Денешынықтыру



бет213/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Құралдар мен материалдар: бұрым (бала санына қарай), доп (топтың жартысына жететіндей), ұзындыққа секіру үшін «бұлақ» жасауға арналған мата жолақтары. Билингвалды компонент: допты бір-біріңе лақтырыңдар – бросайте мяч друг другу, допты қолына лақтырыңдар – бросайте мяч в руки, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ойындық сәт: Құртақан қонаққа келді.
Құртақан балалармен амандасады.
II. Негізгі кезең.
Ойын: «Алыптар мен құртақандар».
Бұрымдармен жалпы дамытатын жаттығуларды орындау. Жаттығулардың дұрыс әрі әдемі етіп орындалуына назар аударады.
Негізгі қимылдарды ойын түрінде орындау.
Допты бастан асыру әдісімен лақтыру.
Ойын түріндегі жаттығу: «Өз жұбыңды тап». Қолды жазып, күшпен лақтыру қажеттігіне назар аударту.
Бір орында тұрып ұзындыққа секіру.
Ойын түріндегі жаттығу: «Бұлақтан секіріп өту».
Нұсқау: екі аяқпен екпінмен итерілу және алға шығару, аяқты жартылай бүгіп, аяқтың ұшымен түсу. Мата жолақтарының көмегімен бұлақ үлгісін жасау.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Қоймадағы тышқандар».
Қоймада жүгіріп жүрген тышқандардың қимылына назар аударады (аяқтың ұшымен, ақырын жүгіру).
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады. Үнемі бір-бірімен дос, тату, қайырымды болу қажеттігін, өзгелерді ренжітпеу керектігін айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет