Денешынықтыру



бет239/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Құралдар мен материалдар: доптаяқтар, шайбалар, диаметрі 70 см – темір құрсаулар – 10 дана.
Денсаулық сақтау технологиялары: саусақтардың ұсақ бұлшық еттерін дамыту және балалардың иммунитетін көтеру үшін, физикалық және ақыл-ой қабілетін дамыту үшін қолды, саусақтарды уқалау (су-джок шариктері мен созылмалы сақина).
Билингвалды компонент: саусақтар – пальцы, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз

ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Педагог доптаяқтар мен шайбаларға назарларын аударады. Тәрбиеленушілерге доптаяқтар мен шайбаларды қарап көруді ұсынады. Шайбалы хоккейге арналған доптаяқ

  • шайбалы хоккейде шайбаны соғуға, пас беруге және шайбаны алып жүруге қолданылатын спорттық снаряд. Имек – доптаяқтың шайбамен жанасатын бөлігі. Мұзда қозғалған кезде, ойын кезінде қауіпсіздік техникасына баса назар аударады.

II. Негізгі кезең.
Бір-бірден тізбекке тұру, өкшемен жүру, қолды әртүрлі қалыпта ұстау – жоғары көтеру, қапталға созу, иыққа қою, алға созу.
Заттардың көмегімен жаттығулар жасайды.
Мынау – Су-Джок шаригі. Ол алуан түсті. Оны алақанға салып домалатамыз. Шарикті оң қолмен айналдырамыз. Енді сол қолмен айналдырамыз. Оны әрбір саусақтармен қатты басамыз.
Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындау.
Алақан мен табанды тіреп, көлбеу тақтайдың үстімен өрмелеу, қолға арналған түрлі тапсырмаларды орындап жүру.
Шайбаны тура бағытта алып жүру ( 6 рет).
Тәрбиеленушілерге шайбаны доптаяқпен алаңның қарама-қарсы бөлігіне алып жүруді ұсынады.
Нұсқау – доптаяқты имегінің төменгі қыры алаңның бетіне толықтай тиіп тұратындай етіп алып жүру керек.
Доптаяқты екі қолмен дұрыс ұстау – бір қолымен таяқтың ұшынан жоғарыдан қармап ұстау, ал екінші қолымен (мықты) сәл төменірек – астынан қармап ұстау (сонымен шайбаны бағыттайды) білігіне назар аударады.
Шеңберден-шеңберге секіру (екі қатарға бес шеңберден қойылады).
Нұсқау: қимылдарды қауіпсіз орындау қажет, бір шеңберге бір ғана бала тұруы тиіс. Тәрбиеленушілер қозғалыс басталған сызықтың жанында екі тізбек болып тұрады. Құрсаудан-құрсауға секіреді, қолдары мен аяқтарының қимылдарын үйлестіруге тырысады, жүйелі түрде секіреді. Жартылай бүгілген аяғының ұшымен жерге түседі. Орындағаннан кейін тізбектің соңына барып тұрады.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Орныңды тап!». Құрсауларды залға өз қалауынша қойып шығады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, балаларды ынталандырады. Саусақтарға арналған гимнастика.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет