№ 47 Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет
Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Қуыршақтар дүкені
Мақсаты: Қозғалысты мәнерлеп орындау дағдыларын ырғаққа үйрету.
Міндеттері: биікте жүрген кезде тепе-теңдік пен дене сымбатын сақтап заттарды аттап өтуге жаттықтыруды әрі қарай жалғастырамыз. Допты еденге тігінен лақтырып, жерге тиіп секіргеннен кейін қос қолдап қағып алуды үйрету. Педагогтің айтқандарын тыңдау, оның көрсеткендерін мұқият ден қоюға үйрету, өз қимылдарын өзге балалармен келісіп жасауға үйрету, қозғалыстарды орындау ізбе-ізділігі мен тәртібін сақтау. Күтілетін нәтиже: жасайды: текшемен жалпы дамытатын жаттығуларды орындайды, допты еденге лақтыру және қос қолдап қағып алу жаттығуларын, ойындағы рөлдерді орындайды.
түсінеді: қозғалыс бағытын қалай сақтау керектігін; денені қалай тік ұстап, тепе-теңдікті қалай сақтау керектігін, допты дұрыс ұстау керектігін біледі. қолданады:бір-бірден тізбекке тұру, «шашырап» жүру, биікте жүру, аласа заттардан аттап өткен кезде тізені жоғары көтеру қабілетін.