Білім беру саласы: Денсаулық. Таным Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Біздің шағын стадион
Мақсаты:Көз мөлшерін дамыту, салауатты өмір салты машықтарын қалыптастыру. Міндеттері:биікте жүрген кезде денені тік ұстап, дене сымбатын сақтау қабілетін жетілдіруді жалғастырамыз. Дененің дұрыс қалпын сақтап, қолдың көмегімен тартылу қабілетін нығайту, организмнің жалпы төзімділігін дамыту, күшін арттыру. Балалардың санасына салауатты өмір сүру дағдысын сіңіруге ықпал ету. Күтілетін нәтиже: жасайды: гантельдермен жалпы дамытатын жаттығуларды орындайды, жүгіргеннен кейін демін қалпына келтіреді, өз-өзіне массаж жасайды.
түсінеді: стадионның қандай мақсаттарда пайдаланылатынын, етпетінен жатып орындық үстімен еңбектегенде бастапқы қалыптың қандай болуы керектігін, орындықты қапталынан қалай ұстайтынын. қолданады: заттарды аттап өту арқылы орындықтың үстімен жүру, денені тартып еңбектеу, бір минутта баяу екпінмен жүгіру қабілетін.