Тыныс алу гимнастикасы: «Ха». Ауаны сыртқа шығарамыз.
Ауаны ысқырған дыбыс шығару арқылы ауыздан шығарады («с» дыбысын айтқандағы сияқты). Шығып жатқан ауаға тілімен кедергі келтіреді.
Негізгі қимылдарды орындау.
Ойын жаттығуы: «Кім мерген?» (8 рет) Қарды нысанаға оң және сол қолмен лақтыру. Қар үйіндісінің жоғары жағына педагог текшелерді қояды. Балалар 2 метр қашықтықтан оған қарды тигізуге тырысады.
Ойын түріндегі жаттығу: «Лақтыр-қағып ал».
Еске салу: допты алдына шығарып ұстайды және алға-жоғары лақтырады, ұстағанда саусақтарының арасын ашып тұрады.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қуыспақ» Спорттық жаттығулар – бір-бірін шанамен сырғанату.
Педагог сүйреген кезде қолды ауыстыруға – шананы бірде оң, бірде сол қолмен ауыстыруға, денені алға қарай еңкейтуге баса назар аударады.
Табанды шынықтыратын массаж.
Табанын саусақтарымен өкшеден башпайларға қарай «тырмалайды».
Бас бармақтың ұшымен табанның орта шамасындағы шынықтыратын нүктені сипалайды.
Табанды башпайлардан тобыққа дейін сипалайды.
Бойды бос жіберіп отырады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия). ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады. Ойыншықтарды күтіп ұстау қажеттігін ескертеді. Релаксация: «Сынған қуыршақ». Балалардың дұрыс тыныстауына назар аударады. Қуыршақтарды қайтадан балаларға айналдырады.