Құралдар мен материалдар: жалпы дамытатын жаттығуларға арналған жалаушалар, әр балаға 2 данадан.
Билингвалды компонент: жалаушалар – флажки, жалаушалармен жасалатын жаттығулар – упражнения с флажками, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалардың назарын түрлі түсті жалаушаларға аударады. Жалаулармен ойнауға шақырады.
II. Негізгі кезең.
Бір-бірден тізбекке тұру. Қолға жалауша ұстап жүру – жалаушаларды қапталға, алға созады, жоғары көтереді, тізені жоғары көтеріп жүреді (тізбекте арақашықтықтың сақталуына мән беру қажет).
Шеңбер құрау.
Жалаулармен жалпы дамытатын жаттығулар жасау. Қолды түзу ұстау қажеттігіне назар аудару.
Негізгі іс-қимылдарды ойын түрінде орындау:
Бір-бірден Тізбекте жүгіру (шеңбермен айналып жүгіру, жалауларды айналып солға, оңға жүгіру, жалауларға жанаспай жеңіл, ырғақпен жүгіру).
Екі аяқтап секіру – қозғалыстың ырғақпен орындалуына назар аударады. Секірудің дұрыс орындалуын қадағалайды.
6 метр қашықтыққа Алақаны мен табанын тіреп еңбектеу.
Жұптасып жасалатын қимылды түсіндіру – алдымен бірінші қатар екіншісіне қарай еңбектеп жүреді және өз орнына қайтып оралады. Содан соң керісінше.
«Қақпа» ойынын ұйымдастыру. Ойын ережелерін еске салады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
Ойын түріндегі жаттығу: «Дұрыс көрсет»
Жүргізуші рөлін орындайды: «Көңіл күйің қандай?»
Достарыңызбен бөлісу: |