Денешынықтыру



бет237/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

II. Негізгі кезең.
Ойын түріндегі жаттығу: «Кiм зейінді?»: тәрбиеленушілер бір-бірден тізбекке тұрады. Алдымен «шашырап» жүреді, сосын «шашырап» жүгіреді де, педагогтің жанына бірбірден тізбекке тұрады.
Балалар қозғалыс кезінде бір-біріне соқтығыспауға тырысады.
Ойын түріндегі гимнастика жасау:
Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындау.
Еденде жатқан қырлы тақтайдың үстімен жүру.
Қырлы тақтайдың үстімен жүрген кезде денені түзу ұстау, аяқты өкшеден басып, аяқтың ұшына ауыстыруға назар аудару.
Еденде жатқан тақтайдың үстімен қос аяқтап секіру. Қимылдарды ізбе-із орындау тәртібін түсіндіру және көрсету. Тәрбиеленушілер еденге қойылған тақтайшаның үстімен қатарынан бірнеше рет секіріп өтеді. Аяқтарының ұшымен түседі. Тынысты тоқтатпай жеңіл түсуге тырысады. Тақтайдың шетіне шықпайды.
Еденде бүйірімен тұрған сатының тепкішектерінің арасымен еңбектеу. Ойын түріндегі жаттығу: «Маған қарай еңбекте!»: алақаны мен тізесін тіреп төрт аяқтап еңбектеу, баспалдақ тепкішектерінің арасындағы саңылауға қарай еңбектеу, белгіленген сызыққа дейін еңбектеп, қатарға тұру.
Тәрбиеленушілер тізбекке тұрады, төрт адамнан жаттығу жасайды. Қозғалыс басталған сызыққа жақындайды, алақаны мен тізелерімен тіреп, төрттағандап еңбектейді, баспалдақтың керме ағаштары арасымен еңбектейді.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Орныңды тап!».
Тақтайларды залдың периметрі бойынша орналастырып шығады. Балаларды орын таңдауға шақырады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
Педагог қорытындылайды, балаларды мадақтайды. Тәрбиеленушілерге қай тапсырманың ең қиын болғаны туралы әңгімелеп беруді ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет