Денешынықтыру



бет201/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Күтілетін нәтиже:
жасайды: мұзды жолмен сырғанауды.
түсінеді: сырғанау кезінде тепе-теңдікті сақтау, өз қимылдарын өзге балалармен үйлесімді жасау керектігін, допты екінші баланың қолына дәлдеп беру керектігін; ұзындыққа секіргенде қолды күшпен сермеу қажеттігін. қолданады: мәтінге сай қимылдар жасау; жұбын шапшаң табу, еденнен бір уақытта қос аяқтап екпінмен итерілу қабілетін.
Құралдар мен материалдар: балалар санына қарай иглболдар, топтың жартысына жететін доп, ұзындыққа секіру үшін «бұлақ» жасауға арналған мата жолақтары.
Денсаулық сақтау технологиялары: қолдың ұсақ моторикасын дамыту және балалардың иммунитетін дамыту үшін иглболдармен өз-өзіне массаж жасау ойыны, тыныс алу гимнастикасы.
Билингвалды компонент: тентек қонжықтар – озорные медвежата, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Ойындық сәт:
«Айнал, досым, аюға айнал. Балалар енді сендер тентек аюға айналдыңдар».
II. Негізгі кезең.
Ойын түріндегі жаттығуларды орындауға шақырады.

  • Сапта бір-бірлеп, табанның сыртқы жағымен жүру.

  • Аяқтарын жоғары көтеріп жүру.

  • Бір-бірінің соңынан ақырын жүгіру.

  • Іштерін сипалайды.

  • Тыныс алу гимнастикасы: (мәтінге сәйкес орындалады). Ойын түріндегі жаттығу: «Өз жұбыңды тап!».

Негізгі қимылдарды ойын түрінде орындау:
Педагог алаңның бір жағынан қарама-қарсы жағына ауысуларын ұсынады. Бұл үшін әрқайсысы сызықтан секіріп өтулері керек.
«Кедергіден секіріп өт».
Допты бір-біріне бастан асыру тәсілімен лақтыру.
Жаттығудың дұрыс орындалуына, лақтыру күшіне, қолды жазып күшпен лақтыруға назар аударады.
«Бұлақтан секіріп өт»
Бір орында тұрып ұзындыққа секіру.
Нұсқау: жерге түскенде аяқты жартылай бүгіп, аяқтың ұшымен түсу қажет.
Ойыншық кірпімен (иглболмен) жасалатын массаж: «Кірпі».

  1. Қолдың басын уқалау.

  2. Оң және сол қолды уқалау.

  3. Кеудесін уқалау.

  4. Арқаны уқалау.

  5. Аяқты уқалау.

  6. Табанды уқалау.

Тыныс алу гимнастикасы: «Қонжықтар»
«Қонжықтар ұйықтап жатыр…»
«Қонжықтар оянды, керіліп, екінші бүйіріне ауысып жатты».
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады. Әрдайым дос, тату, қайырымды болу керектігін, бір-бірін ренжітуге болмайтынын айтады. Психофизикалық жаттығу: «Қолымызды ұстайық».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет