Денешынықтыру



бет115/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Күтілетін нәтиже:
жасайды: жапырақтарды пайдаланып жалпы дамытатын жаттығулар жасайды, жерге тігінен тасталған жіптің бойымен қолдарына жапырақ ұстап жүреді.
түсінеді: жапырақтардан гүлшоғын жасау жолдарын, жіптің үстімен жүрген кезде тепетеңдікті қалай сақтау керектігін, жұпты қалай құру керектігін біледі. қолданады: аяқтарды бірге қойып, аяқтың арасын ашып секіру, қолды бастан асырып шапалақтау, алақан мен тізені тіреп төрт аяқтап еңбектеу, аяқ-қолды үйлесімді қимылдату қабілетін.
Құралдар мен материалдар: күзгі жапырақтардың макеті, жапырақ салатын себет, жүруге арналған жіп – 2 дана, топтың жартысына жететін доп.
Билингвалды компонент: қолдарыңды алға соз – руки вперед, қолдарыңды қапталға соз – руки в стороны, қолдарыңды жоғары көтер – руки вверх, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларды әдемі жапырақтармен тағы да ойнауға шақырады.
II. Негізгі кезең.
Бір-бірден сапқа тұрып, тізелерін жоғары көтеріп жүреді, жүгіреді. Қолдарын әртүрлі қалыпта ұстайды.
Екі сапқа тұру. Жапырақтардың көмегімен жалпы дамытатын жаттығуларды орындау.
Сапта арақашықтықты сақтау. Қолды шынтақтан жазып, түзету.
Негізгі іс-қимылдарды орындайды:
Тігінен тасталған жіптің бойымен жүру. Қозғалысты орындау жолын түсіндіру, (бала көрсетеді) тепе-теңдік, дененің сұлулығын сақтауға назар аударту.
Қос аяқпен секіру – «аяқтарды бірге қойып, аяқтың арасын ашып» секіру, қолдарын бастан асырып шапалақтау – тапсырманың ырғақпен орындалуын, аяқ пен қолдың үйлесімді қимылдауына көңіл бөлу қажет (аяқтың арасын ашқанда – қолды қапталға қарай созамыз, аяқты қосқанда – қолымызды бастан асырып шапалақтаймыз).
Төрт аяқтап еңбектеу (6 метр қашықтыққа). Қозғалысты, қол мен аяқтың үйлесімділігін қамтамасыз ету. Қимылдардың орындалуын қадағалау.
«Лақтыр – қағып ал» ойынын ұйымдастырады:
Ойын тәртібін түсіндіреді. Жұптарды таңдауға, оларды залға арақашықтық сақтап, бірбіріне кедергі келтірмейтіндей етіп орналастыруға көмектеседі.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
Ойын: «Тыныштық». Тақпақ оқу, жаттығуларды орындау барысын қадағалау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет