Денешынықтыру


Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 50



бет212/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454
2 5339429971460884071, 2 5404868312226072430

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 50


Білім беру саласы: Денсаулық. Коммуникация Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Құртақанмен ойнаймыз
Мақсаты: Жұппен бір-біріне доп лақтыру, ойын жаттығулары арқылы ұзындыққа секіру дағдыларын бекіту.
Міндеттері: шаңғыны киюге және шешуге, дайындық жаттығуларын орындауға үйрету. Арақашықтығы 2 метрлік қос қатарда тұрып, қолдарын жоғары көтеру әдісімен бір-біріне доп лақтырып ойнауға үйрету. Допты лақтыру күші мен қатарлар арасындағы қашықтықты сәйкестендіру. Қолдармен төменге және алға оқыс қимылдар жасау қабілетін жетілдіруді жалғастыру, бір орында тұрып ұзындыққа секірген кезде қос аяқты бірдей екпінмен алға шығарып, жерге түскенде тізені аздап бүгуге үйрету; көзбен мөлшерлеу қабілетін дамыту, зейінділікке, жылдам әрекет етуге баулу. Педагогтің айтқандарын асықпай мұқият тыңдау қабілетін қалыптастыруды жалғастырамыз; өзгелермен дос болуға, төңірегін жылы, жағымды қабылдауға үйрету. Күтілетін нәтиже: жасайды: бұрымды пайдаланып жалпы дамытатын жаттығуларды, ойындағы рөлдерді орындайды, 2 метр қашықтықта тұрып, бір-біріне допты қос қолдап лақтыру тәсілдерін. түсінеді: өз қимылдарын музыканың ауанымен үйлестіріп жасау қажеттігін, допты қарсы тұрған балаға лақтыру керектігін; ұзындыққа секірген кезде қолды екпінмен серпу қажеттігін.
қолданады: жүріп келе жатқанда себеттен доп алу (оң немесе сол қолмен) қабілетін, еденнен екі аяқпен бір уақытта екпінмен итерулі қабілеті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет