Денешынықтыру



бет199/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Құралдар мен материалдар: әр балаға 2 данадан гантель, орындық (биіктігі – 20 см) – 2 дана, топтың жартысына диаметрі – 20 см доптар, жол жасайтын таяқтар (сырықтар). Билингвалды компонент: гантели – гантель, қолды иыққа қою – руки к плечам, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалардың назарын жаңа спорт құралы – гантельге аудару. Мықты да епті, әкелері сияқты күшті болу үшін жаттығуға шақырады.
II. Негізгі кезең.
Қатарға тұру. Залдың бір шетінен қарсы бетіне қарай жүру, «шашырап» жүгіру, қатарға тұру.
Екі сапқа тұру. Гантельдердің (пластмассадан жасалған конструктор) көмегімен жалпы дамытатын жаттығулар жасау. Балалардың шынтақтарын бүкпей, қолдарын түзу ұстауына, мұрын арқылы демалуына назар аудару.
Негізгі қимылдарды орындау:
Қос параллель сызықтың ортасымен, қолын иығына қойып аяқтың ұшымен жүру (ені – 15 см, ұзындығы – 3 метр).
Денені тік ұстауына назар аудару.
Нұсқау: жолдан шығып кетпеуге тырысу қажет.
Билингвалды компонент: қолды иыққа қою – руки к плечам
Гимнастикалық орындық үстінде етпетінен жатып еңбектеу, қолдарымен тартылу. Орындықты қапталдан дұрыс ұстау тәсілін көрсету – бас бармақпен орындықтың үстінен, қалған төрт саусақпен астынан ұстау қажет.
Допты бір-біріне лақтыру және оны қос қолдап қағып алу. Нұсқау: допты қос қолдап басынан асыра лақтыру, серіктесінің қолына беру. Жаттығудың орындалу барысын қадағалау.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Тұлпар». Сиқырлы жүйрік жылқы – тұлпарлар жайлы әңгімелесу. Ойын ережелерін түсіндіру.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады.
Релаксация «Дала әуені» – эмоционалдық көңіл күйді қалпына келтіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет