ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Шеңберге тұруға шақырады.
«1, 2, 3 – аяғыңның ұшына қара! 4, 5 – басыңды жоғары көтер!
1, 2, 3 – досыңа қарай бұрыл,
– қолдарыңды екі жаққа созыңдар,
– досыңның арқасынан қақ!»
II. Негізгі кезең.
Көздің көру қабілетінің бұзылуының алдын алуға және көз бұлшық еттерінің жұмысын жандандыруға арналған жаттығулар.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Орманға барғанда»
Залдың бір шетіне аюдың апанының суреті салынады. Екінші жағына балалар тұратын үйдің сұлбасы салынады. Санамақтың көмегімен апанда отыратын аюды сайлап алады.
Сөздер айтылып болғаннан кейін аю «ақырады» және үйге қарай шашырай қашқан балаларды қуалайды.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қасқыр мен лақтар»
Алдымен қасқырдың рөлін сомдайтын ойыншыны таңдап алады. Қалған балалар лақтардың рөлін атқарады.
Дыбыстардың көмегімен орындалатын тыныс алу жаттығулары.
«Ашулы кірпі» (пф-фр деген дыбыстар шығарады) Жаттығулар бұлшық еттердің босауына, жүйке жүйесінің тұрақтануына ықпал етеді.
Қимыл-қозғалыс жаттығуы: «Күндіз бен түн»
Санамақтың көмегімен «Күндіз» бен «Түннің» рөлін атқаратын екі ойыншы таңдап алынады. Олар залға кезекпен жүгіріп шығады. «Күндіз» қыдырып жүргенде – балалар ойнайды, секіреді, жүгіреді. Ал, оның орнын «Түн» басқан кезде – бәрі тынышталып, ұйықтап қалады. Қозғалып кеткендер ойыннан шығады. Жүргізуші ұйықтамай, қозғалып тұрған балаларды ұстап алады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
Эмоциялық жүктемені төмендету
«Көтеріңкі көңіл күй» – көтеріңкі көңіл күйін қимылдар арқылы көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |