Құралдар мен материалдар: кегельдер (бала санына қара), топтың жартысына жететін доп, ойнауға арналған шеңберлер.
Билингвалды компонент: «Орнынды тап!» – «Найди место!», сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Қозғалатын орта қалыптастыру – екі қатарға кегельдер қойып шығу (кегельдер жай емес, сиқырлы болғандықтан балалардың епті әрі шапшаң болуына көмектеседі).
Негізгі кезең.
Тізбекте бір-бірден жүру; сапта бір-бірден жүгіру.
Кегельдермен жалпы дамытатын жаттығуларды орындау.
Жаттығулардың қалай орындалатынын көрсетеді. Кегельдерді құлатып алмауға тырысады.
Негізгі іс-қимылдарды ойын түрінде орындау
Секіру – «аяқтарды қосып, аяқтардың арасын ашып » секіру.
Ойын: «Бермеймін!»
Ойыншыларға кезекпен жақындайды, кегельді тартып алуға тырысады. Ептілер мен шапшаңдарды ынтыландырады.
Заттардың (кегельдердің) арасымен кез келген бағытта ерсілі-қарсылы жүру (ығақпен адымдау қабілетіне және кегельдердің арасымен жүргенде бағытын өздігінен өзгерту қабілетіне назар аудару қажет)
метр қашықтықтан «өкшеге отыру» әдісімен допты бір-біріне домалату.
Қозғалыстың орындалуын түсіндіру және көрсету (доп бағытының сақталуына назар аудару қажет).
«Орныңды тап!» ойынын ұйымдастыру. Айналдыратын шеңберлерді қойып шығу. Ойынның тәртібін түсіндіру.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
Қорытынды кезең (Рефлексия).