Денешынықтыру


Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 9



бет116/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 9


Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Біз ойнағанды жақсы көреміз. (Таза ауада өткізу)
Мақсаты: Көтеріңкі заттың үстімен жүру, секіру дағдыларын қалыптастыру. Міндеттері: организмнің функционалдық мүмкіндіктерін арттыруға ықпал ету, демін ірікпей, еркін тыныстау қабілетін дамытуды жалғастыру. Ойынның шарттарына қарай шеңберге және сапқа тұру қабілетін нығайтуды жалғастыру. Биіктегі тіреуде жүрген кезде дене сымбатын сақтап, дұрыс жүру қабілетін қалыптастыру. Дене сымбатының бұзылуының алдын алу.
Алға қарай секіріп жылжыған кезде бір уақытта қос аяқтап серпіле секіру және жерге жартылай бүгілген аяқтың ұшымен түсу қабілетін нығайту.
Педагогтің айтқандарын тыңдау, оның көрсеткендерін мұқият ден қоюға үйрету, өз қимылдарын өзге балалармен келісіп жасауға үйрету. Ептілік, шапшаң әрекет ету қабілеті мен зейінін дамыту. Бір-біріне қайырымды болуға тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже:
жасайды: көздің көру қабілетінің бұзылуының алдын алуға және көз бұлшық еттерінің жұмысын жандандыруға арналған жаттығулар, гимнастикалық орындықтың үстімен текшелерден аттап жүру, эмоционалдық жүктемені төмендетуге арналған «Көтеріңкі көңіл күй» жаттығуы. түсінеді: көңілді ойындар көңіл күйді жақсартатынын, жүргенде дене сымбатын қалай сақтау керектігін, ойын кезінде алаңда қалай бағдарлау керектігін біледі, өзге балалармен үйлесімді қимыл жасау жолдарын біледі.
қолданады: ойын кезінде имитациялық қимылдарды, ойын ережесіне қарай сапқа, қатарға тұру, алға секірген кезде жерден екпінмен итерілу, кеңістікте бағдарлау қабілеттерін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет