№ 11 Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Түрлі түсті жалаулар Мақсаты: Секіру және еңбектеу дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:секіру жаттығуларын үйрету. Бір аяқ алда, екіншісі артта. Қолдарды шынайы қимылдатып, жеңіл әрі ритмге сай, саптан шықпай жүгіру. Қозғалыс бағытын сақтай отырып төрт аяқтап еңбектеуге үйретуді жалғастыру. Организмнің жалпы төзімділігін, үйлестіру қабілетін дамыту. Дүниеге жағымды көзқараспен қарауға тәрбиелеу, жинақылыққа баулу. Күтілетін нәтиже: жасайды: жалаушалармен жалпы дамытатын жаттығуларды орындау, жалау ұстап жүру, «бір аяқ алда, екіншісі артта» тәсілімен секіру.
түсінеді: шеңберге тасталған жалаушаларды айналып жүгіргенде педагогтің командаларын; педагогтің белгісі бойынша бір-біріне қарай еңбектеудің ізбе-ізділігін; ойын барысында тез арада қақпа «жасау» жолдарын (жұп құрауды, қолды жоғары көтеруді; ойын кезінде музыкаға үйлесімді қимылдауды. қолданады:бір-бірден тізбекте бағытын өзгертіп жүгіру, алақаны мен табанын тіреп еңбектеу қабілетін.