II. Негізгі кезең. Доппен жасалатын түзеу жаттығулары: қолына доп ұстап жүру (оң қолына), аяқтың ұшымен жүру – допты басынан асыра көтеріп ұстайды, өкшемен жүру – допты алдына шығарып ұстайды (музыканың ырғағымен).
Шеңбер құрап тұру. Доппен жалпы дамытатын жаттығуларды орындау.
Жаттығулардың ырғақпен орындалуына назар аударады.
Ойын түріндегі жаттығуды ұйымдастырады: «Доппен фигура жаса».
Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындау.
Түрегеп тұрған күйі допты екі қолмен бастан асырып лақтыру. Екі қатарға тұру. Түсіндіру және көрсету – доптың ұшы траекториясы қолды екпінмен түзеуге тікелей байланысты.
Еденде бүйірімен тұрған сатының тепкішектерінің арасымен еңбектеу. Нұсқау: бала өзіне қарсы тұрған терезеге қарай еңбектейді, өзге балаларға кедергі келтірмеуі тиіс. Бір сапқа тұру.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Жапалақ».
Ойын тәртібін түсіндіреді. Жапалақтың көзі нашар көретінін, бірақ кішкентай сыбдырдың өзін жақсы еститін жыртқыш құс екенін балалардың есіне салады. Санамақтың көмегімен жапалақты таңдап алады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді. III. Қорытынды кезең (Рефлексия). ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады. Балаларды ата-аналарымен бірге дене тәрбиесімен айналысуға жетелейді. Ойын түріндегі жаттығу: «Шеңбердегі би».