Саптағы арақашықтыққа назар аудартады. Тізбекте бір-бірден жүру, жүгіру.
Екі сапқа тұру. Заттардың көмегінсіз жалпы дамытатын жаттығуларды орындау. Жаттығулардың орындалуын көрсетіп беру.
Ойын түріндегі негізгі қимылдарды орындау:
Бір орында тұрып жоғары секіру.
Бағытын өзгертпей сапта жүру (саптан шығып кетпеу, бағытты өзгерткен кезде бірбірімен соқтығыспауға тырысу).
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қояндар».
Ойын тәртібін түсіндіру. Тордан жүргізуші қасына келген кезде ғана шығу керектігін балалардың есіне салады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді. III. Қорытынды кезең (Рефлексия).Ойын: «Кім келді?».