Құралдар мен материалдар: жүруге арналған жіп – 2 дана, балалар санына қарай доп, жалпы дамытатын жаттығуларға арналған жалауша – әр балаға 2 данадан.
Билингвалды компонент: жалаушаларды жоғары көтер – флажки вверх, жалаушаларды алға – флажки вперед, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ойынға арнап көгалдың үлгісін жасау.
Балаларды орманға серуенге шығып, көгалда ойнауға шақырады.
II. Негізгі кезең.
Бір-бірден тізбекке тұру. Сапта жүру, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру; тізбекте бірбірден жүру, тізені жоғары көтеріп, қолды әртүрлі қалыпта ұстап жүру.
Екі тізбекке сапқа тұру. Жалаушаларды пайдаланып жалпы дамытатын жаттығулар жасау. Сапта тиісті арақашықтық сақтау, жаттығулардың дәлдігін қамтамасыз ету.
Негізгі іс-қимылдарды ойын түрінде орындау:
Тігінен тасталған жіп бойымен жүру.
Ойын түріндегі жаттығу: «Жолмен жүріп өт».
Допты қалаған бағытта домалату.
Ойындық жағдай: үй иесі ұйықтап жатқанда (басына орамал тағады) мысықтар допты жан-жаққа домалатып ойнайды. Оянған кезде – марғаулар тоқтай қалады.
Ойын ұйымдастыру: «Секір-секір».
Сапқа тұруға көмектесу. Қимылдарды тақпақтың мәтініне сай ырғақпен орындау қажеттігіне назар аударту.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
Ойын түріндегі жаттығу «1-2-3–қайтала!», қимылдарды орындап көрсету. Еске салады: ойындар да денешынықтыруға жатады; ойнағанда балалар дамиды, шынығады.
Достарыңызбен бөлісу: |